ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

27/09/2025
Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында 25-26 қыркүйек күндері ұлы композитор әрі ойшыл Узеира Гаджибейлидің 140 жылдығына арналған «Ашуг Алескерден Узеира Гаджибейлиге дейін: түркі дүниесінің мәдени кодтары» атты халықаралық симпозиум өтті. Іс-шара Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, сондай-ақ Әзербайжан ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
24/09/2025
2025 жылғы 24 қыркүйек күні Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтерінде маңызды ғылыми-мәдени кездесу өтті. Басқосу барысында түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын насихаттауға, ғылыми ынтымақтастықты арттыруға бағытталған өзекті мәселелер сөз болды.
25/09/2025
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы дәстүрлі «Әуезов оқулары» аясында «Мұхтар Омарханұлы Әуезов және абайтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Бұл игілікті шара қазақ әдебиеттануы мен руханият тарихындағы ірі тұлға – Мұхтар Әуезовтің туғанына 128 жыл толуына арналды. Конференцияға Қазақстаннан бөлек алыс және таяу шетелдердің жетекші ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары мен жас ізденушілері қатысты. Ғылыми басқосудың басты мақсаты – Мұхтар Әуезовтің мол шығармашылық мұрасын жан-жақты зерделеп, абайтану ғылымының бүгінгі өзекті мәселелерін талдау, сонымен қатар ұлттық руханияттағы тарихи сабақтастық пен ғылыми дәстүрді дамыту болды.
09/09/2025
8 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы еліміздің бүгінгі буырқанған замандағы ел дамуының тағдыршешті мәселелерін кеңінен қозғады. Жасанды интеллектіні дамыту, шағын және орта бизнеске жағдай жасау, ғылымға бөлінген қаржыны тиімді жұмсау, инфрақұрылымды жақсарту сияқты аса өзекті мәселелер қазіргі қоғамның ахуалын ғана көрсетіп қоймайды, олар еліміздің ертеңі үшін темірқазық болатын бағдарламалық мәнге ие. Қазіргі зымыран уақытта жасанды интеллектінің жалына жармасып, цифрлық технологияны ауыздықтап бәсекеге түспесек, түбегейлі реформаларды жүзеге асырып, бағдарымызды нық айқындап алмасақ, әлемдік өркениет шаңына ілесе алмай қалуымыз әбден мүмкін. Президент өз Жолдауында міне осындай көкейтесті мәселелерді қоғам талқысына ұсынды.

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану

Соңғы жарық көрген кітаптар