ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезовтің
мәдени мұрасы

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА

Мұхтар Омарханұлы ӘУЕЗОВ
(1897–1961)

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Әуезов шығармашылығын зерделеу және насихаттау

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен бірлесіп 2009 жылы шығарған «М.О.Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш» кітабында Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қайраткер, публицист және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 1 роман-эпопеясы, 4 романы, 5 повесті, 25 әңгімесі, 16 очеркі,   32 пьеса, либретто мен сценарийлері, 11 аудармасы және 154 зерттеу еңбектері мен мақалалары көрсетілген. Сонымен қатар М.О.Әуезов жариялаған әдеби нұсқалар және оның қатысуымен шыққан 13 еңбекке, 6 сөйлеген сөздері мен баяндамаларына және 9 хаты мен өмірбаяндық материалына сілтеме беріледі.

2022 жылы қоғам және өнер қайраткері Мұхтар Омарханұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 55 томдық академиялық жинағын жарыққа шығару қолға алынды.
Таңдамалы еңбектері 5 том кітап болып жарық көрді.
Жазушы шығармаларының 20 томдық жинағы 1979-1985 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген еді. 
Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармаларының толық жинағы 2014 жылы Әдебиет және өнер институтының әзірлеуімен кітап болып басылған.

Мұхтар Әуезов шығармаларының академиялық толық жинағы
55 томдық
Алматы, 2022

Мұхтар Әуезов
таңдамалы шығармалары
Бес томдық
Алматы, 2022

Мұхтар Әуезов
шығармаларының толық жинағы
50 томдық
Алматы, 2014

Мұхтар Әуезов
шығармалары
20 томдық
Алматы, 1979-1985