Түркі халықтарының фольклорлық мұрасы
Қазақ батырлық жырлары
Әуезов институтының Алтын қорында әр жылдары жинақталған батырлық жырлардың үлкен топтамасы сақталған. Мамандар оны өңдеп, бір ізге түсіріп, талапқа сай жариялаумен жүйелі түрде айналысады. Ғалымдар мен зерттеушілер олардың ерекшеліктеріне баға беріп, ғылыми айналымға түсіреді.
Осы құнды нұсқалардың негізінде көпшілікке арналған баспа кітаптары мен жинақтары жарыққа шығып жатады, халық иігілігіне жаратылады. Бұл кейінгі ұрпақ үшін де бағалы мұра, сарқылмас қазына болып табылады.
Қамбар батыр
Ер Едіге батыр
Ерсайын батыр
Ер Тарғын батыр
«Қырымның қырық батыры»
«Қырымның қырық батыры» эпопеясы — XIV — XVII ғасыр арасындағы Алтын Орда мен Ноғай ордасында орын алған тарихи оқиғаларды суреттейді.
Эпопея 41 батырдың ерлігін суреттейтін 36 жырдан тұрады. 1942 жылы Алматы қаласында атақты Мұрын жырау Сеңгірбекұлынан (Тілеген Сеңгірбекұлы) жазылып алынған.
Эпопеяны шартты түрде үш тармаққа бөлуге болады. Олар: «Аңшыбай батырдың ұрпақтары», «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары», «Жеке батырлар».