ҚҰРЫЛЫМЫ
БӨЛІМДЕРІ
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті
Меңгерушісі – Серікқазы Сыбанбайұлы ҚОРАБАЙ, ф.ғ.к., доцент
Бейнелеу өнері
Меңгерушісі – Д.С.Шарипова, өнертану кандидаты, доцент
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация
Меңгерушісі – Төрәлі Еділбайұлы ҚЫДЫР, ф.ғ.к., доцент
«М.О.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі» ғылыми зерттеу
Директоры – Диар Асқарұлы ҚОНАЕВ
Музыкатану
Меңгерушісі – Айнұр Жасанбергенқызы ҚАЗТУҒАНОВА, өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор
Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика
Меңгерушісі – Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОРДА, ф.ғ.д., профессор
Театртану және кино
Меңгерушісі – Аманкелді Оразбайұлы МҰҚАН, ф.ғ.к., доцент
Фольклортану
Меңгерушісі – Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ, ф.ғ.д., профессор
Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті
Меңгерушісі – Светлана Викторовна АНАНЬЕВА, ф.ғ.к., доцент
«Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімі
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын, абайтану мәселелерін зерттеумен айналысады. Бөлім алғаш 1944 жылы М.О. Әуезовтің жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл және әдебиет институты жанынан құрылған. Алғашқы жылдары бөлімде М.Әуезов, М.С.Сильченко, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Қ.Мұхамедханов, Ж.Ысмағұлов және т.б. көрнекті ғалымдар еңбек етті.
1951 жылы 15 маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар Одағының бірлесуімен «Абайдың әдеби мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыс» өтіп, нәтижесінде Абай шығармалары тарихи шындыққа қайшы келетін, ойдан шығарылған, жалған, зиянды концепция ретінде тұжырымдалатын арнайы қаулы қабылданды. Соның салдарынан М.Әуезов қудалауға ұшырап, республикадан тыс жерге кетуге мәжбүр болса, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Мұхамедханов және т.б. ғалымдар ұзақ мерзімге сотталды. Осыдан кейін абайтану бөлімі жабылып, Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейі ретінде ғана қызметін жалғастырды. Алайда мұндай негізсіз айыптаулар абайтанушы ғалымдарды сынағанмен, Абайдың ақындық талантын жоққа шығара алмады. 1954 жылы ұлы ақынның қайтыс болуының 50 жылдығы кеңінен аталып өтіп, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жарияланды. 1954 және 1957 жылдары М.Әуезовтің тікелей басшылығымен ақын шығармаларының текстологиясы жаңаша қаралып, ғылыми түсініктері толықтырылған Абай шығармаларының екі томдық жаңа жинақтары басылып шықты.
Абайтану бөлімі кейіннен 1961-1976 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол. ғ. д., проф. Ы.Т. Дүйсенбаевтың, 1976-86 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол. ғ. д., проф. Ә.Ж. Дербісәлиннің, филол. ғ. д., проф. М.Мырзахметұлының басқарумен қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің құрамында жұмысын жалғастырады.
Бөлімде әр жылдары әдебиет тарихы мен Абай шығармашылығының алуан қырын қарастырған ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдеріндегі М.Әуезов пен Б.Кенжебаев бірігіп жазған «Абай – қазақтың ұлы ақыны (1845-1945)», М.Сильченконың «Абай» кітапшалары, М.Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Кунанбаев (1849-1904)» атты орыс тіліндегі көлемді еңбегі, сондай-ақ, ғылыми журналдар мен республикалық баспасөз бетінде жарияланған М.Сильченконың «Прославленный казахский просветитель, поэт Абай Кунанбаев», Б.Кенжебаевтың «Абайдың қарасөздері», Е.Ысмайыловтың «Абай өлеңдерінің сұлулық әуезділік ерекшеліктері», «Абайдың өлең құрылысы туралы», «Абайдың көркемсөз шеберліктері туралы» зерттеу мақалалары мен 1945 ж. Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында С.Мұқановтың редакциясымен Абайдың академиялық толық жинағы, Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» монографиясы (1948), Ә.Жиреншиннің «Абай и его русские друзья» (1949), Абайдың екі томдық академиялық жаңа басылымы (1977), т.б. құнды зерттеулер жарық көрді.
Дегенмен абайтану ғылымы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана кеңестік идеология ұстанған қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, ғылыми өрісін еркін кеңейтуге мүмкіндік алды. Еліміздегі қайта құру кезеңі басталған тұста институт директоры болған филол. ғ. д., проф. Ш.Елеукенов қазақ әдебиетінің тарихы бөлімін Абайтану және қазақ әдебиеті тарихы бөлімі етіп қайта ашты. 1987-1998 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол.ғ.д., проф. Ш.Қ.Сәтбаева жетекшілік етіп, абайтанудың өзекті мәселелеріне байланысты біршама жұмыстар атқарылды.
Академик С.Қасқабасов институт басшылығына келген 2001ж. күзінен бастап ғалымның бастамасымен бөлімнің атауы Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті болып өзгертілді. Бөлімді 2001-2002 жж. ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ. д., проф. З.Ахметов басқарды. 2003-2006 жж. бөлімге жетекшілік еткен филол. ғ. д., проф. А.Қ.Егеубаев абайтану мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» Абай дәуіріне арналған 4,5,6-томдарын жаңа тұрғыда жазу ісіне басшылық етті. 2007-2010 жж. бөлімге басшылық еткен білікті ғалым, филол. ғ. д., проф. Ж.Ысмағұлов абайтануға байланысты ауқымды шараларды жүзеге асыруды жалғастырды. Бөлімде әр жылдары К.Шәменов, Ғ.Әбетов, Ө.Есназаров, Ж.Тілепов, Ш.Сариев, Ж.Шойынбетов, Қ.Раев, С.Қорабай, Абайдың 1995ж. екі томдығын дайындауға қатысқан Б.Байғалиев, С.Қасымбеков, Қазақ әдебиеті тарихының он томдығын дайындауға қатысқан Т.Әлбеков, А.Сейітова, Т.Берікболов, С.Қамшыгер, т.б. ғалымдар жұмыс істеген.
Қазіргі таңда бөлімде ф.ғ.д., проф. Қ.Қ. Мәдібай, филол.ғ.кандидаты Т.М.Шапай, ғылыми қызметкерлер – PhD докторант А.Н.Жұматаева, магистрлер Б.Т.Арықбаев, Н.Ж.Мағазбеков сынды жас ғалымдар еңбек етуде.
Бүгінде абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі мақсатты-бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында «Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды», «Абай өлеңдері мен поэмаларының текстологиясы: ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ақын шығармаларының қолжазба нұсқалары мен басылымдарын салыстырмалы талдау» т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Сонымен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай үштомдық Абай шығармаларының академиялық жинағын дайындап шығарды.
«Бейнелеу өнері» бөлімі
Бөлімнің ғылыми қызығушылықтары – қазіргі заманғы ғылыми стратегиялар мен әлемдік көркем процестің жалпы бағыттары контекстінде отандық өнер мен архитектураны кешенді зерттеу болып табылады.
Қазіргі таңда өнертану кандидаты Д.С.Шарипованың жетекшілік етуімен бейнелеу өнері бөлімінде А.Б. Кенджакулова, Ж.А. Ақсақалова, М.М. Келсінбек сынды жас мамандар қызмет атқаруда.
Қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерінің бірі, академик А.Қ.Жұбановтың еңбегінің нәтижесінде Қазақ КСР-ның ҒА өнертану секторы ашылды. Секторға 1950 жылдан бастап өнертану ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Б.Г.Ерзакович жетекшілік етті. Ал 1961 жылы театртану және бейнелеу өнері бөлімі ретінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрамына енді.
Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі қызметін 1971-1990 жылдары өнертану ғылымдарының кандидаты Г.А.Сарықұлова, 1992-1995 жылдар аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚазБСҚА академигі Ш.Е.Уәлиханов, 1995-2017 жылдары профессор, өнертану докторы Р.Ә.Ергалиева атқарып келді.
Соңғы он жылдықта «Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері» (3, 4 тараулары, 2004-2008), «Қазақстанның бейнелеу өнері. Тәуелсіздік кезеңі» (2009), «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» (3,6,9-кітаптар 2010-2011), «Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі тәуелсіздік идеясы» (2011), «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» (2010, 2013 қайта басылып шығарылды), «Мәдени полилог: Қазақстанның диаспораларының бейнелеу өнері» (2014), «Шетелде қазақтардың өнері» (2014), «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның көркемдік мәдениетіндегі өнердің синтезі» (2017), «Қазақ ою-өрнектері: Қазақстанның ғасыраралық бейнелеу өнерінің интерпретациясы мен спецификасы», «Қазақстан бейнелеу өнерінің әлемдік көркемдік үдеріс мәнмәтініндегі келбеті» (2017), «Мәдени жады Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері мен сәулетіндегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының рухани ресурсы ретінде» (2022), «Қазақстанның бейнелеу өнері рухани жаңару контекстінде» (2022) атты ғылыми жобалар бойынша жұмыстар атқарды.
Қазіргі таңда бөлімнің ғылыми қызметкерлері «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның бейнелеу өнері мен сәулеті: дәуір стилі және дәстүр сабақтастығы», «Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі интермедиализм феномені. Теориялық негіздер және көркемдік тәжірибелер», «Уақыт және мәдени кеңістіктегі мәдени құндылықтар транзиті» атты ауқымды жобалар аясында зерттеу жүргізуде. Барлық жобалар ұлттық сана-сезім мен тарихи жадыны жаңғырту үдерісіндегі отандық өнердің рөлі мен маңызын зерттеу мен анықтауға, Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық өнерді дамытуға, Қазақстанның қазіргі заманғы өнеріндегі интермедиялық жанрларды кешенді зерттеуге бағытталған.
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі
1990 жылы 1 тамызда Қазақстан Үкіметінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанынан «Қолжазба және мәтінтану» ғылыми орталығын ашу туралы» арнайы қаулысы қабылданды. Бұл ғылыми орталық Қазақстан тарихында тұңғыш рет ашылған ескі қолжазбалар мен литографиялық кітаптарды зерттеумен айналысатын бірден-бір мамандандырылған ғылыми құрылым болды.
Қолжазба бөлімінің негізгі қоры 500000-нан астам атаудан тұратын 1500-дей бумада жинақталған қазақ, шығыс тілдеріндегі (араб, парсы, татар т.б.) ескі қолжазбалар және XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жарық көрген қазақ мәдениеті мен тарихына қатысты литографиялық кітаптар, сондай-ақ 700-ге жуық аудиотаспа мен микрофильм, микрофишалар құрайды.
Бөлім ғалымдары 200-ден астам ғылыми басылым мен 50-ге жуық зерттеу, монография жариялады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлім қызметкерлері дайындаған «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясы әлемде теңдессіз құбылыс ретінде бағаланды.
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Қолжазба бөлімі 1962 жылы ашылды. Бұл бөлімді әр жылдары белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалымдар: Кеңес Одағының батыры, КСРО Педагогика ҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Ғабдуллин, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар: М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов, О. Нұрмағамбетова, Ш. Ыбыраев, А. Сейдімбек, Ж. Тілепов, Б. Әзібаева, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Қасқабасов, филология ғылымдарының кандидаттары: С. Сейітов, Ү. Субханбердина, С. Қосанов, Т. Әлбеков, Т. Қыдыр басқарды. Бүгінде бөлімді филология ғылымдарының кандидаты Ж. Рақыш басқарып келеді.
Бөлім құрылғаннан бері отандық ғылым тарихына елеулі үлес қосып келеді. Бөлім қызметкерлері ғылыми монографиялар мен зерттеу еңбектерін, көптомдықтар мен жинақтар жариялады, атап айтқанда «Қазақ әдебиетінің тарихы» көптомдығы (1959-1962), «Батырлар жырының» үш томдық ғылыми басылымы (1961-1964), «Айтыс» үштомдығы (1965), «Ертегілер» үштомдығы (1959-1963), «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» он үш томдығы (1975-2022), «Қазақ әдебиеті, сыны мен өнері (1961-1964)» төрт томдық (1996), қазақ фольклоры мен фольклортануына арналған (2005, 2009) библиографиялық көрсеткіштер, «Қазақ халық әдебиеті» он жеті томдығы (1986-1996), «Бабалар сөзі» көптомдығының жеті томы (2002), Сүйінбай Аронұлы (2015), «Қожа Ахмет хикметтері» (2020) басылым көрді.
«Дала фольклоры антологиясының» он томдық басылымы (2019-2020), «Казахский эпос» (2010), жүзтомдық «Бабалар сөзі» басылымының мазмұндалған анықтамалығы (2022) жарық көрді.
Бөлім қызметкерлері қазақ әдебиеті мен өнерінің аса көрнекті өкілдері шығармаларының академиялық толық жинағын даярлауға қатысуда, Абай (2020), Жамбыл (2021), Ахмет (2022) шығармаларының үш томдық академиялық толық жинақтары жарық көрді. Мағжан мен Шәкәрім шығармаларының академиялық басылымы дайындалуда.
«Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «Фольклор мәтінтануы: өткені мен бүгіні», «Тәуелсіздік идеясын жырлайтын эпостық жырлардың қолжазба нұсқалары» (2011), «Тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көркем шығармалардың текстологиясы» (2012), «Халық әдебиеті үлгілері мен Абай шығармаларының текстологиясы» , «Фольклорлық мұралар: жиналу, жариялану тарихы» (2014), «Халық әдебиетіндегі тарих көріністері» 2 томдық (2016), «Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері» (2017), «Қазақ фольклортануының тарихы: ХVІІІ-ХХІ ғасырдың басы» (2017), «Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі» (2020), «Қазақ текстологиясы: негізгі мәтін мен авторды анықтау (атрибуция) мәселелері» (2022), «Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздері» (2022).
Бөлімде 5 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор, 3 PhD докторант, 3 ғылым магистрі қызмет атқарады.
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі 2001 жылдан бастап төмендегідей жобалар аясында жұмыс атқарды: «Қазақ қолжазбалары – қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетінің сарқылмас қазынасы» (2001-2003), «Қолжазбалық мұра және руханият» (2003-2005), «Қазіргі кезеңдегі текстология жағдайлары» (2006-2008), «Тәуелсіздік идеясын жырлайтын қазақ эпостарының қолжазба нұсқалары: сақтау, жүйелеу, жариялау мәселелері» (2009-2011), «Тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көркем шығармалардың текстологиясы» (2009-2011), «Қолжазба мұралар: жинау, сақтау, жүйелеу, зерттеу, жариялау мәселелері» (2012-2014), «Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері» (2015-2017), «Қолжазба мұраларды ұлттық, мәдени, әдеби құндылық ретінде сақтаудың өзекті мәселелері» (2015-2017), «Ортағасырлық парсы деректеріндегі қазақ тарихы: Қожамқұли бек Балхи «Қыпшақ тарихы» (2015-2017), «Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі: инновациялық тәсілдеме және жаңа бағыттар» (2018-2020), «Қолжазба құндылықтарды ұлттық жад ретінде сақтаудың мәселелері» (2018-2020), «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» (2018-2020) және «Қ.А. Яссауи мұрасы – әлем әдебиетінің ортақ құндылығы (Хикметтер жинағының белгісіз нұсқасының аудармасы») (2018-2020) жобаларын және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының 100 жылы» бағытының шеңберінде «Қолжазба қорларын, фольклорлық экспедиция материалдарын зерттеу, жүйелеу және дала фольклорының антологиясын дайындау» (2019-2021), «Қазақ текстологиясы: негізгі мәтін мен авторды анықтау (атрибуция) мәселелері» (2020-2022), «Қазақстанның қолжазба мұрасын ұлттың «Рухани жаңғыру» парадигмасы ретінде тану: жинау, сақтау, цифрландыру, жүйелеу, электронды каталогтау, жариялау және зерттеу» (2020-2022), «Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздер» (2020-2022), «Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» (2021-2022). Қазіргі уақытта «Қазақ постфольклоры: генезисі, семантикасы мен жанрлар трансформациясы» (2022-2024), «Қазіргі әдебиеттану мен өнертанудың өзекті мәселелері» (2023-2024) жобалары бойынша жұмыс жүргізуде.
«М.О.Әуезовтің мемориалды мұражай-үйі» ғылыми зерттеу бөлімі
М.О.Әуезовтің мемориалдық музей-үйі бүгінде еліміздің көрнекті тарихи, мәдени ескерткіштерінің бірі болып табылады. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа көрме залы 1997 жылы салынды. Осы жылы жазушының 100 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеуден өткен мұражай мен жаңа көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне елбасы қатысып, құрметті қонақтарға арналған қолтаңба кітабына өзінің жылы лебізін жазып қалдырды. Жаңадан салынған ғимараттың негізгі жобасын жасаған сәулетші – Ш.Матайбеков. Осы залдағы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа экспозициялық көріністерді безендіріп, орналастырған суретші – Б.Көшербаев. Сәулетші Ш.Матайбековтің шешімі бойынша бұл ғимарат жер астынан жартылай көрініп тұратын етіп салынған. Ғимарат төбесіне Меккедегі Қағба тасы сияқты күмбез орнатылды. Сәулетшінің негізгі идеясы – мұнда келген әрбір көрерменге мұражай тек қазақ әдебиетінің қасиетті мекені ғана емес, қазақ елінің рухани орны деген ойды меңзейді.
1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның тұрған үйін мұражай ету туралы 1961 жылы 10 тамызда Қаулы шығарды.
1963 жылы қарашаның 28-інші жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашты. Екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізді (1951-1961). 1951 жылдың 18 тамызында әдебиет зерттеушісі З.С.Кедринаға жазған хатында мұнда жанұясымен 1951 жылы маусымның аяғында көшіп келгенін, ал үй құрылысы 1950 жылдың мамыр айында басталғанын хабарлайды.
Осы үйде қаламгер әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясына байланысты ұзақ жылдарға созылған қажырлы еңбегіне нүкте қойды. Бұл үйдің жобасын жасаған сәулетші Г.Герасимов. Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта орналасқан.
«Абай менің өмірлік тақырыбым болды» деп жазушы өзі айтқандай «Абай жолы» романын жазуға жиырма жыл уақытын жіберген. Романның 1942 жылы жарыққа шыққан алғашқы кітабын «Моей надежде и радости самой любимой моей Лелюсеньке. С крепкой верой в твое светлое большое будущее. Папа» деп қызы Ләйлаға сыйлаған. Ал романның екінші кітабы 1947 жылы жарық көрді. Осы екі кітабы үшін М.Әуезовке бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық (Сталиндік) берілді. Ал 1959 жылы Кеңестік шығыста бірінші болып «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлыққа ие болды. Ұлы суреткердің атағы алыс елдерге тарады, оның эпопеясын әлем білімпаздары, соның ішінде белгілі француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық «Абай» романы – ХХ ғасырдағы ең таңдаулы шығармалардың бірі» деп бағалады.
Төрт томдық эпопеяда қазақ халқының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық өмірі мейлінше мол ауқымда бейнеленді. Жазушы романда қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өмір салтын, тұрмыс қалпын, сол заманның шындығын қазақ халқының ойшылы, ақыны, қоғам қайраткері Абай айналасына топтап көрсеткен. Романның сюжетіне Абай өмірінің бірқатар автобиографиялық нақтылы деректері негіз етіп алынған. Эпопеядағы Абай тұлғасы әлем әдебиетіндегі аса ірі көркем бейне, қай жағынан алсақ та, халықтың тағдырымен тамырлас, ажырамас бірлікте көрінеді. «Абай жолы» – жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Осы ретте академик Қ.И.Сәтбаев «Абай жолы» романы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалаған болатын.
«Абай жолы» 50-ден астам тілге аударылды. Көрменің «Абай жолы» романына қатысты бөлімінде Лениндік сыйлық беру туралы дипломы мен әр жылдары алған ордендері, «Абай жолы» романын басқан машинкасы, сия сауыты, Тұрағыл қызы Уәсиланың М.Әуезовке арнап тіккен халаты бар. М.Әуезов әдебиет пен ғылымға сіңірген еңбегі үшін екі рет (1945, 1956) «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. 1957 жылы жазушыға «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді. Сондай-ақ «Құрмет Белгісі» орденімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен наградталған. М.Әуезов 1943 ж. КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институты әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері болып істеді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі және Президиум мүшесі болып сайланды. Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл, әдебиет және тарих институтының қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі. 1957-1961жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
1997 жылы жазушының жүз жылдық мерейтойы Франциядан басталып, өзінің туған жерінде аталып өтілді. Франция, Бішкек, Ленинград, Алматы, Семей қалаларында халықаралық конференциялар болды. М.Әуезов оқыған Ленинград университетінде тақта ашылды. Сондай-ақ Әуезовтің бейнесі бедерленген алтын және күміс теңгелер шығарылды. 1999 жылы халықаралық Абылай хан қоры, Қазақтың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы мен «Алтын Адам» қоры құрған Қоғамдық кеңестің шешімімен Мұхтар Әуезов «Ғасыр саңлағы» деп жарияланды. 2009 жылдың 3 қарашасында Ресей Федерациясы Президентіне қарасты Геральдикалық Кеңесінің Гуманитарлық қоры М.Әуезовті «Личность Петербурга» деп танып, мұражайға куәлікпен бірге Ұлы император І Петрдің қырынан бедерленген күмістен жасалған медалін табыс етті. Көрме залында қазақтың белгілі кескіндемешісі Қанафия Темірболатұлы Телжановтың М.Әуезовтің балалық шағына арналған «Абай әндері» (1963) атты картинасы ілулі тұр. Онда көктемгі көк шөптің үстінде атасы мен немересінің отырған бейнесі суреттелген. Бала – болашақ жазушы М.Әуезов. Ұлы ақын Абай өлеңдерін оқыған сайын атасы Әуез сөз құдіретіне ұйып, қиялға батқан. Сондай-ақ картинада ұрпақтар үндестігі, мәдениет жалғастығы бейнеленген.
Сонымен бірге белгілі мүсінші Петр Дмитриевич Усачевтің (1930-1976) «Мұхтардың жастық шағы» деген ақ мәрмәрдан қашалып жасалған М.Әуезовтің мүсін-портреті (1963) де осы жаңа көрме залына қойылған. Ондағы қалың қара бұйра шашты, жанары отты, салалы саусақтарымен жағын сүйеп отырған арманшыл жастың бейнесі сомдалған. М.Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, шетел сапарлары жөнінде жан-жақты мағлұмат беретін көрме залы, «Адамдық негізі – әйел» мақаласынан алынған «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағіліміңді, бесігіңді түзе!» деген ұлағатты сөзімен аяқталады. Мұражайда М.Әуезов сценарийі бойынша қойылған көркем фильмдер, хроникалық-деректі фильмдер көрсетілетін кинозал бар. Орталықта ғылыми конференциялар мен әртүрлі тақырыпта мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
«Музыкатану» бөлімі
«Музыкатану» бөлімінің тарихы 1946-жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Өнертану» секторының құрамында болып, сол ашылған кезеңнен бастау алады. Бөлімде дәстүрлі музыкалық өнер (фольклорлық сарындар, ән, күй, жыр) мен кәсіби композиторлық шығармашылықтың тарихи және теориялық мәселелері ғылыми тұрғыдан зерттеліп келеді. Сонымен қатар Қазақстан аймақтарына экспедициялық сапарлар ұйымдастырып, көптеген халық мұраларын, әнші-күйші туындыларын таспаға жазып, қағазға түсіріп, келешек ұрпаққа аманаттау амалдары жүзеге асырылуда.
Бұл сектордың негізін қалаған музыкатанушы, композитор, дирижер, ҚР ҰҒА-ның академигі (1946), өнертану ғылымдарының докторы, ҚазКСР-інің халық артисі (1944) А.Қ.Жұбанов 1950 жылға дейін бөлім меңгерушісі міндетін атқарды. Ал 1951-61 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтындағы өнертану бөлімін, кейін 1961-68 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыкатану бөлімін басқарды. Академик А.Қ.Жұбановтан кейін бөлім меңгерушісі ретінде ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, ө.ғ.д. Б.Г.Ерзакович (1968-1986), ҰҒА корр.-мүшесі, ө.ғ.д., профессор С.Ә.Күзембай (1987-1993 және 2000-2011), ө.ғ.д., профессор Б.И.Қарақұлов (1994-1998), ө.ғ.к. З.Қ.Қоспақов (1999-2000), ө.ғ.к., доцент Г.Ж.Мұсағұлова (2012-2017) басқарған. 2017 жылдың қараша айынан бастап, бүгінгі күнге дейін бөлім меңгерушісі қызметін ө.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ж.Қазтуғанова атқарып келеді.
Музыкатану бөлімінде жоғары дәрежелі музыкатанушы-мамандар жұмыс істеді. Атап айтқанда, өнертанушы-ғалымдардың алдыңғы легінде: А.Қ.Жұбанов, Б.Г.Ерзакович, М.М.Ахметова, Б.Ғ.Ғизатов, Ж.Ж.Рсалдин, З.Қ.Қоспақов, Т.Мерғалиев, Ғ.Н.Бисенова, А.З.Темірбекова, Н.С.Кетегенова, З.Б.Жанұзақова, Т.Бекхожина, С.Ә.Күзембай, Б.И.Қарақұлов және т.б. болды. Аға буын зерттеушілердің жолын Қ.Ж.Жүзбасов, А.Қ.Омарова, Ж.С.Ордалиева, Г.Ж.Жоламанова, Р.Т.Несіпбай, Ғ.З.Бегембетова сияқты ғылым кандидаттары жалғастырды. Кейінгі зерттеушілердің қатарында Ә.А.Нұрбаев, А.З.Бұлтбаева, Р.С.Малдыбаева, А.Ж.Қазтуғанова, Г.Ж.Мұсағұлова, Л.Ә.Жұмабекова, Б.Ж.Тұрмағамбетова, З.М.Касимова және т.б. болды.
Этнограф-ғалымдар жинаған іссапар материалдары музыкалық-этнографиялық жинақ ретінде баспа бетін көрді. Соның нәтижесінде, Б.Ерзаковичтің «Қазақстанның халық әндері» (1955), «Қазақтың советтік халық әндері» (1959), З.Жанұзақованың «Қазақ халқының аспапты музыкасы» (1964), Т.Бекхожинаның «Қазақтың 200 әні» (1967), Т.Мерғалиевтің «Домбыра сазы» (1972), «Жаңа дәуір жыршысы» (1980), А.Темірбекованың «Қазақтың халық әндері» (1975), Б.Қарақұловтың «Асыл мұра» (1981) Б.Ерзакович, Б.Қарақұлов, З.Қоспақовтың «Қазақтың музыкалық фольклоры» (1982) және т.б. жарияланды. Сол жылдардан бастап, Институт ұйымдастырған іссапарлардан халық композиторларының шығармашылығындағы әр тұлғаға жеке тоқталып өтетін шағын кітапшалар шығарылып келген. Мысалы, Кенен Әзірбаевтің «Кенен Әзiрбаевтың әндерi» (1955), Қожағұлұлы Біржан сал «Әндері» (1959), «Ләйлім шырақ» (1983), Ақан сері Қорамсаұлының «Әндері» (1959), «Маңмаңгер» (1988), Жаяу Мұсаның «Ән, күйлері» (1959), «Әнші тағдары» (1971), «Ақ сиса» (1985), Абай Құнанбаевтың «Абайдың музыкалық творчествосы» (1954), «Айттым сәлем, Қаламқас» (1986), Әсет Найманбаевтың «Інжу-Маржан» (1992), Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» (1995) және т.б. ән жинақтары басылып шықты.
Іргелі зерттеулерден бөлім қызметкерлері Б.Ерзакович «Песенная культура казахского народа» (1966), М.Ахметова «Песня и современность» (1968), «Советтік қазақ музыкасы» (1975, А.Жұбанов және Б.Ерзаковичпен соавторлықта), Б.Ғизатов «Академик Ахмет Жубанов» (1972), Б.Темірбекова «Ладо-ритмическая основа казахской советской народной музыки» (1975), С.Күзембаева «Формирование гармонии в казахской музыке» (1977), «Воспеть прекрасное» (1982), «Национальные художественные традиции и их конвергентность в жанре казахской оперы» (2006), З.Қоспақов «Әнші тағдыры» (1971), «Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің» (1996), «Қазақтың әншілік өнері» (1998), А.Омарова «Жамбыл и Айкумыс» Л.А.Хамиди» (1995), Р.Несіпбай «Кюй-токпе в системе традиционного мироотношения казахов (проблемы темы, формы и композиции)» (2000), Ж.Ордалиева «Созвучие: Габит Мусрепов и музыка» (2006), Г.Мұсағұлова «Национальное своеобразие речитаций в казахской опере» (2008), А.Бұлтбаева «Эпос және музыка» (2008), А.Қазтуғанованың «Қазақтың арнау күйлері (жанр және стиль мәселелері) (2008) т.с.с. еңбектерін шығарды.
Соңғы жиырма жылда бөлімде көптеген ғылыми жобалар жүзеге асырылды:
– «Қазақстанның өткен дәуірдегі және қазіргі заман музыка өнері» (2003-2005 ж.ж.) жобаның нәтижесінде «Қазақ өнерінің тарихы» атты 3 томдығы (2006, 2007) жарық көрді;
– «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында (2004-2009 ж.ж.) «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 1-т. Көне музыкалық фольклор» (2005), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 2-т. Орта ғасырдағы қазақ музыкасы» (2005), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 3-т. Алғашқы авторлық музыка» (2006), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 4-т. Кәсіби халық композиторларының шығармашылығы» (2006), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 5-т. Кәсіби халық композиторларының шығармашылығы» (2006) атты еңбектер жарық көрді.
– «Қазақстанның қазіргі заман музыка өнері: ағымдар мен бағыттар» (2006-2008 ж.ж.) жобаның нәтижесінде «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері» (2008) атты ұжымдық монография және «А.В.Затаевич. 500 казахских песен и кюйев» (толықтырылған, реставрацияланған академиялық басылым; 2007) жарық көрді.
– «Тәуелсіздік идеясының әдебиетте және өнерде бейнеленуі» (2009-2011 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Дәстүрлі музыка мен композиторлық шығармашылықтағы тәуелсіздік идеясы» (2011) атты ұжымдық монография, «Қазақ опералары» (қазақ және орыс тілдерінде, 2010) атты жинақ жарық көрді.
– «Қазақстандағы халықтардың әдебиеті, фольклоры және өнері» (2012-2014 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Музыкальное искусство народа Казахстана» (2014) атты ғылыми ұжымдық монография жарық көрді.
– «Ғылыми қазына» (2012-2014 ж.ж.) мақсатты бағдарлама аясында «Классикалық зерттеулер» кітап сериясы бойынша «Жұбанов А. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» атты классикалық зерттеулердің 2-ші томы (2012), «Ранние предпосылки казахского музыкознания» 14-ші томы (2013) жарық көрді.
– «Ұлт зиялылары қазақ музыкасы туралы» 32-ші том (2014), «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен «Құрманғазы» (2014) атты еңбектер жарық көрді;
– «Шетел қазақтарының әдебиеті, фольклоры және өнері» (2012-2014 ж.ж.) жоба нәтижесінде «Шетел қазақтарының өнері: музыка мәдениеті» (2014) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Қазақ музыкасындағы Мәңгілік ел идеясы» (2015-2017) «Казахская музыка: национальная идея «Мәңгілік ел» (2017) атты С.Ә.Күзембайдың авторлық монографиясы мен «Идея «Мәңгілік ел» в казахской музыке» (2017) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Историческая значимость Ассамблеи народа Казахстана в межэтнической культурной интеграции» (2015-2017) атты жоба нәтижесінде «Историческая значимость Ассамблеи народа Казахстана в межэтнической культурной интеграции» (2017) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов» (2015-2017) атты жобы нәтижесінде «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов» атты ұжымдық монография мен З.Касимованың «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов (на материале свадебных песен)» атты авторлық монографиясы жарық көрді.
«Жаһандық дәуірдегі қазақ дәстүрлі музыка мәдениетінің жаңғыруы» (2018-2020 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Жаһандық дәуірдегі қазақ дәстүрлі музыка мәдениетінің жаңғыруы» (2020) ұжымдық монография мен «Жаһандық дәуірдегі күй өнерінің даму үдерісі» атты А.Қазтуғанованың (2020) авторлық монографиясы жарық көрді.
«Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» (2019-2020) атты бағдарлама аясында «Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. – Т. 1: Музыкалық фольклор. Дәстүрлі ән өнері» (2019), «Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. – Т. 2: Аспаптық көне сарындар. Дәстүрлі күй өнері» (2020), «Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» (2020) атты еңбектер жарық көрді.
«Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» (2021-2022 ж.ж.) атты жоба аясында «Музыкатану саласындағы инновациялық ізденістер» (2022) атты ұжымдық монография жарық көрді.
Сондай-ақ «Музыкатану» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен конференция материалдарының жинақтарын, атап айтқанда:
- «Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері» (2004);
- «Ахмет Жұбанов және Қазақстанның өнертану ғылымы» (А.Қ.Жұбанов – 100) (2006);
- «Б.Г.Ерзакович – музыка зерттеуші» (Б.Г.Ерзакович – 100) (2008);
- «Ұлттық музыкатану ғылымының өзекті мәселелері» (С.Күзембай – 75) (2012);
- «Ғасырлар кеңістігіндегі көне сарындар» (А.В.Затаевич – 150) (2019);
- «Ұлт мәдениетіндегі рухани құндылықтар: ғылым мен өнер әлеміндегі Жұбановтар әулеті» (А.Қ.Жұбанов – 115) (2021);
- «Әсемдікті әспеттеу – мәңгілік рухани құндылық» (С.Күзембай – 85) (2022) атты жинақтарды баспадан шығарды.
Бүгінгі күні, «Музыкатану» бөлімінде «Уақыт пен кеңістіктегі мәдени құндылықтар транзиті» (2023-2024 ж.ж.) атты нысаналы бағдарлама аясында «Қазақ музыкасы және ұлттың рухани әлеуеті» атты ұжымдық монография, «Қазіргі әдебиеттану мен өнертанудың өзекті мәселелері» (2023-2024) іргелі жоба аясында «Қазақстанның күйтану тарихы» атты авторлық монография әзірленуде. Сонымен қатар «Жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру үдерісіндегі академиялық музыкатану ғылымы» (2023-2025 ж.ж.) атты жобасы іске қосылды.
«Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика» бөлімі
Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімі қазіргі қазақ әдебиетінің іргелі мәселелерін зерттеумен айналысады. Бөлімнің тарихы 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы құрылған кезден бастау алады. Алғашында әдебиет секторы, кейін қазақ совет әдебиеті деп аталған бөлім әдебиет тарихын зерттеумен айналысты. Кейіннен Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімі деп аталды.
Бөлімді әр жылдары Е.В.Лизунова, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, М.Базарбаев, С.Қирабаев, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, Н.Ақыш, Б.Майтанов сынды белгілі ғалымдар басқарды. Сондай-ақ бөлімде әр жылдары көрнекті ғалымдар – Е.Ысмайылов, Е.Лизунова, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, М.Базарбаев, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, М.Дүйсенов, А.Нұрқатов, Ә.Шәріпов, Б.Наурызбаев, Т.Әбдірахманова (ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), М.Хасенов, Ж.Ысмағұлов, С.Ордалиев, Ә.Нарымбетов, М.Атымов, Д.Қамзабекұлы, Р.Тұрысбеков, Г.Елеукенова, филология ғылымдарының кандидаттары – Р.Рүстембекова, Ә.Райымбеков, Е.Жақыпов, К.Жыңжасарова, Ж.Молдағалиев, А.Нағметов, С.Баймолдин, Б.Дәрімбетов, Ш.Сариев, Т.Шапай, Қ.Керейқұлов, С.Аққұлұлы, Ж.Досбай, ғылыми қызметкерлер – Б.Жұмағалиева, З.Ілиясов т.б. ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.
Бүгінде бөлімнің меңгерушісі – Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда.
Бүгінде бөлімнің меңгерушісі – Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда. Ол «Қошке Кемеңгерұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық, «Әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім Базарбаев зерттеулері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, «Алаштың бір ардағы» атты монографиясы үшін М.О.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі әрі қазақ әдебиеті бойынша орта білім беру жүйесіне арналған бірнеше оқулықтың авторы.
Қазіргі таңда бөлім «Қазіргі поэзиядағы модификация: стиль, ырғақ, форма» және «Балалар әдебиетінің пәнаралық байланысын кешенді зерттеу» атты екі жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бөлімде бүгінде ғылым докторлары – Н.Ақыш, Г.Орда, PhD мамандар – Г.Сәулембек, Ж.Сәрсенбаева, А.Ахметова, Н.Құдайбергенов, Е.Қуатбекұлы жұмыс істейді.
«Театртану және кино» бөлімі
Ғылыми зерттеу аясының негізгі бағыттары: Театртану және кино
Театртану және кино бөлімнің тарихы 0 жылдан басталады.
Жүзеге асырылған ғылыми жобалар:
–
«Фольклортану» бөлімі
Фольклортану бөлімі алғаш 1930-1940 жылдар аралығында Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының секторы ретінде жұмыс істеп, фольклорлық мәтіндерді жинап, жүйелеумен айналысқан. 1940 жылдары фольклор секторы бөлімшеге айналып, дәстүрлі және кеңестік фольклор зерттелді. Әсіресе, М.Әуезовтің жетекшілігімен 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1-т. Алматы, 1948» деген ұжымдық монографияны ерекше атауға болады.
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде қазақ фольлорын зерттеу ісі жаңа арнаға түсті. Ұлттық фольклордың бұған дейінгі ашылмаған қырларын шынайы ғылыми тұрғыдан қарастырудың мүмкіндігі туып, бұрын тиым салынған мәтіндер мен фольклортанушылар еңбектері ғылыми айналымға қосылды. Фольклорист ғалымдардың жинаған материалдары жинақ болып шықты.
В.В.Радловтың қазақ фольклорына қатысты жинаған мәтіндері «Алтын сандық» (1991) және «Ел қазынасы – ескі сөз» (1994) деген тақырыптармен алғашқы жарияланым бойынша жарық көрді. «Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993) атты ұжымдық еңбекте халықтың әр дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, наным-сенімімен тығыз байланыста өрбитіндігі жан-жақты зерделенген. Фольклорлық поэтика әр жылғы зерттеулерде сөз болған. Дегенмен «Қазақ фольклорының поэтикасы» (2001) атты ұжымдық монография оны ауқымды әрі мақсатты түрде тереңінен зерттеді. Он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклорлық кезеңіне арналған бірінші томы (2008) қазақ фольклорының тарихын жаңаша зерттеуге арналды. Онда фольклор мен әдебиеттің мүлде бөлек екі үлкен арна екенін ашып көрсетті. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2007-2008 ж. аралығында үш том «Мировая фольклористика» жинағы жарық көрді. «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясы бойынша бес том «Ертегілер» (73-77 томдар) жанрішілік-стадиялық ерекшелікке сай дайындалды.
2006-2022 жылдар аралығында атқарылған іргелі және қолданбалы жобалар аясында Фольклортану бөлімінен «Қазіргі әдебиет және фольклор» (2008), «Тәуелсіздік және фольклор» (2011), «Шетелдегі қазақ фольклоры» (2014), «Қазақстандағы қазіргі заман фольклоры» (2014), «Қазақ эпосы әлемдік эпостық мұра аясында» (2017), «Қазақ фольклортануының тарихы» (ХVIII-ХХІ ғасырдың басы) (2017), «Қазақ эпосының сюжеттері» (2017), «Қазақ фольклорының қастерлі әлемі» (2020), «Абай шығармашылығының фольклорлық қайнар көздері» (2021), «Ұлы дала ойындары» (жинақ) (2021), «Рухани жаңғыру аясындағы рухани мәдениет» (2022), «Ұлы дала ойындары» (тегі, типологиясы, қоғамдық қызметі) (2022) қатарлы ұжымдық монографиялар жарыққа шықты. Классикалық зерттеулер сериясы аясында үш том (11, 13, 24 томдар) дайындалып, ғылыми түсінігі жазылды.
Бүгінде фольклортану бөлімінде 3 филология ғылымдарының докторы: С.А.Қасқабасов, Б.У.Әзібаева, К.І.Матыжанов және 1 филология ғылымдарының кандидаты – С.Медеубек, 1 аға ғылыми қызметкер Д.С. Жақан, 4 ғылыми қызметкер – Н.Набиолла, А.Мұхамедияр, О.Жолдыбай, Т.Дәуітұлы қызмет істейді.
Бөлім қызметкерлері бүгінде «Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор» (2022-2024) (Жоба жетекшісі: С.Қасқабасов), «Алтын Орда дәуірі және қазақ фольклоры» (2022-2024) (Жоба жетекшісі: К.І. Матыжанов) тақырыбындағы гранттық жобалармен қатар «Қазақ фольклорындағы мифтік сюжеттер мен мотивтер» атты іргелі зерттеу (Жоба жетекшісі: К.Матыжанов) және «Фольклор және қоғамдық сана» (Жоба жетекшісі: К.І.Матыжанов) тақырыбындағы қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
М.О.Әуезовтен кейін Фольклортану бөлімінің меңгерушісі қызметін Е.Исмайылов, М.Қаратаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқабасов, Б.Әзібаевалар атқарған.
2018 жылдан бері қарай Фольклортану бөлімі ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филол.ғ,д. К.І.Матыжановтың жетекшілігімен жұмыс істейді.
«Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті» бөлімі
Ғылыми зерттеу аясының негізгі бағыттары: ХХІ ғасырдағы әлем әдебиеті, Қазақстанның қазіргі әдебиеті, компаративистика, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары.
ТМД елдері (Ресей, Өзбекістан, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Грузия, Әзірбайжан) және алыс шетел (Корей Республикасы, Түркия) Ғылым академиясының институттары және жетекші ғылыми орталықтарымен; Түркия, ШҰАА ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан жоғары оқу орындарымен; Ресей, Беларусь әдеби мұражайларымен ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды.
Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімнің тарихы 2002 жылдан басталады. Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімін басқарғандар – филология ғылымдарының докторы, профессор Маданова Маргарита Хамитовна (2002-2006 жж.), кейіннен филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рустемұлы Елеукенов (2007-2009 жж.), бүгінгі күні, 2010 жылдан бастап бөлімді филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Викторовна Ананьева басқарып келеді. 2012 жылдан бері – сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі, 2019 жылдан бастап – халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімі болды.
Жүзеге асырылған ғылыми жобалар:
– «Әлемдік көркем үдеріс және Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті (1991-2001)» (2002-2005 гг.). «Қазақстан халықтарының әдебиеті» (2004), Үндістан, Чехия, Түркия елдері ғалымдарының қатысуымен «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлем әдебиеті очерктері» (2006) ұжымдық монографиялары жарық көрді;
– «Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық әдеби байланыстары» (2006-2008 гг.). Ресей, Румыния және Молдова ғалымдарының қатысуымен «Әдеби-көркем диалог» (2008), «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары» (2008) ұжымдық монографиялары жарық көрді;
– «Әлемдік әдеби үдеріс және шет ел әдеби сынындағы қазақ әдебиеті» (1991-2011)» (2009-2011 гг.). Германия мен Франция ғалымдарының қатысуымен «Интеграциялық үдерістер және қазақ әдебиеті» (2011), Германия, Румыния, Болгария, Словакия, Ресей, Молдова ғалымдарының қатысуымен «Ең жаңа шетел әдебиеті» (2011) ұжымдық монографиялары жарық көрді;
– «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының әдебиеті» (2012-2014 гг.). «Қазақстан халқының қазіргі әдебиеті» (2014) ұжымдық монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқының әдебиеті» монографиясы қайта басылып шықты;
– «ХХІ ғасырдағы әлемдік әдеби үдеріс» (2015-2017 гг.). Ресей, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Литва, Өзбекістан елдері ғалымдарының қатысуымен «ХХІ ғасырдағы әлемдік әдеби үдеріс» (2016) ұжымдық монографиясы, ҚХР, Ресей, Молдова ғалымдарының қатысуымен «Әлемдік әдеби үдеріс: контент, бағыттар, трендтер» (2017) оқу құралы жарыққа шықты;
– «Қазақ-американдық әдеби ынтымақтастықтың жаңа дәуірі» (2015-2017 гг.). АҚШ ғалымдарының қатысуымен «Қазақ-американдық әдеби байланыстар: қазіргі жағдайы мен келешегі» (2016) ұжымдық монографиясы, «Summer Evening, Prairie Night, Land of Golden Wheat. The Outside World in Kazakh Literature» (2016) (Колумбия университетімен бірге), «Адам және табиғат. Человек и природа. Human and Nature» (2017) қазақ әдебиетінің антологиялары жарыққа шықты;
– «Шетел рецепциясындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы» (2015-2017 гг.). «Шетел рецепциясындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы» (2016) жинағы, «Әлемдік әдебиеттанудағы Абай Құнанбаев» (2017) ұжымдық монографиясы жарық көрді.
– «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі «Мәңгілік ел» концепті (2018-2020 жж.). Беларусь, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, АҚШ, Франция ғалымдарының қатысуымен «Қазақстан менің тағдырымда» (Т.1, Поэзия, 2019), (Т. 2, Проза, 2020) қазіргі әдебиеттің екі хрестоматиясы және «Жаһандық әлемдегі мәдениет» (2020) ғылыми жинағы жарық көрді.
– «Қазақстан және әлемдік әдеби кеңістік: компаративті зерттеулер» (2020-2022 жж.). «Шетел дереккөздердегі Қазақстан әдебиеті» (2021) жинағы, «Қазақстан және әлемдік әдеби кеңістік: компаративті зерттеулер» (2022) ұжымдық монографиясы жарық көрді.
Баспа бетінен жарық көрген ғылыми еңбектер отандық және шетелдік әдебиеттанушылар және сыншылар тарапынан өте жоғары бағаланды. «Ең жаңа шетел әдебиеті» (2011) ұжымдық монографиясы – Ғылым академиясы халықаралық қауымдастығының (Ресей) «Ғылыми кітап – 2012» халықаралық конкурсының лауреаты. Коллективная монография «Интеграциялық үдерістер және қазақ әдебиеті» – Білім берудегі ақпараттық технологиялардың аймақаралық орталығының (Ресей) «Гуманитарлық саладағы ең үздік ғылыми кітап – 2013» халықаралық конкурсының лауреаты. «Қазақстан халқының қазіргі әдебиеті» ұжымдық монографиясы Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінің Дипломымен (2015), Білім берудегі ақпараттық технологиялардың аймақаралық орталығының (Ресей) «Гуманитарлық саладағы ең үздік ғылыми кітап – 2016» халықаралық конкурсының жеңімпаз дипломымен және ҚР өзбек қоғамдық бірлестігі «Дустлик» қауымдастығының «Аргумок» (2016) төсбелгісімен марапатталды.
ТМД елдерінің Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры (ХГЫҚ) және «Көркем әдебиет» (Мәскеу) баспасымен бірлесіп «ТМД әдебиеті классикасы» сериясы бойынша ТМД елдерінің фольклоры мен әдеби ескерткіштері томдарын дайындады. «Домбырамен ән шырқалар» (2009), «Менің төбемдегі көк аспан» (2010), «Мәңгілік аспан желкені астында» (2011) томдары жарық көрді. 2010 жылы бөлім қызметкерлері Корей және Орталық Азия аңыздары, ертегілері, эпостарын зерттеу және сандық мұрағаттау жобасын жүзеге асыруға белсене қатысты. Нәтижесінде қазақ фольклорының 9 туындысы Сеулде корей тілінде шыққан «Каzakhstаn» деген кітапта жарық көрді. 2011 жылы «Қазіргі мәдениет және мәдени мұра» мәдени ресурстарды дамыту бойынша Қазақстан, Корей, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен IV Орталық-азиялық-Корей Кеңесі өткізілді.