Бақылау кеңесі
2025 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бақылау кеңесін құру туралы ережесі және ол кеңестің жұмыс істеу қағидаларын бекіту жөніндегі бұйрығы қабылданған болатын.
Аталған Бұйрыққа сәйкес Ғылым комитеті конкурс жариялап, нәтижесі бойынша Комитеттің 2025 жылғы 1 тамыздағы №91 бұйрығымен келесі құрамда Институттың Бақылау кеңесі құрылды:
- Тохтаров Жайық Хамитұлы — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;
- Жақып Бауыржан Өміржанұлы — «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы;
- Ахетов Мамай Қаниұлы — Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі;
- Еркебай Анар Саимжанқызы — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі;
- Мерхамитқызы Фарида — «Ерке-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Бақылау кеңесінің мынандай өкілеттіктері бар:
- Институттың даму жоспарының жобасын қарап, Ғылым комитетіне қорытынды береді, даму жоспарының орындалуы жөніндегі есебін және жылдық қаржылық есебін алдын ала қарайды;
- Бюджет қаражаты мен басқа да қосымша көздердерден алынған қаражаттың нысаналы жұмсалуын бақылайды, нәтижесі бойынша Ғылым комитетіне ұсыныстар енгізеді;
- Институт басшысын тағайындау және босату бойынша ғылым комитетіне ұсыныстар береді;
- Ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады, Институттың бекітілген бюджет қаражаты шегінде қызметкерлердің штаттық кестесін бекітуге келісім береді;
- Институт Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, Институт қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді, филиалдары мен өкілдіктерін ашу мен жабу туралы ұсыныстар енгізеді;
- Институттың жауапты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуын болдырмау бойынша жұмыстар атқарады.