Skip to main content

ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі ғалым Қанипаш Мәдібаеваның 75 жасқа толуына арналған халықаралық конференция

2026 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанипаш Қайсақызы Мәдібаеваның 75 жасқа толуына арналған «Әдебиет тарихы және өзекті мәтінтану: зерттеу, оқыту тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Әзербайжан, Армения және Қырғыз Республикасынан […]

«ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДИСКУРС: АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІ»

Бүгін «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен «ХІХ ғасырдағы әлеуметтік дискурс: Абайдың қара сөзі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Ғылыми жиынның негізгі мақсаты – Абайдың қара сөздері арқылы ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының рухани-әлеуметтік ахуалын […]

БАКУДЕ І ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ӨТІП ЖАТЫР

Әзербайжан Республикасының Баку қаласында І Түркологиялық құрылтайдың 100 жылдығына арналған «Түркологиялық фольклортану: теориялық контекст, практикалық бағыттар және талдау перспективалары» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтіп жатыр. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Фольклор институты, Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялары, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры және Түркияның Хаджеттепе университеті бірлесіп ұйымдастырған алқалы жиын түркі […]

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану