ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

24/10/2025
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орай М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Ұлттық әдебиеттің алтын ғасыры» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция барысында Сәбит Мұқановтың шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіндегі орны жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, қазақ романының қалыптасу эволюциясындағы жазушының рөлі, оның әдеби-эстетикалық және қоғамдық көзқарастары сөз болды. Сонымен бірге С. Мұқанов мұрасының зерттелу тарихы мен текстологиялық мәселелеріне назар аударылып, ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттің даму кезеңдері мен «алтын ғасыр» ұғымының ғылыми мәні сараланды. Сондай-ақ қазіргі әдеби үрдістер мен С. Мұқанов дәстүрінің сабақтастығы да талдау нысанына айналды.
23/10/2025
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 23 қазан күні Мемлекеттік Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Егемен жылдардағы қазақ киносы» атты ғылыми семинар өтті. Бұл шараның мақсаты – Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық кино өнерінің даму үдерісін саралап, қазіргі қазақ киносының жетістіктері мен өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан талқылау болды. Сонымен қатар шара Институттың ұлттық рухты ұлықтау және тәуелсіздік идеясын ғылыми әрі мәдени тұрғыдан зерттеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының аясында өткізілді.
22/10/2025
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 22 қазанында Республика күніне орай мектеп оқушыларына арналған «Егемендік жыры» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты ел тарихын білуге, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу, сондай-ақ туған халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін ардақтайтын саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу болды.
21/10/2025
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары ғылым мен мәдениет саласындағы жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының атынан арнайы марапаттарға ие болды. Мереке қарсаңында берілген марапаттар – еліміздің рухани және ғылыми дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдар мен зерттеушілердің еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Сондай-ақ Институт ұжымының көпжылдық ғылыми еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің, ұлттық ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі.

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану

Соңғы жарық көрген кітаптар