ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР ХАЛЫҚПЫЗ

Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында республика халқы үшін өзекті күрделі мәселелерді толық қамтуға тырысыпты. Әрине, көлемді сұхбатта ең әуелі еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты салық реформасы, энергетикалық, коммуналдық сектордағы реформалар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарындағы даму туралы толымды ақпараттар берілуі өте орынды. ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жаңа жылдық құттықтауында 2026 жылды

ОТАНШЫЛ БОЛУ – ТУҒАН ЕЛІҢНІҢ, ОТБАСЫҢНЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТУ

«Turkistan» газетінің 2026 жылғы №1 санында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыңбасылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» деген сұхбаты жарияланды.  Сұхбатта Қазақстанның өркениетті ел болуы жөніндегі өзекті мәселелер қамтылды. 2025 жылға есеп берген Мемлекет басшысы «тоқмейілсіп, масайрап отыруға мүлде болмайтынын» мемлекеттік қызметкерлерінің және есіне салды. Біз өмір сүріп отырған қоғам адамзат баласынан тынымсыз еңбек етуді талап ететін болса, барымызға тоқмейілсуге болмайтыны анық. Бәсекелестік заманда тынымсыз еңбек етіп, тек […]

ЗАМАНМЕН СЫРЛАС, УАҚЫТПЕН ҮНДЕС, КЕЛЕШЕККЕ СЕНІМ АРТАТЫН СҰХБАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі ахуалын ғана емес, оның ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын салмақты саяси-публицистикалық ойтолғау ретінде бағалануға тиіс. Президент бұл сұхбатта экономикалық өсім, әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару, рухани құндылықтар, тарихи сана және заманауи технологиялар мәселелерін біртұтас жүйеде қарастырады. Сұхбаттың негізгі өзегін Қазақстанның сапалық жаңғыру кезеңіне өтуі туралы […]

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану