ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

28/11/2025
2025 жылдың 28 қарашасында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен көрнекті жазушы, таңжарықтанушы, халық мұрасын жинаушы Оразанбай Жұмағұлұлы Егеубаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Шетелдегі қазақ руханияты: жиналуы, жариялануы, зерттелуі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Шараға әдебиеттанушы, фольклортанушы, өнертанушы ғалымдар, жазушылар, Оразанбай Жұмағұлұлының отбасы мен жақындары, докторанттар мен магистранттар қатысты.
20/11/2025
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2025 жылдың 20 қарашасында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, публицисті, қоғам қайраткері, Алаш қозғалсының белсенді мүшесі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Міржақып Дулатұлы және Алаш мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Шара қазақ зиялыларының ұлттық сананы қалыптастырудағы тарихи рөлін жаңа ғылыми тұрғыдан пайымдауға, Міржақып Дулатұлы мұрасының әдебиеттегі, публицистикадағы және ағартушылық бағыттағы маңызын жан-жақты талдауға бағытталды.
14/11/2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетіұйымдастыруымен 14 қараша күні көрнекті фольклортанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, қоғам қайраткері Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «ФОЛЬКЛОРТАНУ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАР» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алқалы жиынның басты мақсаты – академик С.А. Қасқабасовтың ғылымдағы жолын жан-жақты зерделеу, ғылыми мұрасын дәріптеу, сондай-ақ фольклортану мен әдебиеттану салаларындағы өзекті мәселелерді жаңа қырынан талқылау болды.
07/11/2025
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 7 қараша күні Рахманқұл Бердібай атындағы Халық университетінің кезекті дәрісі аясында Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино актері Болат Мәзімбайұлы Әбділмановпен кездесу өтті. Кездесуде өнер қайраткері ұлттық театр мен кино өнерінің даму бағыттары, актерлік шеберліктің сырлары, шығармашылық ізденіс пен сахна мәдениетінің бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы кеңінен ой өрбітті. Әсіресе Болат Мәзімбайұлының қазақ сахнасы мен кино өнерінде сомдаған көрнекті рөлдері, соның ішінде ұлы Абай бейнесін жасаудағы актерлік тәжірибесі мен ішкі дайындық үдерісі жөніндегі әсерлі естеліктері тыңдарман қауымның ерекше қызығушылығын тудырды.

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану

ЖАҚЫНДА

10 шілдеде «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында (Алматы қ., Төлебаев к-сі, 185) көрнекті жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлының 75 жасқа толуына арналған «Өнер мен ғылым тоғысында: әдеби-көркем және ғылыми дискурс» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы 05.09.2024 жылғы № 435 бұйрығына сәйкес 60200 — Тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша (10.01.02 – Қазақ әдебиеті) профессор ғылыми атағына ізденуші, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, доцент  Орда Гүлжахан Жұмабердіқызының анықтамасы мен ғылыми еңбектерінің тізімі орналастырылды.

Anyktama Orda G.

Г.Орданың ғылыми мақалалар тізімі

Г.Орданың халықаралық басылымдардағы жарияланымдары

Жарияланған уақыты: 02 мамыр 2025 жыл.

Соңғы жарық көрген кітаптар