ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

анонс 1111

17-18 қазанда «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция («Достық үйі», Құрманғазы көшесі, 40) өтеді.

anons1909-2

27-інші қырқүйекте ХХ Әуезов оқулары аясында көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованың 95 жылдығына арналған «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы және музейді қалыптастырудағы Ләйлә Әуезованың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

anons1909

23-інші қыркүйек күні сағат 10:30-да «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында «Посткеңестік кеңістіктегі орталық азия әдебиетінің даму үдерісі» атты халықаралық конференция басталады.

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ 29 НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

koblandy

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ 29 НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ <br> М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының дайындауымен «Қобыланды батыр» жырының 29 варианты 7 том болып жарық көрді. «Бабалар сөзінде» 16 нұсқасы жарық көріп еді. Томдарға Марабай, Н.Байғанин, Ә.Диваев, Қ.Елеманов, Қ.Амангелдіұлы, Е.Ешімов, Ә.Дәнекеров, Мұрын жырау, Дәулетше, Досжан, Қартбай Қылышұлы, Е.Тілеумағамбетұлы, Н.Битілеуов, Қ.Амангелдіұлы, О.Оңғарбаев, А.Байтабынұлы, С.Ділманов, Ж.Жамболов, Мергенбай, Қ.Иманов […]

Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесу

jamankulov

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Р. Бердібаев атындағы Халық университеті дәрісінің аясында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркі елдерінің өнерін дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін Алтын медалінің иегері, театр және кино актері, режиссер, профессор ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ ағамызбен кездесу өтті. Кездесу барысында Тұңғышбай Қадырұлы алғаш өнерге келуі, білім алған ұстаздары, театр және кинодағы рөлдері туралы естеліктерімен […]

Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы

serikbol

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің ұйымдастыруымен «Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны институттың бас директоры К.І.Матыжанов ашып, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., профессор Б.У.Әзібаева «Серікбол Қондыбайдың зерттеу әдіснамасы», Саяси қуғын-сүргін құрбандары […]

Әуезов мұражайына 60 жыл

domauez

Мұхтар Омарханұлы Әуезов мұражайына 60 жыл толуына арналған «М.О.Әуезов мұражайының тарихы және әдеби-ғылыми мұраларды зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған шараға әдебиеттанушы-ғалымдар, өнер зерттеушілері, ғылыми қызметкерлер және қаламгердің ұрпақтары қатысты. Басқосуды институттың Бас директоры, филол.ғ.д., ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді. Ең алдымен, мәдениеттанушы, әдебиеттанушы-ғылым, […]

Институттың Семей филиалы ашылды

semeilenta

Шәкәрім университетінде М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Семей филиалының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Бұл жиынға зиялы қауым өкілдері, тіл және әдебиеттану, өнер салаларының мамандары, отандық жетекші ғалымдар, БАҚ өкілдері мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы қатысты. Ең алдымен құттықтау сөз сөйлеген Шәкәрім университетінің басшысы Думан Орынбеков шараның тарихи маңыздылығын айтты. – […]