logo
jamankulov

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Р. Бердібаев атындағы Халық университеті дәрісінің аясында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркі елдерінің өнерін дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін Алтын медалінің иегері, театр және кино актері, режиссер, профессор ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ ағамызбен кездесу өтті.

🎞️ Кездесу барысында Тұңғышбай Қадырұлы алғаш өнерге келуі, білім алған ұстаздары, театр және кинодағы рөлдері туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ кездесуде әдебиет, мәдениет, руханият бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды.

kezdesu

Атап айтқанда:

🏛️ Қазіргі қазақ театрларының жай-күйі;

📝 Драматургия жанрының даму тенденциясы;

📽️ Соңғы кезеңде түсіріліп жатқан фильмдердегі өзекті мәселелер және т.б. тақырыптар кеңінен айтылды.

📍 Дәріске әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдар, студенттер қатысты.