ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің ұйымдастыруымен «Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны институттың бас директоры К.І.Матыжанов ашып, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д., профессор Б.У.Әзібаева «Серікбол Қондыбайдың зерттеу әдіснамасы», Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ғ.Әнес «Феномен тұлға», Нұр-Мүбарак университеті Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім «Маңғыстаудың миф-аңыздары», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және фольклортану» ҒИО жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты С.Сәкен «Есен Қазақ» кітабы және «Қырымның қырық батыры» эпикалық цикілі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Жаңабаев «Преобразовательная роль Серикбола Кондыбая в мифологии и тюркологии» тақырыбында баянама жасады.

Конференция барысында әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалымдар Серікбол Қондыбайдың зерттеу еңбектеріне жан-жақтылы тоқталып, өз ой-пікірлерін білдірді.