ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ӘДЕБИЕТТАНУ
ӨНЕРТАНУ
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«АЛТЫН ҚОР» цифрлық ресурсы

ӘУЕЗОВ
МУЗЕЙ-ҮЙІ

«КЕРУЕН»
ғылыми журналы

1934 жылы құрылған

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.

Ерекшелігі

Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.

Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Кімдер қызмет атқарды?

Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.

05/01/2026
Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында республика халқы үшін өзекті күрделі мәселелерді толық қамтуға тырысыпты. Әрине, көлемді сұхбатта ең әуелі еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты салық реформасы, энергетикалық, коммуналдық сектордағы реформалар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарындағы даму туралы толымды ақпараттар берілуі өте орынды.
05/01/2026
«Turkistan» газетінің 2026 жылғы №1 санында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» деген сұхбаты жарияланды.  Сұхбатта Қазақстанның өркениетті ел болуы жөніндегі өзекті мәселелер қамтылды.
05/01/2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі ахуалын ғана емес, оның ұзақ мерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын салмақты саяси-публицистикалық ойтолғау ретінде бағалануға тиіс. Президент бұл сұхбатта экономикалық өсім, әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару, рухани құндылықтар, тарихи сана және заманауи технологиялар мәселелерін біртұтас жүйеде қарастырады.
05/01/2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» атты сұхбатында жасанды интеллект пен цифрландыруды ел дамуының стратегиялық басым бағыты ретінде атап, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жолындағы нақты міндеттер мен бұл бастаманың жүзеге асу тетіктеріне тоқталды. Еліміздің дамуы үшін қажетті өзекті мәселелерге тоқтала келе, Президент тарихи сананы қалыптастыруға қатысты ойларын білдіріп, өткенді бағалаудағы жауапкершіліктің маңызын, тарихты бұрмалауға жол бермеу қажеттігін және Абай ілімінің қоғамды парасатқа, еңбек пен адамгершілікке үндейтін рухани бағдар ретіндегі мәнін сөз етті.

Зерттеулер мен монографиялар

alash
Қаныш Сәтбаев
abaibook
alash
sana

Профессор Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»

1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған. «Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы

Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.

Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.

smi_turmagambet

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық жинақтарының онлайн нұсқасы

БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі — З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры — Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.

Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:

Group1
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
Group6
6D021401 - Теория және әдеби сын
Group4
6М021402 - Мәтінтану
Group3
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
Group5
6М021403 - Фольклористика
Group1
6D021403 - Әдебиеттану

Соңғы жарық көрген кітаптар