ҚҰРЫЛЫМЫ
БӨЛІМДЕРІ
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті
Меңгерушісі — Қанипаш Қайсақызы МӘДІБАЕВА, ф.ғ.д., профессор
Бейнелеу өнері
Меңгерушісі — Диляра Сафарғалиқызы Шарипова, өнертану кандидаты, доцент
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация
Меңгерушісі — Жұмашай Сайлауқызы РАҚЫШ, ф.ғ.к., доцент
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы
Директоры — Диар Асқарұлы ҚОНАЕВ
Музыкатану
Меңгерушісі — Айнұр Жасанбергенқызы ҚАЗТУҒАНОВА, өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор
Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика
Меңгерушісі — Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОРДА, ф.ғ.д., профессор
Театртану және кино
Меңгерушісі — Аманкелді Оразбайұлы МҰҚАН, ф.ғ.к., доцент
Фольклортану
Меңгерушісі — Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д.
Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті
Меңгерушісі — Светлана Викторовна АНАНЬЕВА, ф.ғ.к., доцент
«Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімі
Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын, абайтану мәселелерін зерттеумен айналысады. Бөлім алғаш 1944 жылы М.О. Әуезовтің жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл және әдебиет институты жанынан құрылған. Алғашқы жылдары бөлімде М.Әуезов, М.С.Сильченко, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Қ.Мұхамедханов, Ж.Ысмағұлов және т.б. көрнекті ғалымдар еңбек етті.
1951 жылы 15 маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар Одағының бірлесуімен «Абайдың әдеби мұрасын талқылауға арналған ғылыми айтыс» өтіп, нәтижесінде Абай шығармалары тарихи шындыққа қайшы келетін, ойдан шығарылған, жалған, зиянды концепция ретінде тұжырымдалатын арнайы қаулы қабылданды. Соның салдарынан М.Әуезов қудалауға ұшырап, республикадан тыс жерге кетуге мәжбүр болса, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Мұхамедханов және т.б. ғалымдар ұзақ мерзімге сотталды. Осыдан кейін абайтану бөлімі жабылып, Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейі ретінде ғана қызметін жалғастырды. Алайда мұндай негізсіз айыптаулар абайтанушы ғалымдарды сынағанмен, Абайдың ақындық талантын жоққа шығара алмады. 1954 жылы ұлы ақынның қайтыс болуының 50 жылдығы кеңінен аталып өтіп, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жарияланды. 1954 және 1957 жылдары М.Әуезовтің тікелей басшылығымен ақын шығармаларының текстологиясы жаңаша қаралып, ғылыми түсініктері толықтырылған Абай шығармаларының екі томдық жаңа жинақтары басылып шықты.
Абайтану бөлімі кейіннен 1961-1976 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол. ғ. д., проф. Ы.Т. Дүйсенбаевтың, 1976-86 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол. ғ. д., проф. Ә.Ж. Дербісәлиннің, филол. ғ. д., проф. М.Мырзахметұлының басқарумен қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің құрамында жұмысын жалғастырады.
Бөлімде әр жылдары әдебиет тарихы мен Абай шығармашылығының алуан қырын қарастырған ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдеріндегі М.Әуезов пен Б.Кенжебаев бірігіп жазған «Абай – қазақтың ұлы ақыны (1845-1945)», М.Сильченконың «Абай» кітапшалары, М.Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Кунанбаев (1849-1904)» атты орыс тіліндегі көлемді еңбегі, сондай-ақ, ғылыми журналдар мен республикалық баспасөз бетінде жарияланған М.Сильченконың «Прославленный казахский просветитель, поэт Абай Кунанбаев», Б.Кенжебаевтың «Абайдың қарасөздері», Е.Ысмайыловтың «Абай өлеңдерінің сұлулық әуезділік ерекшеліктері», «Абайдың өлең құрылысы туралы», «Абайдың көркемсөз шеберліктері туралы» зерттеу мақалалары мен 1945 ж. Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында С.Мұқановтың редакциясымен Абайдың академиялық толық жинағы, Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» монографиясы (1948), Ә.Жиреншиннің «Абай и его русские друзья» (1949), Абайдың екі томдық академиялық жаңа басылымы (1977), т.б. құнды зерттеулер жарық көрді.
Дегенмен абайтану ғылымы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана кеңестік идеология ұстанған қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, ғылыми өрісін еркін кеңейтуге мүмкіндік алды. Еліміздегі қайта құру кезеңі басталған тұста институт директоры болған филол. ғ. д., проф. Ш.Елеукенов қазақ әдебиетінің тарихы бөлімін Абайтану және қазақ әдебиеті тарихы бөлімі етіп қайта ашты. 1987-1998 жж. Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, филол.ғ.д., проф. Ш.Қ.Сәтбаева жетекшілік етіп, абайтанудың өзекті мәселелеріне байланысты біршама жұмыстар атқарылды.
Академик С.Қасқабасов институт басшылығына келген 2001ж. күзінен бастап ғалымның бастамасымен бөлімнің атауы Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті болып өзгертілді. Бөлімді 2001-2002 жж. ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ. д., проф. З.Ахметов басқарды. 2003-2006 жж. бөлімге жетекшілік еткен филол. ғ. д., проф. А.Қ.Егеубаев абайтану мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» Абай дәуіріне арналған 4,5,6-томдарын жаңа тұрғыда жазу ісіне басшылық етті. 2007-2010 жж. бөлімге басшылық еткен білікті ғалым, филол. ғ. д., проф. Ж.Ысмағұлов абайтануға байланысты ауқымды шараларды жүзеге асыруды жалғастырды. Бөлімде әр жылдары К.Шәменов, Ғ.Әбетов, Ө.Есназаров, Ж.Тілепов, Ш.Сариев, Ж.Шойынбетов, Қ.Раев, С.Қорабай, Абайдың 1995ж. екі томдығын дайындауға қатысқан Б.Байғалиев, С.Қасымбеков, Қазақ әдебиеті тарихының он томдығын дайындауға қатысқан Т.Әлбеков, А.Сейітова, Т.Берікболов, С.Қамшыгер, т.б. ғалымдар жұмыс істеген.
Қазіргі таңда бөлімде ф.ғ.д., проф. Қ.Қ. Мәдібай, филол.ғ.кандидаты Т.М.Шапай, ғылыми қызметкерлер – PhD докторант А.Н.Жұматаева, магистрлер Б.Т.Арықбаев, Н.Ж.Мағазбеков сынды жас ғалымдар еңбек етуде.
Бүгінде абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімі мақсатты-бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында «Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды», «Абай өлеңдері мен поэмаларының текстологиясы: ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ақын шығармаларының қолжазба нұсқалары мен басылымдарын салыстырмалы талдау» т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Сонымен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай үштомдық Абай шығармаларының академиялық жинағын дайындап шығарды.
«Бейнелеу өнері» бөлімі
Бөлімнің ғылыми қызығушылықтары – қазіргі заманғы ғылыми стратегиялар мен әлемдік көркем процестің жалпы бағыттары контекстінде отандық өнер мен архитектураны кешенді зерттеу болып табылады.
Қазіргі таңда өнертану кандидаты Д.С.Шарипованың жетекшілік етуімен бейнелеу өнері бөлімінде А.Б. Кенджакулова, Ж.А. Ақсақалова, М.М. Келсінбек сынды жас мамандар қызмет атқаруда.
Қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерінің бірі, академик А.Қ.Жұбановтың еңбегінің нәтижесінде Қазақ КСР-ның ҒА өнертану секторы ашылды. Секторға 1950 жылдан бастап өнертану ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі Б.Г.Ерзакович жетекшілік етті. Ал 1961 жылы театртану және бейнелеу өнері бөлімі ретінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының құрамына енді.
Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі қызметін 1971-1990 жылдары өнертану ғылымдарының кандидаты Г.А.Сарықұлова, 1992-1995 жылдар аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚазБСҚА академигі Ш.Е.Уәлиханов, 1995-2017 жылдары профессор, өнертану докторы Р.Ә.Ергалиева атқарып келді.
Соңғы он жылдықта «Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері» (3, 4 тараулары, 2004-2008), «Қазақстанның бейнелеу өнері. Тәуелсіздік кезеңі» (2009), «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет» (3,6,9-кітаптар 2010-2011), «Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі тәуелсіздік идеясы» (2011), «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» (2010, 2013 қайта басылып шығарылды), «Мәдени полилог: Қазақстанның диаспораларының бейнелеу өнері» (2014), «Шетелде қазақтардың өнері» (2014), «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның көркемдік мәдениетіндегі өнердің синтезі» (2017), «Қазақ ою-өрнектері: Қазақстанның ғасыраралық бейнелеу өнерінің интерпретациясы мен спецификасы», «Қазақстан бейнелеу өнерінің әлемдік көркемдік үдеріс мәнмәтініндегі келбеті» (2017), «Мәдени жады Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері мен сәулетіндегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының рухани ресурсы ретінде» (2022), «Қазақстанның бейнелеу өнері рухани жаңару контекстінде» (2022) атты ғылыми жобалар бойынша жұмыстар атқарды.
Қазіргі таңда бөлімнің ғылыми қызметкерлері «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның бейнелеу өнері мен сәулеті: дәуір стилі және дәстүр сабақтастығы», «Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі интермедиализм феномені. Теориялық негіздер және көркемдік тәжірибелер», «Уақыт және мәдени кеңістіктегі мәдени құндылықтар транзиті» атты ауқымды жобалар аясында зерттеу жүргізуде. Барлық жобалар ұлттық сана-сезім мен тарихи жадыны жаңғырту үдерісіндегі отандық өнердің рөлі мен маңызын зерттеу мен анықтауға, Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық өнерді дамытуға, Қазақстанның қазіргі заманғы өнеріндегі интермедиялық жанрларды кешенді зерттеуге бағытталған.
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі
1990 жылы 1 тамызда Қазақстан Үкіметінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанынан «Қолжазба және мәтінтану» ғылыми орталығын ашу туралы» арнайы қаулысы қабылданды. Бұл ғылыми орталық Қазақстан тарихында тұңғыш рет ашылған ескі қолжазбалар мен литографиялық кітаптарды зерттеумен айналысатын бірден-бір мамандандырылған ғылыми құрылым болды.
Қолжазба бөлімінің негізгі қоры 500000-нан астам атаудан тұратын 1500-дей бумада жинақталған қазақ, шығыс тілдеріндегі (араб, парсы, татар т.б.) ескі қолжазбалар және XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жарық көрген қазақ мәдениеті мен тарихына қатысты литографиялық кітаптар, сондай-ақ 700-ге жуық аудиотаспа мен микрофильм, микрофишалар құрайды.
Бөлім ғалымдары 200-ден астам ғылыми басылым мен 50-ге жуық зерттеу, монография жариялады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлім қызметкерлері дайындаған «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясы әлемде теңдессіз құбылыс ретінде бағаланды.
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Қолжазба бөлімі 1962 жылы ашылды. Бұл бөлімді әр жылдары белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалымдар: Кеңес Одағының батыры, КСРО Педагогика ҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Ғабдуллин, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар: М. Базарбаев, Ә. Нарымбетов, О. Нұрмағамбетова, Ш. Ыбыраев, А. Сейдімбек, Ж. Тілепов, Б. Әзібаева, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Қасқабасов, филология ғылымдарының кандидаттары: С. Сейітов, Ү. Субханбердина, С. Қосанов, Т. Әлбеков, Т. Қыдыр басқарды. Бүгінде бөлімді филология ғылымдарының кандидаты Ж. Рақыш басқарып келеді.
Бөлім құрылғаннан бері отандық ғылым тарихына елеулі үлес қосып келеді. Бөлім қызметкерлері ғылыми монографиялар мен зерттеу еңбектерін, көптомдықтар мен жинақтар жариялады, атап айтқанда «Қазақ әдебиетінің тарихы» көптомдығы (1959-1962), «Батырлар жырының» үш томдық ғылыми басылымы (1961-1964), «Айтыс» үштомдығы (1965), «Ертегілер» үштомдығы (1959-1963), «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» он үш томдығы (1975-2022), «Қазақ әдебиеті, сыны мен өнері (1961-1964)» төрт томдық (1996), қазақ фольклоры мен фольклортануына арналған (2005, 2009) библиографиялық көрсеткіштер, «Қазақ халық әдебиеті» он жеті томдығы (1986-1996), «Бабалар сөзі» көптомдығының жеті томы (2002), Сүйінбай Аронұлы (2015), «Қожа Ахмет хикметтері» (2020) басылым көрді.
«Дала фольклоры антологиясының» он томдық басылымы (2019-2020), «Казахский эпос» (2010), жүзтомдық «Бабалар сөзі» басылымының мазмұндалған анықтамалығы (2022) жарық көрді.
Бөлім қызметкерлері қазақ әдебиеті мен өнерінің аса көрнекті өкілдері шығармаларының академиялық толық жинағын даярлауға қатысуда, Абай (2020), Жамбыл (2021), Ахмет (2022) шығармаларының үш томдық академиялық толық жинақтары жарық көрді. Мағжан мен Шәкәрім шығармаларының академиялық басылымы дайындалуда.
«Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «Фольклор мәтінтануы: өткені мен бүгіні», «Тәуелсіздік идеясын жырлайтын эпостық жырлардың қолжазба нұсқалары» (2011), «Тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көркем шығармалардың текстологиясы» (2012), «Халық әдебиеті үлгілері мен Абай шығармаларының текстологиясы» , «Фольклорлық мұралар: жиналу, жариялану тарихы» (2014), «Халық әдебиетіндегі тарих көріністері» 2 томдық (2016), «Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері» (2017), «Қазақ фольклортануының тарихы: ХVІІІ-ХХІ ғасырдың басы» (2017), «Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі» (2020), «Қазақ текстологиясы: негізгі мәтін мен авторды анықтау (атрибуция) мәселелері» (2022), «Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздері» (2022).
Бөлімде 5 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор, 3 PhD докторант, 3 ғылым магистрі қызмет атқарады.
«Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі 2001 жылдан бастап төмендегідей жобалар аясында жұмыс атқарды: «Қазақ қолжазбалары – қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетінің сарқылмас қазынасы» (2001-2003), «Қолжазбалық мұра және руханият» (2003-2005), «Қазіргі кезеңдегі текстология жағдайлары» (2006-2008), «Тәуелсіздік идеясын жырлайтын қазақ эпостарының қолжазба нұсқалары: сақтау, жүйелеу, жариялау мәселелері» (2009-2011), «Тәуелсіздік кезеңінде жарияланған көркем шығармалардың текстологиясы» (2009-2011), «Қолжазба мұралар: жинау, сақтау, жүйелеу, зерттеу, жариялау мәселелері» (2012-2014), «Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу (датировка) мәселелері» (2015-2017), «Қолжазба мұраларды ұлттық, мәдени, әдеби құндылық ретінде сақтаудың өзекті мәселелері» (2015-2017), «Ортағасырлық парсы деректеріндегі қазақ тарихы: Қожамқұли бек Балхи «Қыпшақ тарихы» (2015-2017), «Қазақ фольклортануының терминдер сөздігі: инновациялық тәсілдеме және жаңа бағыттар» (2018-2020), «Қолжазба құндылықтарды ұлттық жад ретінде сақтаудың мәселелері» (2018-2020), «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» (2018-2020) және «Қ.А. Яссауи мұрасы – әлем әдебиетінің ортақ құндылығы (Хикметтер жинағының белгісіз нұсқасының аудармасы») (2018-2020) жобаларын және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының 100 жылы» бағытының шеңберінде «Қолжазба қорларын, фольклорлық экспедиция материалдарын зерттеу, жүйелеу және дала фольклорының антологиясын дайындау» (2019-2021), «Қазақ текстологиясы: негізгі мәтін мен авторды анықтау (атрибуция) мәселелері» (2020-2022), «Қазақстанның қолжазба мұрасын ұлттың «Рухани жаңғыру» парадигмасы ретінде тану: жинау, сақтау, цифрландыру, жүйелеу, электронды каталогтау, жариялау және зерттеу» (2020-2022), «Орыс шығыстанушы-түркітанушыларының ХХ ғасырға дейінгі жинақтарында қазақ фольклоры мен әдебиетінің орын алуы. Нарративті дереккөздер» (2020-2022), «Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» (2021-2022). Қазіргі уақытта «Қазақ постфольклоры: генезисі, семантикасы мен жанрлар трансформациясы» (2022-2024), «Қазіргі әдебиеттану мен өнертанудың өзекті мәселелері» (2023-2024) жобалары бойынша жұмыс жүргізуде.
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы
М.О.Әуезовтің мемориалдық музей-үйі бүгінде еліміздің көрнекті тарихи, мәдени ескерткіштерінің бірі болып табылады. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа көрме залы 1997 жылы салынды. Осы жылы жазушының 100 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеуден өткен мұражай мен жаңа көрме залының салтанатты ашылу рәсіміне елбасы қатысып, құрметті қонақтарға арналған қолтаңба кітабына өзінің жылы лебізін жазып қалдырды. Жаңадан салынған ғимараттың негізгі жобасын жасаған сәулетші – Ш.Матайбеков. Осы залдағы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа экспозициялық көріністерді безендіріп, орналастырған суретші – Б.Көшербаев. Сәулетші Ш.Матайбековтің шешімі бойынша бұл ғимарат жер астынан жартылай көрініп тұратын етіп салынған. Ғимарат төбесіне Меккедегі Қағба тасы сияқты күмбез орнатылды. Сәулетшінің негізгі идеясы – мұнда келген әрбір көрерменге мұражай тек қазақ әдебиетінің қасиетті мекені ғана емес, қазақ елінің рухани орны деген ойды меңзейді.
1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның тұрған үйін мұражай ету туралы Қаулы шығарды (1961 жылы 10 тамызда). 1963 жылы қарашаның 28-інші жұлдызында Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашты.
Екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізді (1951-1961). 1951 жылдың 18 тамызында әдебиет зерттеушісі З.С. Кедринаға жазған хатында мұнда жанұясымен 1951 жылы маусымның аяғында көшіп келгенін, ал үй құрылысы 1950 жылдың мамыр айында басталғанын хабарлайды. Осы үйде қаламгер әйгілі төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясына байланысты ұзақ жылдарға созылған қажырлы еңбегіне нүкте қойды.
Бұл үйдің жобасын жасаған сәулетші Г. Герасимов. Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта орналасқан.
Бірінші қабаттағы қонақ бөлмеде Мұхтар Әуезовтің жанұя мүшелері кешқұрым түгел жиналатын. Мұнда әрдайым жылы да жанға жайлы күй орнайтын. Кешкілікте олар теледидардан берілетін қызғылықты хабарларды бірге көретін. Бөлмедегі М. Әуезовпен ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болған КСРО Халық суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Көктөбе», Қазақстанның халық суретшісі, еліміздің кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасып, дамуына өз үлесін қосқан А. Черкасскийдің «Таушымылдық» («Пионы») натюрморты және жазушы отбасының үлкен досы, Татарстанның халық суретшісі, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда қызмет еткен Бақи Урманченің «Раушан гүлдер» («Розы») атты картинасы құнды жәдігерлер қатарына жатады. Сондай-ақ, сәнді бұйымдар қатарында екі «Қаз» бейнесі қондырылған қола күлсауыт, Вьетнам жазушылары 1958 жылы сыйлаған «Шылым қорапшасы», піл сүйегіне өрнектелген Тәжі-Махал мавзолейі мен Индия, Жапонияда жасалған қолөнер туындылары және басқа да экспонаттар ерекше әсемдік дарытады.
Үйдегі ең үлкен бөлме – асүйі. Ондағы қолдан жасалған асүй жабдықтарын Мұхтар Омарханұлы арнайы тапсырыспен алдыртқан. Бұл үлкен дастарханның айналасына оның қаламдас достары, ғалымдар, көптеген елдердің қоғам қайраткерлері жиналатын.
Осы бөлмедегі жәдігерлерге тоқталар болсақ, «Дастархандағы алмалар» – ерекше композициялық үйлесіммен жазылған натюрморт. Бұл 1916 жылы Мюнхеннің сурет академиясын бітірген дарынды қылқалам шебері А. Риттихтің туындысы. Ал 1948 жылы салынған О. Таңсықбаевтың «Сирень» атты натюрморты бөлмеге ерекше сән береді. Сонымен қатар, әдебиет пен өнер қайраткерлері, шетелдік достары сыйға тартқан, жанұя мүшелері өздері сатып алған хрусталь, қола вазалар, үстел сервиздері, қытай кеселері, чех фужерлері, күміс бұйымдар, үлкен парсы кілемі сияқты т.б. жәдігерлер үй бітімін ерекше әсерге бөлеп тұр.
Жұмыс кабинеті – Мұхтар Омарханұлының сүйікті бөлмесі. Бөлме төріндегі үлкен жазу үстелінде атақты «Абай жолының» соңғы екі кітабын жазды. Осы роман-эпопеясы үшін 1959 жылы Ленин сыйлығын алды. Төрт томнан тұратын роман-эпопея – журналдардағы басылымдарын есепке алмағанда, әлемнің 50 тілінде 160 реттен аса жарық көрді.
Жұмыс үстелінің үстінде жазушының өзі белгі соғып, өңдеу жүргізген көптеген парақтар, Одақтағы солтүстік халықтарының эпосы туралы бастапқы жазбалары, бір студенттің диплом жұмысына қатысты соңғы пікірі, В.Н. Әуезова сыйлаған ағаштан жасалған вьетнамдық жазу аспаптары жанында оқырман хаттары жатыр.
Сондай-ақ, жазушы шығармашылығының үнсіз куәгері ретінде «Мұхтардың бүркіті» деп аталған ықшам пішінді мүсінше де жарты ғасырға жуық жұмыс үстелінде тұр. Мұнда аты белгісіз шағын формадағы тағы бір мүсін бар. Ысылдаған сұр жыланның орауына түскен тәкаппар да қайратты құстың қола мүсіні қаламгер Мәскеуден оралған соң пайда болды. Мұхтар Омарханұлы кейде оған көз алмай қарап отырып, отанынан жырақта, қуғында жүрген ауыр күндерін еске алатын. Сонымен қатар жұмыс бөлмесінде М. Әуезовтің жеке кітапханасы орналасқан. Онда 6 мыңнан аса кітаптар пен журналдар сақталған.
Жазушының қарындасы Үмияның (1889-1985) бөлмесі. Ондағы жәдігердің бірі – М.О. Әуезовтің 60 жылдық мерейтойына орай сыйға берілген сырлы жазуы бар үлкен сандық. Жазушы оны қарындасына тарту еткен.
Екінші қабатта үш бөлме бар. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов пен Валентина Николаевнаның бөлмесі. Валентина Николаевна (Кузьмина) Петербургте орман шаруашылығы инженерінің отбасында дүниеге келген. Олар 1923 жылы Ленинград университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне түскен кезде танысып, отбасын құрған. Бұл бөлмеде А. Ғалымбаеваның салған Валентина Николаевнаның портреті және басқа да экспонаттар бар.
Келесі бөлме Мұхтар Әуезовтің өзі еркелетіп Лелюсенька деп атайтын сүйікті қызы Ләйлаға тиесілі. Ләйла Мұхтарқызы Әуезова 1929 жылы Ташкент қаласында туған. Әке тағлымымен қанаттанған зерделі жас 1952 жылы М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1955 жылы КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірді. 1958 жылы «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егіншіліктің дамуы» атты тақырыпта тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Л. Әуезова 1956 жылдан бастап Қазақстан ғылым академиясы жүйесінде қызмет атқарды. Алдымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жұмыс істесе, 1962 жылдан өмірінің соңына дейін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйін басқарды. Әрдайым жемісті ғылыми ізденіс жолында болған ол 1975 жылы «М.О. Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Л.М. Әуезова Қазақстан әдебиеттануының бір саласы – әуезовтануға елеулі үлес қосты. «М.О. Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері» атты кітабы және жазушының ғылыми-мәдени мұрасы туралы топтама еңбегі үшін 1980 жылы оған Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
Ләйла Мұхтарқызы М.О. Әуезовтің Москвадағы «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бірінші рет жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағын, қазақ тілінде 12 томдық, 20 томдық шығармалар жинағын, жазушының бұрын белгісіз болған бірсыпыра туындыларын, ол туралы замандастарының естеліктер жинағын, көптеген ғылыми жинақтар, монографияларды шығаруға басшылық етті. Іскер де тәжірибелі ғалымның жетекшілігімен қаламгер шығармашылығының библиографиялық көрсеткіштері, М.О. Әуезов өмірі мен шығармашылығының шежіресі, жазушы қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы жарық көрді. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы мен М. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымын дайындау ісі – Ләйла Мұхтарқызының қажырлы еңбегінің нәтижесінде басталған еді.
Әрқашан айналасына ізгілік, кішіпейілдік пен биік мәдениеттілік нұрын шаша жүретін жарқын жанды Ләйла Мұхтарқызы Әуезова ғалым, белгілі қоғам қайраткері, білікті ұйымдастырушы ғана емес, шын мәніндегі асыл адам болатын.
Үйдің екінші қабатындағы бір бөлмесінде жазушының 1943 жылы туған ұлы Ернар тұрды. Оның балалық шағы осы үйде өтті. Ол зоология ғылымдарының кандидаты, ғалым-орнитолог. 1966-1988 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Зоология институтында қызмет атқарды. Е.М. Әуезов есімі 1969 жылы Қазақстанда, Алакөлде кездесетін шағаланың жаңа түрін ашқан соң кеңінен танымал бола бастады. Осынау сирек кездесетін құстың терең табиғатын зерттеу нәтижесінде Алакөлде «Реликті шағала» атты табиғи қорық ұйымдастырылды.
Бөлмеде доп ойнап жүрген балаларды бейнелейтін тақтайша (филенка) қалпына келтірілген.
М. О. Әуезовтің мемориалдық музей-үйі – бүгінде еліміздің көрнекті тарихи, мәдени ескерткіштерінің бірі.
М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залдары 2022 жылы жазушының 125-жылдық мерейтойына орай «Қазақ материалдық мәдениеттің ғылыми-зерттеу және жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасы (авторы Кудтусов Ринат Алекович) мен М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми-зерттеу тұжырымдамасы негізінде жасалып, жаңа көрмелермен толықты. Музей экспозициясы 6 бөлімнен және галлереядан тұрады. М. Әуезовтің туып өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, шетел сапарлары жөнінде жан-жақты мағлұмат беретін «Ұшқан ұя», «Білім бастауы», «Есею жылдары», «Ғылым жолында», «Жолсыз жаза», «Ұстаз ұлағаты», «Театр және кино», «Абай», «Әлем таныған Әуезов туған жерінде», «Мұхтар Әуезов ұрпағы» көрме залдары жасақталды.
Бұдан 25 жыл бұрын салынған ғимараттың негізгі жобасын жасаған сәулетші Ш. Матайбековтің шешімі бойынша бұл ғимарат жер астынан жартылай көрініп тұрады. Ғимарат төбесіне Меккедегі Қағба тасы сияқты күмбез орнатылған. Сәулетшінің негізгі идеясы – бұл жерді тамашалауға келген әрбір көрерменге музей қазақ әдебиетінің қастерлі мекені ғана емес, күллі қазақ елінің рухани ошағы деген ойды меңзейді.
Орталық залдағы құнды экспонат – Мұхтар Әуезов үстелі. «Еңлік-Кебек» трагедиясының соңғы нұсқасы, қазақтың алғашқы музыкалық комедиясы «Айман-Шолпан», алғашқы қазақ балеті «Қалқаман-Мамыр», көптеген пьеса, әңгіме, повестер, тамаша аудармалар осы үстел үстінде дүниеге келді. Суреткер Шекспир мен Гоголь, Тренев пен Погодиннің кейіпкерлерін өз тілінде сөйлете білді. Сондай-ақ, осы үстелдің басында «Абай» романының бастапқы екі кітабын тәмамдаған, ол үшін 1949 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Үстел үстінде шамы, мүсінші Артемий Обердің «Ат үстіндегі қазақ» туындысы қойылған. Жоғары жағында заманауи үлгідегі ақшыл түспен жазушының еңбектері жоғарыдан төменге қарай өрілген. Негізгі ой – М. Әуезовтің еңбектері тек қазақ еліне ғана емес, жалпы адамзатқа әйгілі екендігін меңзеп тұр.
Экспозиция залында шағын топтарға арналған кинозал орналасқан. Көрермендерге М. Әуезов сценарийі бойынша көркем фильмдер мен өзі туралы әр жылдардағы деректі фильмдер көрсетіледі.
Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлының «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады» деген ұлағатты сөзімен аяқталады.
Көрме залындағы галлерея бөлімінде қазақтың белгілі кескіндемешісі Қанафия Темірболатұлы Телжановтың М. Әуезовтің балалық шағына арналған «Абай әндері» (1963) атты картинасы ілулі тұр. Онда көктемгі көк шөптің үстінде атасы мен немересінің отырған бейнесі суреттелген. Бала – болашақ жазушы М. Әуезов. Ұлы ақын Абай өлеңдерін оқыған сайын атасы Әуез сөз құдіретіне ұйып, қиялға батқан. Сондай-ақ, картинада ұрпақтар үндестігі, мәдениет жалғастығы бейнеленген.
Сонымен бірге, белгілі мүсінші Петр Дмитриевич Усачевтің (1930-1976) «Мұхтардың жастық шағы» деген ақ мәрмәрдан қашалып жасалған М. Әуезовтің мүсін-портреті (1963) де осы жаңа көрме залына қойылған. Ондағы қалың қара бұйра шашты, жанары отты, салалы саусақтарымен жағын сүйеп отырған арманшыл жастың бейнесі сомдалған.
Қазіргі таңда «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әуезовтану бөлімі болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Әуезовтану бөлімінің ғылыми-зерттеу бағытының негізі М. О. Әуезовтің шығармашылық мұрасын қазақ, әлем әдебиетімен байланыста зерттеу, насихаттау, жариялау, жинақтау болып табылады.
Орталықта ғылыми конференциялар мен әртүрлі тақырыпта мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін ұлы жазушы М. Әуезовтің шығармашылығы тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша пайымдалып, зерттеле бастады.
1997 жылы М. О. Әуезовтің 100-жылдық мерейтойы қарсаңында жазушының елу томдық академиялық шығармалар жинағының жобасы жасалып, 2011 жылы 50 томы тұтастай жарық көрді. Бұл – Орталық Азия халықтары арасында кең көлемде атқарылған тұңғыш академиялық жинақ еді. Өйткені бұндай басылым орыс әдебиетінде болмаса, бұрынғы одақтас республикалардың ешқайсысында кездеспеген іргелі жобалардың бірі.
М. О. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымын жарыққа шығарудың ғылыми өзектілігі – егемендік алған еліміздің ұлттық рухани қазынасын жаңарған құндылықтар негізінде танымдық, эстетикалық тұрғыдан байыта түсу мақсатынан туындады.
ХХ ғасырдағы ұлы ойшыл, суреткер М. Әуезов қаламынан туған жауhар туындылар – қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының рухани игілігіне айналған асыл қазына. М. Әуезов өз елінің ұлттық сана, тарихи ойлау жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтерген, ешкімге ұқсамайтын дара бейнелер сомдаған, көркем шығармашылығымен бірге әдебиеттану, фольклористика, эстетика, этнография, тарих, философия ғылымдары саласында іргелі еңбектер қалдырған жан-жақты дарын иесі, ғұлама ғалым болғандықтан, жазушының 50 томдық шығармалар жинағының академиялық басылымын дайындау мәдени өмір қажеттілігі әрі егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасының интеллектуалдық қарым-қуатын айқындайтын аса маңызды іс болды.
«Музыкатану» бөлімі
«Музыкатану» бөлімінің тарихы 1946-жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Өнертану» секторының құрамында болып, сол ашылған кезеңнен бастау алады. Бөлімде дәстүрлі музыкалық өнер (фольклорлық сарындар, ән, күй, жыр) мен кәсіби композиторлық шығармашылықтың тарихи және теориялық мәселелері ғылыми тұрғыдан зерттеліп келеді. Сонымен қатар Қазақстан аймақтарына экспедициялық сапарлар ұйымдастырып, көптеген халық мұраларын, әнші-күйші туындыларын таспаға жазып, қағазға түсіріп, келешек ұрпаққа аманаттау амалдары жүзеге асырылуда.
Бұл сектордың негізін қалаған музыкатанушы, композитор, дирижер, ҚР ҰҒА-ның академигі (1946), өнертану ғылымдарының докторы, ҚазКСР-інің халық артисі (1944) А.Қ.Жұбанов 1950 жылға дейін бөлім меңгерушісі міндетін атқарды. Ал 1961-68 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыкатану бөлімін басқарды. Академик А.Қ.Жұбановтан кейін бөлім меңгерушісі ретінде ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, ө.ғ.д. Б.Г.Ерзакович (1968-1986), ҰҒА корр.-мүшесі, ө.ғ.д., профессор С.Ә.Күзембай (1987-1993 және 2000-2011), ө.ғ.д., профессор Б.И.Қарақұлов (1994-1998), ө.ғ.к. З.Қ.Қоспақов (1999-2000), ө.ғ.к., доцент Г.Ж.Мұсағұлова (2012-2017) басқарған. 2017 жылдың қараша айынан бастап, бүгінгі күнге дейін бөлім меңгерушісі қызметін ө.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ж.Қазтуғанова атқарып келеді.
Музыкатану бөлімінде жоғары дәрежелі музыкатанушы-мамандар жұмыс істеді. Атап айтқанда, өнертанушы-ғалымдардың алдыңғы легінде: А.Қ.Жұбанов, Б.Г.Ерзакович, М.М.Ахметова, Б.Ғ.Ғизатов, Ж.Ж.Рсалдин, З.Қ.Қоспақов, Т.Мерғалиев, Ғ.Н.Бисенова, А.З.Темірбекова, Н.С.Кетегенова, З.Б.Жанұзақова, Т.Бекхожина, С.Ә.Күзембай, Б.И.Қарақұлов және т.б. болды. Аға буын зерттеушілердің жолын Қ.Ж.Жүзбасов, С.Ә.Аязбеков, Ә.А.Нұрбаев, Г.Ж.Жоламанова, Ж.С.Ордалиева, А.Қ.Омарова, Р.Т.Несіпбай, Ғ.З.Бегембетова сияқты ғылымдар жалғастырды. Кейінгі зерттеушілердің қатарында өнертану ғылымдарының кандидаттары А.Ж.Қазтуғанова, А.З.Бұлтбаева, Р.С.Нұртаза (Р.С.Малдыбаева), Г.Ж.Мұсағұлова, Л.Ә.Жұмабекова, Б.Ж.Тұрмағамбетова, З.М.Касимова және т.б. болды.
Этнограф-ғалымдардың іссапарларының нәтижесінде көптеген ұлттық мұра жинақталып музыкалық-этнографиялық басылым ретінде жарық көрді. Солардың қаарында, Б.Ерзаковичтің «Қазақстанның халық әндері» (1955), «Қазақтың советтік халық әндері» (1959), З.Жанұзақованың «Қазақ халқының аспапты музыкасы» (1964), Т.Бекхожинаның «Қазақтың 200 әні» (1967), Т.Мерғалиевтің «Домбыра сазы» (1972), «Жаңа дәуір жыршысы» (1980), А.Темірбекованың «Қазақтың халық әндері» (1975), Б.Қарақұловтың «Асыл мұра» (1981) Б.Ерзакович, Б.Қарақұлов, З.Қоспақовтың «Қазақтың музыкалық фольклоры» (1982) және т.б. жарияланды. Сол жылдардан бастап, Институт ұйымдастырған іссапарлардан халық композиторларының шығармашылығындағы әр тұлғаға жеке тоқталып өтетін шағын кітапшалар шығарылған. Мысалы, Абай Құнанбаевтың «Абайдың музыкалық творчествосы» (1954), «Айттым сәлем, Қаламқас» (1986), Кенен Әзірбаевтің «Кенен Әзiрбаевтың әндерi» (1955), Қожағұлұлы Біржан сал «Әндері» (1959), «Ләйлім шырақ» (1983), Ақан сері Қорамсаұлының «Әндері» (1959), «Маңмаңгер» (1988), Жаяу Мұсаның «Ән, күйлері» (1959), «Әнші тағдары» (1971), «Ақ сиса» (1985), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Аманат» (1989), Әсет Найманбаевтың «Інжу-Маржан» (1992), Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» (1995), және т.б. ән жинақтары басылып шықты.
Іргелі зерттеулерден бөлім қызметкерлері Б.Ерзакович «Песенная культура казахского народа» (1966), М.Ахметова «Песня и современность» (1968), «Советтік қазақ музыкасы» (1975, А.Жұбанов және Б.Ерзаковичпен соавторлықта), Б.Ғизатов «Академик Ахмет Жубанов» (1972), Б.Темірбекова «Ладо-ритмическая основа казахской советской народной музыки» (1975), С.Күзембаева «Формирование гармонии в казахской музыке» (1977), «Воспеть прекрасное» (1982), «Национальные художественные традиции и их конвергентность в жанре казахской оперы» (2006), З.Қоспақов «Әнші тағдыры» (1971), «Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің» (1996), «Қазақтың әншілік өнері» (1998), А.Омарова «Жамбыл и Айкумыс» Л.А.Хамиди» (1995), Р.Несіпбай «Кюй-токпе в системе традиционного мироотношения казахов (проблемы темы, формы и композиции)» (2000), Ж.Ордалиева «Созвучие: Габит Мусрепов и музыка» (2006), Г.Мұсағұлова «Национальное своеобразие речитаций в казахской опере» (2008), А.Бұлтбаева «Эпос және музыка» (2008), А.Қазтуғанованың «Қазақтың арнау күйлері (жанр және стиль мәселелері) (2008) т.с.с. еңбектерін шығарды.
Соңғы жиырма жылда бөлімде көптеген ғылыми жобалар жүзеге асырылды:
– «Қазақстанның өткен дәуірдегі және қазіргі заман музыка өнері» (2003-2005 ж.ж.) жобаның нәтижесінде «Қазақ өнерінің тарихы» атты 3 томдығы (2005-2007), «Казахская музыка в контексте культур» (200) жарық көрді;
– «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында (2004-2009 ж.ж.) «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 1-т. Көне музыкалық фольклор» (2005), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 2-т. Орта ғасырдағы қазақ музыкасы» (2005), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 3-т. Алғашқы авторлық музыка» (2006), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 4-т. Кәсіби халық композиторларының шығармашылығы» (2006), «Қазақ музыкасы. Антология. – 5 т. – 5-т. Кәсіби халық композиторларының шығармашылығы» (2006) атты еңбектер жарық көрді.
– «Қазақстанның қазіргі заман музыка өнері: ағымдар мен бағыттар» (2006-2008 ж.ж.) жобаның нәтижесінде «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері» (2008) атты ұжымдық монография және «А.В.Затаевич. 500 казахских песен и кюйев» (толықтырылған, реставрацияланған академиялық басылым; 2007) жарық көрді.
– «Тәуелсіздік идеясының әдебиетте және өнерде бейнеленуі» (2009-2011 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Дәстүрлі музыка мен композиторлық шығармашылықтағы тәуелсіздік идеясы» (2011) атты ұжымдық монография, «Қазақ опералары» (қазақ және орыс тілдерінде, 2010) атты жинақ жарық көрді.
– «Қазақстандағы халықтардың әдебиеті, фольклоры және өнері» (2012-2014 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Музыкальное искусство народа Казахстана» (2014) атты ғылыми ұжымдық монография жарық көрді.
– «Ғылыми қазына» (2012-2014 ж.ж.) мақсатты бағдарлама аясында «Классикалық зерттеулер» кітап сериясы бойынша «Жұбанов А. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» атты классикалық зерттеулердің 2-ші томы (2012), «Ранние предпосылки казахского музыкознания» 14-ші томы (2013), «Ұлт зиялылары қазақ музыкасы туралы» 32-томы (2014) жарық көрді.
– «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен «Құрманғазы» (2014) атты еңбектер жарық көрді;
– «Шетел қазақтарының әдебиеті, фольклоры және өнері» (2012-2014 ж.ж.) жоба нәтижесінде «Шетел қазақтарының өнері: музыка мәдениеті» (2014) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Қазақ музыкасындағы Мәңгілік ел идеясы» (2015-2017) атты жоба нәтижесінде «Казахская музыка: национальная идея «Мәңгілік ел» (2017) атты С.Ә.Күзембайдың авторлық монографиясы мен «Идея “Мәңгілік ел” в казахской музыке» (2017) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Историческая значимость Ассамблеи народа Казахстана в межэтнической культурной интеграции» (2015-2017) атты жоба нәтижесінде «Историческая значимость Ассамблеи народа Казахстана в межэтнической культурной интеграции» (2017) атты ұжымдық монография жарық көрді.
– «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов» (2015-2017) атты жобы нәтижесінде «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов» атты ұжымдық монография мен З.Касимованың «Интеграционные процессы в музыкальной культуре тюркоязычных народов (на материале свадебных песен)» атты авторлық монографиясы жарық көрді.
«Жаһандық дәуірдегі қазақ дәстүрлі музыка мәдениетінің жаңғыруы» (2018-2020 ж.ж.) атты жоба нәтижесінде «Жаһандық дәуірдегі қазақ дәстүрлі музыка мәдениетінің жаңғыруы» (2020) ұжымдық монография мен «Жаһандық дәуірдегі күй өнерінің даму үдерісі» атты А.Қазтуғанованың (2020) авторлық монографиясы жарық көрді.
– «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» (2019-2020) атты бағдарлама аясында «Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. – Т. 1: Музыкалық фольклор. Дәстүрлі ән өнері» (2019), «Ұлы даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. – Т. 2: Аспаптық көне сарындар. Дәстүрлі күй өнері» (2020), «Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» (2020) атты еңбектер жарық көрді.
– «Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» (2021-2022 ж.ж.) атты жоба аясында «Музыкатану саласындағы инновациялық ізденістер» (2022) атты ұжымдық монография жарық көрді.
Сондай-ақ «Музыкатану» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен көптеген конференция материалдары жинақтарының ішінде келесі басылымдарды атап айтуға болады:
1. «Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері» (2004);
2. «Ахмет Жұбанов және Қазақстанның өнертану ғылымы» (А.Қ.Жұбанов – 100) (2006);
3. «Б.Г.Ерзакович – музыка зерттеуші» (Б.Г.Ерзакович – 100) (2008);
4. «Ұлттық музыкатану ғылымының өзекті мәселелері» (С.Күзембай – 75) (2012);
5. «Ғасырлар кеңістігіндегі көне сарындар» (А.В.Затаевич – 150) (2019);
6. «Ұлт мәдениетіндегі рухани құндылықтар: ғылым мен өнер әлеміндегі Жұбановтар әулеті» (А.Қ.Жұбанов – 115) (2021);
7. «Әсемдікті әспеттеу – мәңгілік рухани құндылық» (С.Күзембай – 85) (2022);
8. «Әлем халықтарының мәдени мұрасы: этномузыка, этнофор, этнограф»: Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум материалдары (2025).
Қазіргі уақытта «Музыкатану» бөлімі «Қазіргі әдебиеттану мен өнертанудың өзекті мәселелері» (2023-2025) атты іргелі жоба мен «Жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру үдерісіндегі академиялық музыкатану» (2023-2025) атты гранттық жобаны жүзеге асыруда.
«Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика» бөлімі
Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімі қазіргі қазақ әдебиетінің іргелі мәселелерін зерттеумен айналысады. Бөлімнің тарихы 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы құрылған кезден бастау алады. Алғашында әдебиет секторы, кейін қазақ совет әдебиеті деп аталған бөлім әдебиет тарихын зерттеумен айналысты. Кейіннен Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімі деп аталды.
Бөлімді әр жылдары Е.В.Лизунова, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, М.Базарбаев, С.Қирабаев, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, Н.Ақыш, Б.Майтанов сынды белгілі ғалымдар басқарды. Сондай-ақ бөлімде әр жылдары көрнекті ғалымдар – Е.Ысмайылов, Е.Лизунова, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, М.Базарбаев, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, М.Дүйсенов, А.Нұрқатов, Ә.Шәріпов, Б.Наурызбаев, Т.Әбдірахманова (ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), М.Хасенов, Ж.Ысмағұлов, С.Ордалиев, Ә.Нарымбетов, М.Атымов, Д.Қамзабекұлы, Р.Тұрысбеков, Г.Елеукенова, филология ғылымдарының кандидаттары – Р.Рүстембекова, Ә.Райымбеков, Е.Жақыпов, К.Жыңжасарова, Ж.Молдағалиев, А.Нағметов, С.Баймолдин, Б.Дәрімбетов, Ш.Сариев, Т.Шапай, Қ.Керейқұлов, С.Аққұлұлы, Ж.Досбай, ғылыми қызметкерлер – Б.Жұмағалиева, З.Ілиясов т.б. ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.
Бүгінде бөлімнің меңгерушісі – Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда.
Бөлім қызметкерлері қай кезеңде де әдебиет тарихының мәселелерін жан-жақты зерттеп, салмақты ғылыми еңбектер шығарып отырды. 1949, 1955, 1958, 1960 жылдарда «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» деген атаумен ұжымдық монографиялар толықтырылып жарық көрді. 1961-1967 жылдары бөлім «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 6 кітаптан тұратын үш томдық ұжымдық еңбекті көпшілік оқырманға ұсынды. Сонымен қатар, «Қазақ совет әдебиеті тарихының» екі томдығы (1967), «Жанр сипаты» (1971), «Стиль сыры» (1974), «Дәстүр және жаңашылдық» (1980), «Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы» (1981), орыс тіліндегі «Традиции и новаторство в художественном освоении действительности» (1981) деген ұжымдық монографиялар әдебиеттану ғылымына қосылды. Елуінші жылдардың аяғында 1937 жылы жазықсыз қудаланған кейбір қаламгерлер ақталды. Қазақстанда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Шәріпов, М.Дәулетбаев сынды жазушылар есімі мен шығармалары әдебиет тарихына қайта кірді. Ғалымдар ақталған қаламгерлер шығармаларының жинақтарын дайындауда, оны ғылыми айналымға түсіруде қарымды еңбек етті. Әсіресе, сексенінші жылдардың аяғында ақталған А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларын жарыққа шығарып, жан-жақты зерттеуде бөлім қызметкерлерінің еңбегі зор. С.Қирабаев «Жүсіпбек Аймауытов» (1993), Ш.Елеукенов «Мағжан Жұмабаев» (1995) атты монографиялар жариялады. Р.Тұрысбеков, Д.Қамзабекұлы, С.Аққұлұлы сияқты жас ғалымдар Мәскеу, Орынбор, Қазан қалаларына іссапарға жіберіліп, Алаш қайраткерлері туралы мол мұрағаттық деректер жинады. Қазір олар осы саладағы белгілі маманға айналды.
Бөлім қызметкерлері 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазуға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, «Қазақ романы: өткені мен бүгіні» (2009), «Қазақ көркем сөзінің шеберлері», «Майдан жырлары» (2010), «Майдангер қаламгерлер» (2010), «Қазақ көркем сөзінің шеберлері» (2010), «ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2011) т.б. ұжымдық еңбектерді жарыққа шығарды. Соңғы жылдары бөлімнен «Қазіргі әдебиеттегі жалпыадамдық парадигмалар», «Қазіргі қазақ драматургиясындағы инновациялық ізденістер» (1991-2016 жж.), «Ұлттық әдебиет және еліміздің зияткерлік әлеуеті» (Тәуелсіздік дәуіріндегі проза), «Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар», «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырудағы көркем әдебиеттің ресурстық әлеуеті», «Қазіргі балалар әдебиетінің даму үрдістері» (1991-2021 жж.), «Жаңа қазақ әдебиеті (дарынды жастардың шығармашылық жетістіктері)», «Қазіргі поэзиядағы модификация: стиль, ырғақ, форма» және «Балалар әдебиетінің пәнаралық байланысын кешенді зерттеу», т.б. ұжымдық еңбектерді жарыққа шығарды.
Қазіргі таңда бөлім «Қазақ әдебиетіндегі деректі прозаның даму үрдістері» және «Қазақ детективі: тарихы, формалары, функциялары» атты екі жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бөлімде бүгінде ғылым докторлары – Н.Ақыш, Г.Орда, PhD мамандар – Г.Сәулембек, Ж.Сәрсенбаева, Н.Құдайбергенов, Е.Қуатбекұлы жұмыс істейді.
Бөлім меңгерушісі Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда «Қошке Кемеңгерұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық, «Әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім Базарбаев зерттеулері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, «Алаштың бір ардағы» атты монографиясы үшін М.О.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі әрі қазақ әдебиеті бойынша орта білім беру жүйесіне арналған бірнеше оқулықтың авторы.
«Театртану және кино» бөлімі
«Театр және кино» бөлімі қазақ сахна және экрандық өнерінің тарихы, теориясы және сыны бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын еліміздің іргелі өнертану орталықтарының бірі. Бөлімге әр жылдары А.Жұбанов, Б.Г.Ерзакович, Ә.Тәжібаев, Б.Құндақбайұлы жетекшілік етті.
Бөлімде Н.Львов, В.Мессман, Л.Богатенкова, Л.Варшавский, Т.Есенгельдин, З.Кереева, Р.Ғабитова, Н.Шәукенбаева, Ш.Құсайынов, О.Олидор, С.Ордалиев, Е.Жақыпов, Қ.Қуандықов, Р.Нұрғалиев, Ф.Оразаев, Л.Сарынова, Р.Оспанова, С.Мусина, К.Сиранов, К.Смайылов, Б.Нөгербек, Г.Әбекеева, Б.Нұрпейіс, Г.Жұмасейітова, А.Еркебай, З.Исламбаевалар секілді білікті мамандар театртану және кинотану ғылымын дамыту жолында еңбек етті.
Бүгінде бөлім меңгеруші өнертану кандидаты, театртанушы — Аманкелді Мұқан.
1946-жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Өнертану» секторының құрамында болып жұмысын бастады. «Өнертану» секторына қазақ өнері мен мәдениетінің ірі қайраткері, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов жетекші болды.
1951-61 жылдары Тіл және әдебиет институтында республика театрының тарихы мен теориялық мәселелерін орыс-кеңес ғалымдары: Н.И.Львов, В.Мессман, Л.И.Богатенкова, Л.Варшавский секілді мамандар зерттеп жазды. Осы кезде өнертану бөлімінде: Т.Есенгельдин, Б.Құндақбайұлы, З.Кереева, Р.Ғабитова, Н.Шәукенбаева сынды ұлттық кадрлар театртану ғылымының қыр-сырын игере бастады.
1961 жылы Қазақ КСР ҰҒА Президиумының шешімімен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты болып қайта құрылып бөлім «Театр және бейнелеу өнері» болып аталды. Бөлімге Ш.Құсайынов, О.Олидор, Н.Шәукенбаева, С.Ордалиев, Е.Жақыпов, Қ.Қуандықов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиевтер қосылып қазақ театры мен драматургиясы жайлы іргелі еңбектері дүниеге келді.
1971 жылы Қазақ КСР ҰҒА Президумының № 132 шешімімен «Театр өнері» бөлімі құрылып, бөлімнің меңгерушісі қызметіне фил.ғ.д Ә. Тәжібаев бекітіліп. Бөлім құрамында театр және экрандық өнерін зерттейтін: Ф.Оразаев, Л.П.Сарынова, Р.Оспанова, С.Мусиналар келіп еңбектеніп 1973 жылдан «Театр және кино» бөлімі болып аталғаннен кейін: К.Сиранов, К.Смайылов, Б.Нөгербектер, Г.Әбекеева секілді мамандар ұлттық кино өнерінің қайнар көздерін айқындады.
Институтта 54 жыл еңбек еткен өнертану докторы Бағыбек Құндақбайұлы 1981 – 2010 жылдар аралығында бөлімге жетекшілік етіп, қазақ театрының өткен тарихынан бастап бүгінгі жетістіктеріне дейінгі аралықты, еліміздің бас театры мен облыстық театрлар шығармашылығын қамтитын қомақты ғылыми-зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. Бөлімде 40 жылдан аса жұмыс істеген өнертану докторы Л.Богатенкова қазақстандық театр өнерінің тарихының бастапқы, кеңестік дәуірі мен өтпелі кезеңдегі заманауи үдерістері мен тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат беретін еңбектер қалдырды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Театр және кино өнері бөлімі қайтадан қалпына келтіріліп М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қабырғасында Өнертану мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің қайта ашылды. Бұл Диссертациялық кеңес Б.Құндақбайұлының төрағалық етуімен толымды жұмыс істеп 17.00.01 – театр өнері, 17.00.02 – музыка өнері, 17.00.04 – бейнелеу өнері бойынша өнертану кандидаттарын қорғатумен қазақ өнері мен мәдениетіне қажетті өнертанушы жас ғалымдар қатарын толықтыру ісіне ерекше серпіліс берді.
2010 жылдан бүгінгі күнге дейін бөлім меңгеруші болып өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор А. Мұқан еңбек етіп келеді.
Театр және кино бөлімінің ғылыми қызметкерлері еліміздің сахналық және экрандық өнерінің тарихы, заманауи үдерісі тақырыбына арналған біраз ғылыми зерттеу еңбектерімен көрінді. Олар: Львов Н.И. «Казахский академический театр драмы» Краткий очерк. (1954), «Казахский академический театр драмы» (1957), «Казахский театр» Исторический очерк. (1961), Тәжібаев Ә. «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971), «Қазақ театрының тарихы», І-ІІ том, (1975, 1978), Сарынова Л. «Балетное искусство Казахстана» (1976), Шаукенбаева Н. Актерское мастерство. Творческие портреты мастеров казахской сцены. – (1979), Кундакбаев Б. «Казахский театр» История советского драматического театра» // «История советского драматического театра» Т. 1-6. (1966-1971), Кундакбаев Б. «История театроведения народов СССР». (1987), Құндақбаев Б., Облыстық қазақ театрлары», (1965), Құндақбаев Б., Нұрпейісов К. «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына 40 жыл» (1966), Кундакбаев Б. «Путь театра» (1970), «Режиссер және спектакль» (1971), «Уақыт және театр», (1981), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997), «Заман және театр өнері» (2001), «Театр туралы толғаныстар» (2006), Богатенкова Л.И. «Современное казахское сценическое искусство» (1979), «Верность времени» (1981), «Театр: поиски и надежды» (1983), «Услышать и понять человека» (1987), «В поисках невымышленного времени» (1996), «Казахский театр в годы Великой Отечественной войны» //«История советского драматического театра» – Т. 1-6. (1966-1971), Оразаев Ф. «Жастық шақ театры» (1978), «Очерки истории казахского кино» Ұжымдық жинақ. (1980), Нөгербек Б. «Кино Казахстана» (1998) т.б. секілді іргелі ұжымдық зерттеулер мен авторлық монографиялар болатын.
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде отандық театр мен кино өнерін зерттеуде жаңа межелер назарда болып Театр және кино бөлімі еліміздің белгілі сахна және экран өнерінің мамандарымен тұрақты шығармашылық және ғылыми байланыста болды. Заманауи қазақ сахна өнерін зерттейтін республикадағы негізгі ғылыми-зерттеу орталық болып қалыптасқан бұл бөлімде қазақ театртанушылардың орта және жас буын шығармашылық тобы өнертану докторы Б.К.Нұрпейіс, өнертану кандидаттары: Г.Т.Жұмасейітова, А.С.Еркебай, З.У.Исламбаевалар жұмыс істеді. Олардың ізін басып өнертану магистрлері М.Тәшімова, кинотанушы докторанттар А.Мұратқызы мен Д.Әмірбековалар еңбек етуде.
Бөлімнің ғылыми қызметкерлері қазақ театры мен кино өнеріне арналған 30дан астам ұжымдық монографиялар, авторлық зерттеулер мен жинақтары жарыққа шығарды. Олар: «Алматы театрлары» (2010), «Бағыбек Құндақбайұлы» (2010), «Қазақ сахнасының саңлақтары» (2010), «Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі тәуелсіздік идеясы» 3, 6, 9 кітап. (2010, 2011), Мұқан А.О. «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ опера театры» (2011), «Бағыбек Құндақбаев және бүгінгі өнертанудың өзекті мәселелері» (2012), «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы бойынша «Қазақ театртану ғылымы (қалыптасу кезеңі) 8 том. (2012), «Қазақ театртану ғылымының дамуы» 23 том. (2013), «Избранные труды по театроведению» (2014), «Шетелдік қазақтардың өнері» 1-кітап, (2014), «Искусство казахов зарубежья. 2-книга (2014), «Астана: от геополитического статуса к культурному разнообразию» (2014), Мұқан А., Ләтиева С., Бегімбетова Ғ. «Күләш». Ұлы дала тұлғалары сериясы (2014), «Қазақстан халқының театр өнері» (2014), «Художественная жизнь Астаны в контексте социально-культурной модернезации ХХІ века» (2014), «Қазақстанның заманауи театр үдерісіндегі фестивальдің халықаралық байланыс ретіндегі ролі» (2017), «ХХІ ғасырдағы «Қазақстан театр өнеріндегі инновациялық ізденістер» (2017), «Қазақ сахнасының шеберлері: шығармашылық портреттер. (2017), «Искусство казахов в аспекте общетюркских культурных традиций. Коллективная монография» (2017), Мұқан А.О. «Театр туралы толғамдар», (2019),Жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы көркемөнердің рөлі: «Роль художественной культуры в формировании национального самосознания молодежи» (2020), «Қазіргі заманғы өнердегі мәдени мұраны сақтау және трансформациялау: театр және кино» (2022), «Қазақ театр өнерінің жаңа түсінігі: тарих, тағдыр, процестер» (2024), «Қазақстандық өнертану ғылымы: посткеңестік дәуірді зерттеудің жаңа тәсілдері» (2024) т.б. ұжымдық және жеке монография болып басылып шықты.
Қазір бөлім ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен «Ұлттық театр өнері: тарих және уақыт» іргелі зерттеулер жобасын (2023-2025) және «Қазақстан әдебиеттануы мен өнертануы: әлемдік гуманитарлық білімнің тұжырымдамалық эволюциясы аясында» (2023-2025) атты Театртану ғылымының өзекті мәселелеріне арналған жобаларды жүзеге асыруда.
«Фольклортану» бөлімі
Фольклортану бөлімі алғаш 1930-1940 жылдар аралығында Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының секторы ретінде жұмыс істеп, фольклорлық мәтіндерді жинап, жүйелеумен айналысқан. 1940 жылдары фольклор секторы бөлімшеге айналып, дәстүрлі және кеңестік фольклор зерттелді. Әсіресе, М.Әуезовтің жетекшілігімен 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1-т. Алматы, 1948» деген ұжымдық монографияны ерекше атауға болады.
Фольклорлық мұраларды жанрлық тұрғыдан көптомдық түрінде жариялау 1950-1970-жылдары жүзеге асты. Осы кезеңде «Қазақ эпосы» сериясы бойынша «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қозы-Көрпеш–Баян-сұлу», «Қыз Жібек» жырларының академиялық басылымы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. 1957-1964 ж. аралығында қазақ және орыс тілдерінде үш том «Қазақ ертегілерінің» академиялық басылымы дайындалып, мәтіндер жанрішілік түрлерге жіктеліп, ұсынылды. 1965-1966 ж. фольклортану бөлімі «Айтыстың» да үш томын дайындап, жарыққа шығарды. 1960-1964 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» фольклортануға бірінші томның екі кітабын арнады. «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклорға арналған орыс тіліндегі басылымы 1968 жылы жарық көрді. Сонымен қатар «Қазақ филологиясының мәселелері» (1964), «Казахская народная поэзия» (1967), «Шешендік сөздер. Қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздері» (1967), «Шешендік өнер (Сырым сөздерінің негізінде)» (1969), т.б. кітаптар жарық көріп, фольклорлық жанрлар сол кездегі ғылыми деңгейге сай зерттелді. 1950-1970 жылдары фольклортану бөлімінің ұжымдық монографиялары бүкілодақтық ғылым талабының деңгейінде дайындалды. Мәселен, «Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина» (1972), осындай мақсатты жұмыс «Хайуанаттар туралы қазақ ертегілерін» (1979) жарыққа шығаруда да басшылыққа алынған. 1975 жылы Мәскеуден «СССР халықтарының эпостары» сериясы бойынша «Қобыланды батыр» жарыққа шықты. Фольклорлық шығармалардағы тарихилық және типологиялық зерттеулер мақсатты түрде қолға алынып, ұжымдық іргелі зерттеулер жасалды. «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979), «Қазақ фольклорының типологиясы» (1981), т.б. еңбектер сол ауқымды жұмыстардың айғағы. 1986-1990 жылдар аралығында «Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық» сериясы бойынша 18 том фольклорлық мәтіндер жанрлық ерекшелігі бойынша жарияланды. Сол кезеңде «Қазақ фольклористикасының тарихы. Революцияға дейінгі кезең» атты ұжымдық зерттеу (1988), «Фольклор шындығы» (1990) атты монографиялар жарық көрді.
Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде қазақ фольлорын зерттеу ісі жаңа арнаға түсті. Ұлттық фольклордың бұған дейінгі ашылмаған қырларын шынайы ғылыми тұрғыдан қарастырудың мүмкіндігі туып, бұрын тиым салынған мәтіндер мен фольклортанушылар еңбектері ғылыми айналымға қосылды. Фольклорист ғалымдардың жинаған материалдары жинақ болып шықты.
В.В.Радловтың қазақ фольклорына қатысты жинаған мәтіндері «Алтын сандық» (1991) және «Ел қазынасы – ескі сөз» (1994) деген тақырыптармен алғашқы жарияланым бойынша жарық көрді. «Қазақ фольклорының тарихилығы» (1993) атты ұжымдық еңбекте халықтың әр дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, наным-сенімімен тығыз байланыста өрбитіндігі жан-жақты зерделенген. Фольклорлық поэтика әр жылғы зерттеулерде сөз болған. Дегенмен «Қазақ фольклорының поэтикасы» (2001) атты ұжымдық монография оны ауқымды әрі мақсатты түрде тереңінен зерттеді. Он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклорлық кезеңіне арналған бірінші томы (2008) қазақ фольклорының тарихын жаңаша зерттеуге арналды. Онда фольклор мен әдебиеттің мүлде бөлек екі үлкен арна екенін ашып көрсетті. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2007-2008 ж. аралығында үш том «Мировая фольклористика» жинағы жарық көрді. «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясы бойынша бес том «Ертегілер» (73-77 томдар) жанрішілік-стадиялық ерекшелікке сай дайындалды.
2006-2024 жылдар аралығында атқарылған іргелі, гранттық және қолданбалы жобалар аясында Фольклортану бөлімінен «Қазіргі әдебиет және фольклор» (2008), «Тәуелсіздік және фольклор» (2011), «Шетелдегі қазақ фольклоры» (2014), «Қазақстандағы қазіргі заман фольклоры» (2014), «Қазақ эпосы әлемдік эпостық мұра аясында» (2017), «Қазақ фольклортануының тарихы» (ХVIII-ХХІ ғасырдың басы) (2017), «Қазақ эпосының сюжеттері» (2017), «Қазақ фольклорының қастерлі әлемі» (2020), «Абай шығармашылығының фольклорлық қайнар көздері» (2021), «Ұлы дала ойындары» (жинақ) (2021), «Рухани жаңғыру аясындағы рухани мәдениет» (2022), «Ұлы дала ойындары» (тегі, типологиясы, қоғамдық қызметі) (2022), «Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор» (2024), «Алтын Орда және фольклор» (2024), «Фольклор және қоғамдық сана» (2024) қатарлы ұжымдық монографиялар жарыққа шықты. Классикалық зерттеулер сериясы аясында үш том (11, 13, 24 томдар) дайындалып, ғылыми түсінігі жазылды.
Бүгінде фольклортану бөлімінде 2 филология ғылымдарының докторы: Б.У.Әзібаева, К.І.Матыжанов және 1 филология ғылымдарының кандидаты – Б.Хинаят, 1 аға ғылыми қызметкер Д.С. Жақан, 4 ғылыми қызметкер – Н.Набиолла, А.Мұхамедияр, О.Жолдыбай, Д.Жылқыбай қызмет істейді.
Бөлім қызметкерлері «Қазақ фольклорындағы мифтік сюжеттер мен мотивтер» атты іргелі зерттеу (Жоба жетекшісі: К.І. Матыжанов) және «Әлемдік фольклортану» (2023-2025) (Жоба жетекшісі: К.І. Матыжанов), «Фольклорлық карта» (2025-2026) (Жоба жетекшісі: К.І. Матыжанов) тақырыбындағы қолданбалы зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
М.О.Әуезовтен кейін Фольклортану бөлімінің меңгерушісі қызметін Е.Исмайылов, М.Қаратаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқабасов, Б.Әзібаевалар атқарған.
2018 жылдан бері қарай Фольклортану бөлімі ҚР ҰҒА академигі, филол.ғ,д. К.І.Матыжановтың жетекшілігімен жұмыс істейді.
«Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті» бөлімі
Ғылыми зерттеу аясының негізгі бағыттары:
– Қазақстанның қазіргі әдеби үдерісі
– ХХІ ғасырдағы әлем әдебиеті
– компаративистика
– қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
– ұлттық әдебиеттердің мәдениетаралық диалогы.
Әзірбайжан, Башқұртстан, Беларусь, Грузия, Қалмақия, Қырғызстан, Молдова, Өзбекістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Украина, Хақасияның жетекші ғылыми орталықтары, университеттері, баспа үйлері, консерваториялары, өнер университеттері мен Ғылым академиясының институттары; Венгрия, Германия, Моңғолия, Нидерланды, Корей Республикасы, Түркия, ШҰАА ҚХР-дың жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары; Беларусь, Ресей, Украинаның әдеби мұражайларымен ынтымақтастық туралы Келісімдер мен Келісім-шарттар жасалды.
Әзірбайжан, Башқұртстан, Беларусь, Грузия, Қалмақия, Қырғызстан, Молдова, Өзбекістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Украина, Хақасияның жетекші ғылыми орталықтары, университеттері, баспа үйлері, консерваториялары, өнер университеттері мен Ғылым академиясының институттары; Венгрия, Германия, Моңғолия, Нидерланды, Корей Республикасы, Түркия, ШҰАА ҚХР-дың жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары; Беларусь, Ресей, Украинаның әдеби мұражайларымен ынтымақтастық туралы Келісімдер мен Келісім-шарттар жасалды.
Халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімі 2002 жылы ашылды. Институтта бұған дейін Қазақстандағы орыс әдебиеті бөлімі және Әдебиеттер арасындағы байланыс бөлімі жұмыс істеген. Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімін басқарғандар – филология ғылымдарының докторы, профессор Маданова Маргарита Хамитовна (2002-2006); филология ғылымдарының докторы, профессор Елеукенов Шериаздан Рустемұлы (2007-2009); филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ананьева Светлана Викторовна (2010 жылдан бері). 2012 жылдан – сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімі, 2019 жылдан бастап – халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімі болды.
Жүзеге асырылған ғылыми жобалар:
– Әлемдік көркем үдеріс және тәуелсіз Қазақстан әдебиеті (1991-2001) (жетекшісі – М.Х. Маданова; 2002-2005). «Қазақстан халықтарының әдебиеті» (Жауапты редакторы С.А. Қасқабасов, 2004), Үндістан, Чехия, Түркия елдері ғалымдарының қатысуымен «ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әлем әдебиеті очерктері» (Жауапты редакторы М.Х. Маданова, 2006) ұжымдық монографиялары жарық көрді.
– Егеменді Қазақстанның халықаралық әдеби байланыстары (жетекшісі – Ш.Р. Елеукенов; 2006-2008). РҒА А.М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтымен және Ресей, Румыния және Молдова ғалымдарының қатысуымен «Әдеби-көркем диалог» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2008), «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары» (Жауапты редакторы Ш.Р. Елеукенов, 2008) ұжымдық монографиялары және С. Ананьеваның «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық ынтымақтастықтары» (2006) жинағы жарық көрді.
– Әлемдік әдеби үдеріс және шет ел әдеби сынындағы қазақ әдебиеті (1991-2011) (жетекшілері – Ш.Р. Елеукенов, С.В. Ананьева; 2009-2011). Германия мен Франция әдебиеттанушылары, баспагерлері, аудармашыларының қатысуымен «Интеграциялық үдерістер және қазақ әдебиеті» (Жауапты редакторы С.А. Қасқабасов, 2011); Әзірбайжан, Болгария, Германия, Молдова, Ресей, Румыния, Словакияның жоғары оқу орындарының оқытушыларының, әдебиеттанушыларының қатысуымен «Ең жаңа шетел әдебиеті» (Жауапты редакторы С.А. Қасқабасов, 2011) ұжымдық монографиялары жарық көрді. «Жібек жолы» Баспа үйінде С. Ананьеваның «Қазақстандық Пушкиниана» (2009) және «Қазақстандағы орыс прозасы. ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы» (2010) монографиялары жарық көрді.
– Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халықтарының әдебиеті (жетекшісі – С.В. Ананьева; 2012-2014). «Қазақстан халқының қазіргі әдебиеті» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2014) ұжымдық монографиясы мен С. Ананьеваның «Морис Симашко. Филологиялық оқу тәжірибесі» монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқының әдебиеті» ұжымдық монографиясы басылып шықты. Екінші басылым, толықтырылған (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2014).
– ХХІ ғасырдағы әлемдік әдеби үдеріс (жетекшісі – С.В. Ананьева; 2015-2017). Ресей, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Литва, Өзбекістан елдерінің әдебиеттанушыларымен және әдеби сыншыларымен, жоғары оқу орындарының оқытушыларының қатысуымен «ХХІ ғасырдағы әлемдік әдеби үдеріс» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2016) ұжымдық монографиясы; ҚХР, Ресей, Молдова ғалымдарының қатысуымен «Әлемдік әдеби үдеріс: контент, бағыттар, трендтер» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2017) оқу құралы жарыққа шықты.
– Қазақ-американдық әдеби ынтымақтастықтың жаңа дәуірі (жетекшісі – С.В. Ананьева; 2015-2017). АҚШ ғалымдарының қатысуымен «Қазақ-американдық әдеби байланыстар: қазіргі жағдайы мен келешегі» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2016) және «Еуразия мәдениеті контекстіндегі қазіргі Қырғызстан мен Қазақстанның сөз өнері» (Жалпы редакциясын басқарған Т.А. Асқаров, 2017) ұжымдық монографиялары жарыққа шықты. «Summer Evening, Prairie Night, Land of Golden Wheat. The Outside World in Kazakh Literature» (2016) (Колумбия университетімен бірге) және «Адам және табиғат. Человек и природа. Human and Nature» (Жалпы редакциясын басқарған У. Қалижанов пен Р. Абазов, 2017) деп аталатын қазақ әдебиетінің антологиялары мен «Олжас Сүлейменовтің әлемі» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2015) ғылыми жинағы жарық көрді.
– Шетел рецепциясындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы (жетекшісі – А.Қ. Машақова; 2015-2017). «Шетел рецепциясындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2016) ғылыми жинағы мен «Әлемдік әдебиеттанудағы Абай Құнанбаев» (Жалпы редакциясын басқарған У. Қалижанов, 2017) ұжымдық монографиясы жарық көрді.
– Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі «Мәңгілік ел» тұжырымдамасы (жетекшісі – К.І. Матыжанов; 2018-2020). Беларусь, Грузия, Молдова, Польша, Ресей, Румыния, АҚШ, Франция әдебиеттанушыларының, аудармашыларының, сыншыларының қатысуымен қазіргі әдебиеттің хрестоматиялары «Қазақстан менің тағдырымда» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, Т.1, Поэзия, 2019, Т. 2, Проза, 2020) және «Абай және Новаи» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2018) мен «Жаһандық әлемдегі мәдениет» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2020) ғылыми жинақтары жарық көрді.
– Қазақстан және әлемдік әдеби кеңістік: компаративті зерттеулер (жетекшісі – С.В. Ананьева; 2020-2022). Венгрия, Ресей әдебиеттанушыларының қатысуымен «Шетел дереккөздеріндегі Қазақстан әдебиеті» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2021) ғылыми жинағы мен «Қазақстан және әлемдік әдеби кеңістік: компаративті зерттеулер» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2022) ұжымдық монографиясы жарық көрді.
– Халықаралық контекстегі қазақ әдебиеті: постклассикалық емес эпистемология және плюриверсальдылық (жетекшісі – С.В. Ананьева; 2022-2024). Беларусь, Ұлыбритания, Ресей әдебиеттанушылары мен сыншыларының қатысуымен «Қазақстан әдебиетінің шетелде қабылдануы / Зарубежное восприятие литературы Казахстана» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2023) ғылыми жинағы мен «Халықаралық контекстегі қазақ әдебиеті» ұжымдық монографиясы (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2024) жарық көрді. «Әдебиеттанудағы классикалық және постклассикалық емес талдау» пәнінің бағдарламасына №48426 (17.07.2024) авторлық куәлік алынды (С.В. Ананьева, А.С. Демченко, А.Қ. Қалиева).
– Уақыт пен кеңістіктегі мәдени құндылықтардың транзиті (жетекшісі – К.І. Матыжанов; 2022-2024). «Орыс әдебиетіндегі қазақ тақырыбы: имагологиялық дискурс» (Жауапты редакторы С.В. Ананьева, 2024) ұжымдық монографиясы жарық көрді.
Баспа бетінен жарық көрген ғылыми еңбектер отандық және шетелдік әдебиеттанушылар және сыншылар тарапынан өте жоғары бағаланды. «Ең жаңа шетел әдебиеті» ұжымдық монографиясы – «Қоғамдық ғылымдар» номинациясы бойынша Ғылым академиясы Халықаралық қауымдастығының «Ғылыми кітап» үздік ғылыми-баспа жобасына арналған халықаралық конкурстың лауреаты (Мәскеу, 2012).
«Интеграциялық үдерістер және қазақ әдебиеті» ұжымдық монографиясы – Білім берудегі ақпараттық технологиялардың аймақаралық орталығының «Гуманитарлық саладағы ең үздік ғылыми кітап – 2013» халықаралық конкурсының лауреаты (Ресей). «Қазақстан халқының қазіргі әдебиеті» ұжымдық монографиясы Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінің Дипломымен (2015), Білім берудегі ақпараттық технологиялардың аймақаралық орталығының «Гуманитарлық саладағы ең үздік ғылыми кітап – 2016» халықаралық конкурсының жеңімпаз дипломымен (Ресей) және ҚР өзбек қоғамдық бірлестігі «Дустлик» қауымдастығының «Аргумок» төсбелгісімен (2016) марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп «Мәңгiлiк Елiм менiң. Вечная страна моя» (С.В. Ананьеваның Сөз соңы) антологиясы дайындалды.
Бөлім қызметкерлері Халықаралық ғылыми жобаларға қатысты. ТМД елдерінің Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры (ХГЫҚ) және «Көркем әдебиет» (Мәскеу) баспасымен бірлесіп «ТМД әдебиеті классикасы» сериясы бойынша ТМД елдерінің фольклоры мен әдеби ескерткіштері томдарын дайындады. «Домбырамен ән шырқалар» (2009), «Менің төбемдегі көк аспан» (2010), «Мәңгілік аспан желкені астында» (орыс, ағылшын тілдерінде, 2011) томдары және С.А. Қасқабасовтың «Алтын арқау» (2010) монографиясы жарық көрді.
2010-2011 жылдары «Корей және Орталық Азия мифтерін, ертегілерін, эпостарын зерттеу және цифрлық мұрағаттау» жобасы іске асырылды, Корея Республикасы Мәдениет, cпорт және туризм министрлігінің Азия мәдениетінің Орталық Қаласын құруды ілгерілету департаментімен бірлесіп кеңестер дайындауға С.В. Ананьева, А.Қ. Машақова қатысты. Қазақ фольклорының 9 туындысы Сеулде корей тілінде шыққан «Каzakhstаn» деген кітапта жарық көрді. 2011 жылы Қазақстан, Корей, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен мәдени ресурстарды дамыту бойынша «Қазіргі мәдениет пен мәдени мұра» IV Орталық-азиялық-Корей Кеңесі өткізілді, оның қорытындысы бойынша ғылыми жинақ басылып шықты. С.В. Ананьева «Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығын зерттеу» (РҒА Орыс әдебиеті институты, Санкт-Петербург, 2013), «Ұлттық әдебиеттер тарихы: оқу және қайта оқу» (РҒА А.М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институты, Мәскеу, 2014), «Әдеби трансшекаралық: Ресей мен Қазақстандағы орыс әдебиеті» (Барнаул, 2017), «Сиқырлы реализм» (ҒА, София, Болгария, 2019) деген шетелдік ұжымдық монографиялардың авторларының бірі. «Диалогтағы ұлттық әдебиеттер» (2017, Румыния), «Әлемдік кеңістіктегі орыс әдебиеті» (2017, Венгрия), «Беларусь шығармашылығы мен тағдырында» (2018, Минск), «Шығармашылық ол ерік» (2020, Минск), «Рухани құндылықтар халықтар мәдениетінің негізі ретінде» (2020, Минск) монографияларының бірлескен авторы, редакциялық алқа, редакциялық кеңестердің мүшесі және «Сенімсіз күнге қарай» (Мәскеу, Ресей-Неміс үйі, 2013, 2015) антологияларының авторы, «ТМД елдерінің қазіргі әдебиеті. Проза. Поэзия. Балалар әдебиеті» (Мәскеу, 2023), «Қазақстан – Ресей» (2015, 2016), «Қазақстан – Беларусь» (2020) әдеби альманахтары және тағы басқалардың авторы.
Институттың әдебиеттанушылары мен бөлім қызметкерлері Халықаралық ғылыми конференцияларға – Шота Руставели атындағы Грузин әдебиеті институты (Тбилиси) және Oxford Desert Conference (Оксфорд), ТМД елдері мен алыс шетелдердің симпозиумдарына қатысады. С. Ананьеваның «Абай және ХХІ ғасырдың мәдениетаралық диалогы» (2021) монографиясындағы әдеби құндылықтар мен мәдениетаралық диалогтың жаңа жүйесі контекстінде Абай Құнанбаевтың классикалық мәтінінің мәні ашылады.
Бөлім Қазақстан халқы Ассамблеясымен белсенді ынтымақтасады. «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігінің қолдауымен «Қазақстанның танымал немістері» сериясымен «Эрнст Боос: тағдырдың қиыншылықтары» кітабы жарық көрді (С. Ананьева, 2017). Неміс үйінде Г. Бельгердің туған күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Мицва қауымдастығымен бірлесіп 2021 жылдан бастап Қазақстанның Халық жазушысы М. Симашконың шығармашылығына арналған Халықаралық әдеби оқулар өткізіліп, төрт ғылыми жинақ жарық көрді.
Бөлімнің ғылыми қызметі қазақ әдебиетінің әлемде танылуын арттыруға, көркем аударманы жандандыруға, халықаралық ынтымақтастық пен мәдениеттер диалогын нығайтуға бағытталған.