Қаныш Сәтбаев мәдени мұрасының цифрлық қоры

1927-1928 жылдары жарық көрген еңбектері

Қарсақбай зауытында мыс өндірісі және оның келешегі

Қарсақбай мыс өндірісі Атбасар уезінің қиыр оңтүстік пен батыс аралығындағы Ұлытау кенерінің бітіс адырларының ішінде Ташкен теміржолының бойындағы «Жосалы» (Қармақшы) дейтін станция мен Қарсақбайдың арасында қазір де тәртіпті автомобиль мен кіре қатынастары бар. Қарсақбайдың сыртпен қатынасы көбінесе осы «Жосалы» арқылы болып отырады. 
 
І Өндірістің жасалу тарихы
 
Қарсақбай өндірісінің негізі – Жезқазғандағы мыс кендері. Жезқазған ошағында бұрыннан қазылған кеннің терең орлары бар. Бұл «орлардың» көлеміне қарағанда, ерте заманда Жезқазғаннан кемі 1 миллион тонна (бір тоннада 61 пұт болады) тотықба мыс кені қазылып алынуға керек. Бұл кендердің ішіндегі таза мысы 50,000 тоннан кем емес. Осынша мысты балқытып пайдаланушы қандай халық екендігі мәлімсіз. 1771 жылы Жезқазған кені бірінші рет орыс үкіметіне мәлім болған. (Барон Бон-Трубениерик дейтін әскер бастығының мәлімдеуі бойынша) 19 ғасырдың орта шенінде Ушакуб дейтін көпес Жезқазғанға бірінші рет 4 зайабке орнатқан. (барлық ауданы 16 шаршы шақырымдық). Бұл зайабкелердегі жерді Ушакуб маңдағы қазақ иелерінен 400 сомға сатып алған. 1891 жылы Жезқазғандағы Ушакубтың зайабкелері Разанов дейтін көпестің қолына көшкен. Разанов өз күшімен Жезқазғанды жүзеге асыра алмайтын болған соң, қолындағы заявкаларын 1907 жылы 260 мың сомға ағылшын байларына сатқан. Ағылшындардың қолында Қарсақбай 1920 жылға шейін болып келген. Кеңес үкіметі орнаған соң, ағылшындар қашқаннан былай Қарсақбай өндірісі 1925 жылға шейін «Қырғызстан» бұл күндегі Қазақстанның кіндік шаруа кеңесінің қарамағында болған. 1925 жылдың 10 июньдегі еңбек қорғау кеңесінің жарлығы бойынша Қарсақбай өндірісі жаңадан жасалған одақтық мәміле – «Атбасар тіресінің» қолына көшкен. Атбасар тіресіне үкімет Қарсақбай зауытын 1928 жылдың күзінен қалдырмай барын түзеп, жоғын тауып, жүргізуді міндет қылып тапсырған. 
 
Қарсақбай өндірісіне кіретін кәсіп орындары
 
Қарсақбай өндірісіне кіретін орындары: 1) Жезқазғандағы кен ошақтары; 2) Байқоңырдағы көмір ошақтары; 3) Қарсақбайдағы мыс балқытатын зауыт пен кен іріктейтін фабрика; 4) «Қорғасын» дейтін жердегі кен ошағы. Бұлардың ішінде Қорғасын ошағының кені аз, келешегі үмітсіз, өзгелері қазірде жүруге бет алып жасалып бітуге тақалып келе жатыр. 
Ағылшындардың істеген жұмыстары. 1907 жылдан бастап 1917 жылға шейін ағылшындар Қарсақбай зауытын жүргізу жұмысына шұғыл кіріскен. 1917 жылдан былай төңкеріс кезінде жұмыстарын мүлде тоқтатқан. Ағылшындардың Қарсақбайда бітірген жұмыстары мыналар:
1) Кен балқытатын зауыт пен кен іріктейтін фабриканың жобасын (проектін) толық жасап бітірген; 2) Кен ошақтарына, зауытқа, фабрикаға керек бірсыпыра машина саймандарын сатып алып, Қарсақбайға жеткізген. Бұлардың бірсыпырасы тиісті жеріне орнатылып та біткен (электр саймандары, пар (бу) жасайтын қазандар, ұсталық саймандары; 3) Жезқазған, Қарсақбай, Байқоңырдың арасына ұзыны 12 шақырымдық зауыт теміржолы салына бастаған; 4) Қарсақбай зауытында өндіріске керекті 16 бөлек үй салынып біткен (кен түйетін үйден басқа). Бұл үйлердің бәрі де кейіннен қайта түзетілді. Кейбіреулерінің түзетілуі шығын жағынан жаңадан салудан кем бола қойған жоқ. (мысалы, электр станциясы сияқтылар); 5) Жезқазған, Қарсақбай, Байқоңырда қоса санағанда, айналасы 128 бөлек үй, 17 қазарма салынған. Бұлардың кісі пайдаланарлық жылы ауданы жиыны 17212 шаршы метрдей, 6) Жезқазған ошағында 19 шақты, жиыны 3500 метрдей жер астындағы тіректер қазылған. Бұл тіректер арқылы 37500 тонна мыс берерлік кендер қазылып алынуға дайындалған. Кеннің мөлшерін зерттеу үшін 235 жерден бұрғы салынған. Қазылған шахты, тіректер мен салынған бұрғылар арқылы Жезқазғандағы табылған «анық» және болжаулы мыс запас жиыны 61000 тонна таза мыс беретіндігі анықталған. 7) Байқоңыр көмір ошағында 14 шақты жиыны 12748 метрлік тіректер қазылған. Бұлар арқылы 18000 тонна көмір қазып алуға дайындалған. Көмірдің мөлшерін зерттеу үшін 53 жерден бұрғы салынған. 
 
Қазылған шақты тіректер мен салынған бұрғылар арқылы Байқоңыр ошағындағы «анық» және болжаулы көмір запасының шамасы жиыны 1414000 тонна екендігі анықталған. 
 
Атбасар тіресінің 1925 жылғы июльдегі жасаған есебі бойынша ағылшындардың жоғарғы көрсетілген жұмыстарға сіңірген шығындарының барлық жиыны – 3,500,000 сом ақша.
 
Жоғарғы көрсетілген жұмыстардан Байқоңырда қазылған тіректер мүлде құлап бітелген. Барлық қазылған шақтылардың бойын қайта түзету шараларын тілерлік халге келген. Тасып әкелінген машина саймандарының бірсыпырасы қазір де ескіріп, техниканың жаңа замандағы тапқан қолайлы әдістеріне сәйкес келмейтін болған соң, қазір де керексіз, артық түрде қалып отыр. Әсіресе, кен іріктейтін фабриктің әдістерінде соңғы он жылдың ішінде көп жаңалықтар туған. Сондықтан ағылшындардың кен іріктеуге әкелген машина-саймандары қазір де түгел керексіз түрде болып қалды. 
 
Атбасар тіресінің істеген жұмыстары. 1925 жылдан бастап қазірге шейін Атбасар тіресінің Қарсақбай өндірісіне істелген жұмыстары мыналар:
 
Мыс балқитын зауыт пен кен іріктейтін фабриктің бұрынғы жобасы (проект) қайта сыналып, кейін толықтырылды. Әсіресе, жаңарған кен іріктейтін фабриканың жобасы. Бұл жобаларды қарап бекітер алдында Атбасар тіресі одақтағы және шет мемлекеттердегі кен жұмыстарын зерттейтін атақты орындарының көбімен байланыс жасап, пікірлерін тыңдады. Бұл мекемелердің ішінде: Мәскеудегі кен академиясы, Ленинградтағы кен зерттейтін, Германиядағы «Екоп», ағылшындағы «Минерал сеперойшон», Америкадағы «Женерал инженерінің» фирмалары бар;
 
Жезқазған ошағына керекті барлық машина саймандары, басқа түрлі жабдықтары орнатылып бітіп, 1928 жылдың 1-январынан былай кен шығарыла бастады. Өндірісті өркендету үшін Жезқазғанға жаңадан электр станциясы салынып бітті; 
 
Байқоңыр ошағына керек саймандары түгел орнатылып, 1927 жылдан былай толық жүргізіле бастады; 
 
Жезқазған, Қарсақбай, Байқоңырдың арасын қосатын ұзындығы 120 шақырымдық отарба жолы салынып бітіп, керекті паровоз, вагондары дайындалып, 1927 жылдың күзінен бастап отарба қатынасы орындалды; 
 
Ташкент теміржолындағы Жосалы станциясы мен Қарсақбайдың арасында ұзындығы 375 шақырымдық арба жолы түзеліп, бойына жаңадан 16 жерден бекет үйлері салынып, үздіксіз машина, кіре қатынасын қамсыздандыратын түрге әкелінді. Кіре қатынасына керек боларлық быршке арбалар жеткілікті түрде дайындалды (жиыны 2000-нан артық);
 
Машина қатынасы үшін 25 жүк таситын автомобил дайындалды. Бұлардың әрқайсысы бір жолында 180 пұт жүк салып кетуге мөлшерленген;
 
Кен іріктейтін, мыс балқытатын зауыттарға керек машина саймандар түгел тасылып дайындалды;
 
Жосалы мен Қарсақбайдың арасына телефон қатынасы жасалынып бітіп келеді;
 
Ағылшындардан қалған үй-қазармалардың бәрі де қайта жамалып, түзетілді. Оның үстіне соңғы 2 жылдың ішінде жаңадан 65 үй салынды (284 пәтерлік). Осы жылдың ішінде тағы жаңадан 20 үй (80 пәтерлік), 5 қазарма салынбақшы. Қазіргі кезде Қарсақбай өндіріс орындарындағы үйлердің кісі тұрарлық ауданы 22,000 шаршы метрге жетті. Бұл аудан ондағы тұрушы әрбір адам үшін 3,5 шаршы метрден келеді (қызметкерлердің үй ішіндегі жандарын түгел есепке алғанда). Осы жазғы салынатын жаңа үйлер біткенде, зауыттағы әрбір тұрушы адамға 4,4 шаршы метр пәтер ауданы келмекші. Бұл госпланның беріп отырған пәтер мөлшерінің процентіне тең болады; 
 
Жезқазған ошағында жаңадан бұрғы зерттеуі жүргізіліп, 12,600 тонна берерлік кеннің жаңа қоры табылды.
 
 Атбасар тіресінің Қарсақбай өндірісін жасап бітіріп, жүргізу жұмыстарына ұстайтын шығындары 10,500,000 сом ақша. Бұның 1927 жылдың 1 октябріне шейін 6,600,000 сомы ұсталып бітті. Ол ақшаға барлық керек жұмыстың 60 проценті орындалып отыр. 1928 жылдың 1 апреліне шейін барлық жұмыстың 76 проценті орындалып отыр. Қазір де жұмыстың барыс беттері де көңілдегідей қызу түрде. 
 
Өндіріс мөлшері. Мыс балқытатын зауыттың жылдық өндіріс мөлшері 5000 тон (300,000 пұт) таза мыс. Бұған қарата шақталып: 
 
Жезқазған ошағының жылдық өндірісі 60,000 тонн, 10 процентті мыс кендерін қазып шығару;
 
Байқоңыр ошағының жылдық өндіріс мөлшері 65000 тонн таскөмір қазып шығару; 
 
Кен іріктейтін фабриктің жылдық өндірісі 60,000 тонн кеннен, 17,000 тонн, 34 процентті мыс концентратын даярлап шығару;
 
Зауыт теміржолының жылдық өндірісі 8,000,000 тонна километрлік жүк тасып отыру;
Жосалы мен Қарсақбай арасында машиналар мен түйе кіресінің жылдық өндіріс мөлшері 6000 тонна жүк тасып беру. 
 
Өндіріс мөлшерін молайту жолдары
 
Егер де қосымша мыс балқытатын тағы да бір көлемі қазіргіден гөрі кішірек зауыт пеші салынса, Қарсақбай зауытының жылдық өндіріс мөлшерін 7500 тоннаға жеткізуге мүмкін болар еді. Бұдан әрі молайту үшін жаңадан үй салу, машина әкелуге керек болады, оның шығыны күштірек болмақ.
 
Жосалы мен Қарсақбай арасына түйе кіресі ең жіті жүргенде 22 күнде толық бір айланады. Машиналардың толық айналысы орта есеппен 5-6 күн. Ауа райы мен жол жағдайлары бойынша Жосалы мен Қарсақбай арасындағы қатынас жылында алты ай ішінде ғана үздіксіз болуына мүмкін (майдан ноябрге шейін). Жылдың басқа уақыттарында қатынасу не қиын, не тіпті мүмкінсіз. Сондықтан түйе мен машина жолы Жосалы мен Қарсақбай арасында жылына ең өндіргенде 7000-7500 тонн жүк тасып бітіруге ғана шамалы. Сондықтан осы Жосалы мен Қарсақбай арасындағы кіре өндірісінің келешектегі кеңеюіне ең шаргез болатын кедергінің бірі. Оны өзгертпей (өзгерту үшін теміржол керек) Қарсақбай зауытының жылдық өндірісін 7000-7500 тоннадан асыру аса қиын нәрсе. Кен ошақтарының, кен іріктейтін фабриктің, зауыт теміржолының өндіріс мөлшерлерін мыс балқытатын зауыттың өндірісіне қарай шамалап қалаған мөлшерге әкелу жолдары мүмкін нәрсе. 
 
ІІ Қарсақбай өндірісінің келешегі

Зауыт өндірісінің келешек жағдайлары төменгі 4 негізгі шарттарға байлаулы. Олар мыналар: 
 
Профессор Барукиын өзінің «Металлургия в Кир. степи» дейтін кітабының 204-бетінде күшті кен өндірісіне екі∗ шарт керек, олар: 
 
Кен ошағының мөлшері: кеннің «көзділігі»; 2. отын мәселесі; 3. қатынас жағдайы; 4. зауыт аймағындағы жалпы шаруашылық күйі. Қарсақбай өндірісіне беретін бұл төрт шарттың жағдайы әр басқа. Сондықтан оларды жеке қарастырып өтейік.
 
Кен ошағының шамасы
 
Қарсақбай өндірісінің негізі Жезқазғандағы мыс кендері екендігін жоғарыда айттық. Жезқазған аймағы кен жағынан әлі де шала зерттеулі күйде. Бірінші рет Жезқазған ошағын ғылым жүйесіне тіреп түзу зерттеген адам Американың шебері Сидней Болл дейтін. Ол 1910 жылы Жезқазған туралы толықша кітап жазған. Одан былай Жезқазған ошағын «жолсоқты түрде» Козароп, Краснополский, Пригропский, Пазукин, Ниме дейтін орыс шеберлері зерттеп өткен. Соңғы жылдарда Жезқазған ауданын жаратылыс және кен жағынан Ягопкин дейтін орыс шебері толық тексеріп жүр. 
 
Жаратылыс жағынан алғанда Жезқазған аймағы бірыңғай тұнба тау жыныстарынан құралған. Бұл тұнба тастар төменнен жоғары санағанда мынадай заттардан құраулы:
 
1) Олақ қатындардың қосқан женті сияқты «мың құрау» түйіршік аралас дөрекі құмтастар; 2) ізбез және балшықты тақта тастар; 3) қоңыр түсті ізбез тастар; 4) жасыл, не сұры түсті майда құмтастар; 5) қалың қыртысты қызыл және сұр құмтастар, бұлар жоғары келе бор бас, балшықты тақта тастарға айналып кетеді.
 
Кен жағынан бұл жіктердің ең маңыздысы соңғы 5-жік. Бұл жікке кіретін тау жыныстарын Болл сондықтан «Атбасар жігі» деп атайды. Ягопкин «Жезқазған жігі» дейді. «Атбасар жігіндегі» тау жыныстарының өзін Болл шебер 20 бөлек жеке қыртыстарға талдап, оның ішінде 5 бөлек қыртыс қашанда кен тастарына ие болатындығын ашып кеткен. Ягопкин дейтін орыс шебері 5-жікті төменнен жоғарыға қарай есептегенде мынадай қыртыстарға бөледі:
 
Ең төсеніштегі тас: ізбез. Оның үстінде қалыңдығы 190 метр құмтас қыртысы бар. Осы құмтастың ішіндегі мыс кендері қазір де «Анненский» шақтасының Жезқазғаннан 8 шақырым батыс жақтағы «Жаңай» адырларының және Жезқазғаннан 18 шақырым Жыланды өзеніндегі «Тілеу жартас» дейтін тастарда жер бетіне шығып жатыр. 
 
Қалыңдығы 240 метр кен жоқ қызыл балшықты тақта тастар.
 

Қалыңдығы 100 метр сұр, не жасыл түсті, майда құм тастар. Кеннің күшті көзі осы құмтастарда. Жезқазған ошағының ауданы үнемі осы құмтастармен бүркеулі. 

Қалыңдығы 170 метр балшық араласқан майда құмтастар. Кен жағынан соңғы қыртысы әлі күнге шейін көмескі. 1926 жылы болған электр зерттеуі осы қыртыстың бойынан 2 жерде мыс кендері барлығын көрсетіп отыр (Жезқазған мен Тасқұдықтың арасында). 
 
5-жіктегі тау жыныстарының жалпы жотасы шығыстан батысқа қарай бет алған. Құламы оң жаққа қарата орта есеппен 100-150. Жезқазған ошағының ішінде 5-жіктегі тау жыныстары осы жерде томпиып жоғары көтеріледі.
 
5-жіктегі тау жыныстары ерте замандағы теңіз суларының жиекке тақау, саяз жерлеріне тұнған заттар. Бұл теңіз, Боллдың пікірінше, таскөмір дәуірінен бері болуға керек. Ягопкин оны тас көмір дәуірінің орта шенінде болды дейді. Жезқазған аймағы ерте заманда күшті «сілкіну» дәуірін өткізген. Сілкінудің әсерінен ауданда көп жерде сызат, жарықтар жасалған. Кен булары тереңнен осы жарықтар арқылы жоғары шыққан. Бұл жарықтардың жотасы көбінесе шөлейт пен шығыс аралығынан оң мен батыс аралығына қарата беттеулі. 
 
Кен денелерінің жатыс түрі
 
Жезқазғандағы мыс кендерінің жатыс түрі жалпақай текше сияқты. Зерттелген жердегі кен текшелерінің ұзыны: 90 метрден 150 метрге шейін. Ені 75 метрден 150 метрге шейін. Қалыңдығы 0,5 метрден 8 метрге шейін барады. 
Әрбір кен текшесінің көлемінде 35,000 тоннадан 60,000 тоннаға шейін кен тасы бар. Кейбір текшелердегі кен тасының мөлшері жаңадан зерттеу болған шартта көбею ықтималдығы бар. Кен текшелерінің жатысы кейде жатық, кейде көлбеу (45 градусқа шейін). Кен текшелерінің жатыс түрі мен шамасы ерте кездегі жер сілкінуде жасалған жарықтарға байлаулы. 
 
Кен тастары. Жезқазғандағы кен тастарының ең негізділері: халкопирит, борнит, пирит дейтін минералдар. Бұл кен ошағының «тұнба» жерінде өзгеріп: халкозин, куприт дейтін минералдар жасайды. Не таза мысқа айналады. Тотықпа бөлімдегі кен тастары: малахит, азурит, хризоколла дейтін минералдар. Кен ошағының шығыс бөлімінде салынған ағылшындардың 2 бұрғысынан таза күміс шыққан. Қорғасынның тотықпа кендері де Жезқазғанның әр жерінде жиі кездесіп отырады. Кеннің тотықпа бөлімі 10-15 метр тереңдікке шейін барады. «Тұнба бөлімі» 10-60 метрлерге шейін барады. Одан тереңде негізгі кен тастары бар. Жезқазғандағы кендерді төменгі үш жікке бөлуге мүмкін:
 
1) Тотыққан кендер; 2) Шайырлы сом кендер, 3) Шайырлы шашылма кендер. 
 
Тотыққан кендер жер бетіне тақау, «саяз» жерден табылады. Бұлардың ішіндегі мыс 4-ден 17 процентке шейін, екінші жіктегі кендер Жезқазғанның қазіргі кездегі ең шұрайлысы. Бұлардың ішіндегі мыс 12-ден 17 процентке шейін. Шашылма кендер үнемі екінші жіктегі сом кендердің қоршаушы есебінде кездесіп отырады. Сом кендердің шашылма түрге ауысуы, шашылма кендердің жай құмтасқа айналуы көзбен айырғысыз, кенеттен емес, бір-бірлеп өзгереді. Шашылма кендердегі мыс «жоқтың қасынан» 6-7 процентке шейін. 
 
Жезқазған кенінің жасалу негізі. Жезқазған ошағындағы кендер жер астынан шыққан қызулы мыс буланып барып құмтас қыртыстарына сіңуінен жасалған. Мыс буларын шығарушы әлі де аршылып жер бетіне шықпай жатқан тереңнен көтерілген гранит сияқты бір отты тау жынысы болуға керек. Бұған мынау дәлелдер бар:
 
Жезқазғандағы кен тастарын жасайтын минералдар қашанда қызу мөлшері күшті шартта жасалатындар;
 
Кен минералдарына ие болушы құмтастардың үстінде жамылыс есебінде қалың балшық тақта тастарының қыртысы бар. Балшық тақта тастар қашанда сұйық нәрселерді, не буды өздеріне өткізбейтіні мәлім нәрсе;
 
Кен тастары Жезқазғанда көбінесе құмтастардың жоғары көтерілетін «бүкір» бөлімдерінде жиі кездеседі; 
 
Жезқазған аймағындағы кездесетін, ерте заманда жасалған жердегі сызаттар мен жарықтардың бәрінде де күшті қызудың шарпу әсерлері күшті. 
 
Жезқазғандағы кеннің жасалу негізі жоғары түрдей бөлуі Жезқазғанның зерттелмеген терең бөлімдерінде кен тастарының бар болуына мықты сенім беруге шамалы. 
 
Жезқазған жынысының аймақтағы жалпы ауданы. Кен тастарына ие болушы, жоғарғы айтылған 5-жіктегі тау жыныстары жалғыз Жезқазған ошағында ғана емес, ауданның көп жерінде жер бетіне шығулы. Якопкин дейтін шебердің жасаған картасы бойынша 5-жіктегі тау жыныстарының Қарсақбай аймағында алатын ауданы 1000 шаршы шақырымнан көрі артығырақ. Бұл ауданның көп жерінде жасалымы Жезқазған сияқты көп кен ошақтары бар: Жыланды, Қарашошақ, Тілеутас, Әділбек, Күйетті, Тасқұдық тағы басқалар сияқты. 
 
Сондықтан Қарсақбай аймағындағы мыс қоры жалғыз ғана Жезқазған ошағы деп есептеу қате. Қарсақбай мәселесі толық шешілген шартта Қарсақбай аймағында Жезқазғаннан басқа тағы талай жерлерде толық зерттеу жұмысын жүргізу керек болады. Бұл зерттеулердің пайдалы жеміс беруіне жалпы мынадай қолайлы шарттар бар:
 
Кен буларының басқа тау жыныстарына емес, құмтастарға кездесіп, соларға сіңуі құмтастардың ішіндегі қуыс жерлер басқа тастардан көрі көп болады (құм тастардың ішіндегі қуыстар тас көлемінің 10-нан 28 процентіне шейін). Америкадағы «Киоиноу», «Аризона», «Колорадо» дейтін атақты мыс кендері де осы Жезқазған сияқты мыс буларының құмтас қыртыстарына келіп сіңуінен жасалған.
 
Құмтастардың үстіндегі жамылшы сұйық заттарды өткізбейтін, балшықты тақта тас жынысы болуы. Соңғы шарт мыс буларының көтеріліп келгенде тақта тастарға тіреліп, олардан өте алмай, булығып қайта кейін қайтуына, астындағы құмтастардың бойын өрлеп көп жерлеріне жайылып отыруына зор септің бірі. 
 
Кен жаратылысының тереңнен қызулы болып шыққан мыс буларына байлануы. Бұл шарт аудандағы кен ошақтарынан кенді терең жерден іздеп табу мүмкіндігіне аса маңызды себеп.
 
Ауданның ішіндегі жер сілкінуден жасалған жарық, сызаттардың жиі кездесуі. Бұл жарықтар пештің мойны сияқты мыс буларын тереңнен жоғары тартып әкеліп құм тастарына кездестіруге үлкен септің бірі болған.
 
Жезқазған ошағының бұрынғы ағылшындар мен орыстар «зайапкелеген» ауданның жиыны – 200 шаршы шақырым. Бұның 60 шаршы шақырымы – ағылшындардың «зайапкесі», қалғаны – бұрынғы орыс көпестерінікі. Ағылшын зайапкелері тегіс кенді, орыс зайапкелерінің ішіндегі кенділері 40 шаршы шақырымдай (мұнда «кенді» дегенді кен тастары 150 метр тереңнен жоғары кездесетін жер деп ұғыну керек). Сонымен Жезқазған ошағындағы кенді ауданның жиыны 100 шаршы шақырымдай бар. Осынша жерден ағылшындар 1907 жылдан бастап 1915 жылға шейін барлығы 90 десетіне жерді ғана бұрғымен зерттей алған. Барлық салған бұрғыларының саны 235, әр бұрғының орта тереңдігі – 60 метр (ең терең бұрғыларының бойы 120-150 метрлерден артпайды). 90 десетіне жерден тапқан ағылшындардың барлық мысы – 60,931 тонна. Бұдан орта есеппен әрбір десетінеден: тонна мыс табылғандығы көрінеді. Табылған кеннің шамасы ағылшындардың салуға ұйғарған зауытына 12 жыл азық болуға жараған. Одан артық зерттеуге ақша шығын қылуды өздеріне пайдасыз деп біліп, ағылшындар бұдан кейін зерттеу жұмысын мүлдем тоқтатқан. Зерттеген 90 десетіне ағылшындардың Жезқазғандағы барлық зайапкелі жерлерінің 70-тен бір бөлігі ғана. Қалған бөлімі әлі де зерттеусіз. Және де зерттеген жерінің өзінде ағылшындар «кен» есебіне «мыс» орта есеппен 10 проценттен кем болмайтын кен тастарын ғана қосқан. Одан төмен мысы бар тастарды елемей отырған. Бұған қарағанда, егер де Қарсақбай мәселесі толығынан қойылғанда, кен қоры Жезқазғанда: а) зайапкелі жерлерден жаппай тегі зерттелуі керек; б) зерттеу үшін салынатын бұрғылар ағылшындардың салған бұрғыларынан көп терең болуы керек (тереңдігі 250-300 метрге шейін); т) мыс қоры есептелгенде бір ыңғай сом кендер алынбай, есепке тотықпа және шашылма кендерді де қосуға керек. Осы 3 шарт орындалса Жезқазған ошағының мыс байлығы сонда ғана анық мәлім болады. 
 
Мыс кендерінің шамасы
 
1915 жылғы жаз жасаған есептері бойынша ағылшындардың Жезқазғанда тапқан «анық» және «болжаулы» кен запастарының мөлшерін төмендегі таблицалардан көруге болады: 
а) Анық запас (4 жағынан бірдей «орланған» запас). 
Кеннің шамасы Мыстың барлығы Ішіндегі барлық мыс
146688 тонна 12,91% 18,960 тонна
 
б) Болжаулы запас (бұрғымен зерттелген)
Кеннің шамасы Мыстың барлығы Ішіндегі барлық мыс
383,147 тонна 10,94% 41,932 тонна
 
 
1927 жылдың жазына Атбасар тіресінің жасаған зерттеулері Жезқазғаннан жаңадан 12600 тонна таза мыс берерлік соны мыс кендерін тауып отыр. Бұны қоссақ, Жезқазғандағы бұрғымен табылған болжаулы запастың шамасы 51,000 тонна мыс зерттелгені анық. Болжаулы запастардың жиыны 69,000 тонна мыс екендігін табамыз. 
 
Күмәнді запас
 
Жезқазған ошағының күмәнді кенін есептеудің алдында, төменгі біраз сөзді ескертіп кетуді мақұл көрдік. Ол сөз жер астындағы көмулі кенді қалай есептеу керек екендігінің жүйесі турасында. Жер астындағы кенді есептеудің жүйесі яки анық, қанықтығына қарай кен запасын түрлі жікке бөлудің әдістері әлі күнгіше ғылымда талас мәселенің бірі. Бұл мәселелерді талқыға салып, зерттеп белгілі бір жолға келтіру үшін одақтық кен зерттеуші мекеме (геолоком) 1925 жылдан бастап әдейі комиссия жасаған. Бұл комиссияның ішінде де сөз бірікпей, ақыры мамандардың көпшілік сынына комиссияның жасаған екі түрлі жобасы қатар түсіп отыр. Оның бірі профессор Трушковтың жасаған жобасы, екіншісі Болдаров, Василиев дейтін профессорлардың жасаған жасаған жобасы*. Бірақ бұл екі жобаның қайсысында болсын жер астында жатқан шақты, штірек жүрмеген, бұрғы салынбаған, әйтсе де барлығы ғылымның басқа әдістері арқылы мәлім болатын кеннің «соны бөліміндегі запасты өндірістің ілгергі жоспарын қолдануға толық мүмкіндік береді, бұл жалпы әдістеме жағынан беріліп отырған «рұқсат». Енді өмір жүзінде «машықтама» жолында кеннің «күмәнді» запасы не орында болып отыр екен? Соған келейік: бұған келсек одақтық госпланның алдағы 15 жылға жасап отырған мыс өндірісі туралы жоспарының қақ жарымынан көбі осы күмәнді кендерге негізделіп отырғанын көреміз. Одақтық өндірістің 15 жылда балқытып шығаратын мысының шамасы 714,000 тонна, қазір де мыстың барлық зерттеу қоры 300,000 тонна. Бұған 1926 жылы одақтық госпланда мыс кендерін зерттеу туралы Михеевтің жасаған баяндамасының 1-5-беттері мен 15 жылдық түсті металл өндірісінің жоспары туралы Ивановтың жасаған баяндамасының 1-2-беттері дәлел. 
 
Екінші жақтан Оралдағы «Богомол» сияқты күшті зауыт ту баста тек күмәнді мен болжаулы мыс кендеріне негізделіп салына бастаған («анық» кен ашылмаған кезде). Бұны 1926 жылы ОСВОК бастырған «Цветная металлургия» дейтін еңбегінің І жіктегі 1-кітабының 60 бетінен көруге болады. 
 
Оның үстіне Жезқазғандағы қазір де «зерттеулі» болып саналып отырған кендер ағылшындардың жасаған зерттеуінің жемісі. Ағылшындар зерттеуін басында тек белгілі бір мақсатпен жасаған. Ол мақсат: салынып жатқан Қарсақбай зауытына 10-15 жыл азық боларлық кен қорын табу. Бұл мақсат орындалған соң, зерттеу жұмысына артық шығын төгуді пайдасыз көріп, ағылшындар зерттеуін де доғарған. Сондағы зерттеген жері Жезқазған ошағының 1000-нан 9 бөлімі ғана. Бұл жердің өзінде де зерттеу толық емес, шала. Бұрғылардың тереңдігі 100-150 метрден төмен түспеген. Табылған кеннің есепке ең «шұрайлысы» ғана кірген, қалғандары еленбеген. 
 
Жезқазған ошағының ғылым жүйесімен қарағанда, жаратылысы аса маңызды. Сондықтан жоғарыдағы дәлелдерді негіз қылып біз төменде Жезқазған ошағының күмәнді кендерінің шамасын ашқымыз келеді. 
 
Жезқазған ошағындағы «күмәнді кендердің шамасы туралы» бұрында қазақ даласындағы кендердің белгілі зерттеушілерінен инженер Тиме, Русаков, Ягопкин дейтін орыстың 3 шеберлері пікірін жариялаған. Сондықтан әуелі бұлардың сөздерін қарастырайық. 
 
Инженер Тименің пікірі•: «Жезқазғандағы зерттелген әрбір десетінеден орта есеппен 670 тонна мыс табылған (барлық зерттелген бөлім 90 десетіне, оның өзі де шала). Жезқазғандағы кенге ие болған мысты құм тастардың ауданы 100 шақырымнан, яки 10,500 десетінеден гөрі артығырақ. Бұлардың ішіндегі мысы өзгеріссіз үнемі бір мөлшерде болып отыратын сияқты. Сондықтан болжау қисыны бойынша келешекте табыларлық мыстың мөлшері өткен зерттеудің берген жемісінің 10 проценті ғана болсын десек, сонда Жезқазған ошағындағы күмәнді запас: 10,500 таза мысы болар еді. Мұнда ескеретін нәрсенің бірі ағылшындардың тапқан «анық» және «болжаулы» запастарының ішіне тек мысы 6,5 проценттен төмен болмаған жоғары сорттың кендері ғана енген. Егер де өндіріс жағдайлары маңызы бұдан көрі төмен кендерді де пайдалануды көретін болса, жаңағы көрсеткен «күмәнді» шаманы тағы да 30-40 процентке арттыруға керек болады». 
 
Русаков пен Ягопкиннің 1925 жылғы пікірі•: «Жезқазғандағы зайапкелердің ауданы – 40 шаршы шақырым. Оның зерттелген бөлімі 7 десетіне, зерттелген бөлімінен 50,000 тоннадай таза мыс табылған. Кендегі мыстар 1-2 проценттен 9-12 процентке шейін жаңадан есепке алатын аудан 3, 5 десетіне, кеннің тереңдігі – 100 метр. Кендегі мыс 2 процент, мыстың барлық күмәнді шамасы – 175,000 тонна».
 
Ягопкиннің 1928 жылғы жасаған есебі•: «Жезқазған мен Тасқұдықты қоса алғанда зерттеу керек қылатын жердің ауданы барлығы 20 шаршы шақырымдай. Осы күнге шейін бұлардан зерттелгені 5 шаршы шақырым. Зерттелген жерден табылғаны – 60,000 тонна мыс. Егерде қалған бөлімдеде кен мөлшері ілгергідей болар десек, Жезқазғандағы мыстың күмәнді запасы 200-250,000 тоннадай болар. Кен ішіндегі мысы бірақ, 5 проценттен артық болмас». Көруімізше, бұл 3 шебердің сөздері бір жерге құйылмай, бытыранды шығып отыр. Сондықтан бұлардың қолданған негізгі деректеріне көз салып көрейік.
 
Кеннің зерттелген бөлімі
 
Кеннің зерттелген бөлімінің шамасы:
Инженер Тименің есебінше 90 десетіне; 2) Русаков пен Яговкиннің 1925 жылғы есебінде 7 десетіне; 3) Яговкиннің 1928 жылғы есебінде 5 шаршы шақырым. Зерттелген бөлімнің шамасын айырғанда:
 
Тиме бұрынғы ағылшындардың ескі зерттеу карталары мен жер астындағы олардың пландарын қолданған; 2) Русаков пен Яговкин 1925 жылы тек ағылшындардың төрт жағын орлап, қазып шығаруға дайындап қойған кендерінің ауданын қолданған; 3) Яговкин 1928 жылында басқа дәлелсіз «көз мөлшерін» ғана қолданып отыр. 
 
Біз төменде ағылшындардың карта деректеріне сүйеніп Жезқазғандағы зерттелген мыстың ауданын 90 десетіне деп қолданамыз. 
 
Жезқазғандағы «кенді ауданның» шамасы, Жезқазғандағы зерттеу керек қыларлық кенді ауданның шамасы:
 
Тиме – 10,5 шаршы шақырым жерді есептейді; 2) Русаков пен Яговкин 10,5 десетіне санайды; 3) Яговкин 1928 жылы 20 шаршы шақырым болар дейді. Бұлардың 10,5 десетіне дейтіні қисынсыз сөз. Қалған екеуінің жобасы да болжаулы. Сондықтан біз төменде ол екеуінің пікірінің орталығын қолданамыз. Бұл шартта Жезқазған ошағының Кенді ауданы:  шаршы шақырым, яки 1600 десетіне болады.
 
 
 
 
Жезқазғандағы зерттелген әрбір 
десетінеден табыларлық мыс
 
Кенді ауданның әрбір десетінесінен шығарлық мыстың шамасы:
 
Тименің есебінше 670 тонна; 2) Русаков пен Ягопкиннің есебінше 714 тонна; 3) Ягопкиннің 1928 жылғы есебі бойынша 140 тонна. Бұл есептердің бәрінде де кеннің ішіндегі мыс орта есеппен – 10 процент.
 
Ауданның «кенділік» мөлшері қашан да зерттелген жердің мөлшері мен табылған кеннің шамасына қарай айырылады. Жезқазғандағы зерттелген жердің барлық ауданы – 90 десетіне. Одан табылған кеннің шамасы 60,892 тонна, олай болса зерттелген әрбір десетінеден табыларлық мыс орта есеппен  тонна болуға керек. 
 
Өйтсе де, біз келешекте сақтық үшін «кенділік мөлшеріне» жаңағы 3 шебердің пікірінің орталық есебін аламыз. Бұл шартта Жезқазғандағы әрбір зерттелген десетінеден табыларлық мыстың мөлшері:  тонна болады.
 
Бұл санда қанша сақтық барлығын көру үшін өткен жылғы Атбасар тіресінің жасатқан бұрғы зерттеуінің қорытымын көрейік.
 
Атбасар тіресінің 1927 жылғы жасаған бұрғы зерттеуінің қорытымы. 
 
1927 жылдың жазында Атбасар тіресі Жезқазғандағы бұрғы зерттеуін жүргізді. Бұрғы салу үшін өткен жылғы электр зерттеуі қолайлы тапқан. Бұрын ағылшындар зерттеу жүргізбеген «Петропавл» дейтін зайапкедегі бір төбешік таңдалып алынды. Бұл жердегі 1927 жылы зерттелген ауданның жалпы шамасы 8 десетіне, бұдан табылған таза мыс 9450 тонна, бұның ішінде:
 
Бірінші сорттық кен Ішіндегі мыс Барлық мыс
42760 тонна 14,73% 6300 тонна
2 сорттың кені
170600 1,84% 3150 тонна
Барлық мыс кені
213360 4,45% 9450 тонна
 
 
Бұл жердегі «кенділік» мөлшері әрбір десетінеге бөлгенде мынадай болып отыр:
Бірінші сортты кендерді алсақ: .
2-сортты кендерді алсақ: 
Екі сортты қосып жалпы алсақ: 
 
Мұның үстіне жоғарғы мыстың ішіне талдам жасалып бітпеген себепті кейбір бұрғылардың тапқан мысы мен кеннің жоғарғы бір қыртысындағы мыстың шамасы қосылмай отыр. Бұларды еске алсақ, 1927 жылғы жасалған бұрғы зерттеуі жиыны 12600 тонна таза мыс тауып отыр (барлық табылған кен 274800 тонна. Ішіндегі мыс 4,6%). Соңғы шама әрбір десятинаға:  тонна таза мыс береді.
 
Біздің алмақшы болған 508 тонна мысымыз сонымен 1927 жылғы зерттеуден табылған «тәжірибе» шамасына 3 есе кем екендігі ұсталып отыр. 
 
Жезқазғандағы күмәнді мыстың шамасы. Жоғарғы көрсетілген деректерді қолданып Жезқазғандағы:
 
Кенді аудандардың мөлшерін 1600 десетінеге;
 
Кенділік мөлшерін әрбір десетінеге 508 тонна мысқа шамаласақ, Жезқазған ошағындағы мыстың күмәнді запасы: 1600508 тонна болады. Келешекте бірыңғай жоғарғы сортты кенді пайдаланып отыру ысырапшылдық. Қазіргі Америкада пайдаланып жатқан кендердің ішіндегі мыс – 0,7%. Американы қойып, өзіміздің одақтың өз ішіне келсек, Орал зауыттарының қоректеніп отырған кендерінің ішіндегі мыс 1,5-тен 4 процентке шейін. Сондықтан Жезқазған өндірісі де келешекте 10 процентті кендерді қойып, орта есеппен мыс 4-5 процентті кендермен пайдалануға көшу керек. Соңғы шартта Жезқазғандағы «күмәнді» мыстың шамасы бұрынғыдан кемі 40% артып, жиыны: 810,000  тонна таза мыс бергілікті болады. 
 
Аудандағы Жезқазғаннан басқа мыс ошақтарының негізгі запасы. Жыланды, Қарашошақ, Әділбек, Күйетті кендері сияқты аудандағы басқа мыс ошақтары әлі күнге шейін ешбір зерттеусіз. Бұлардың көбі жасалу ретінен Жезқазғаннан айырмасы жоқ. Тиме дейтін инженердің пікірі бойынша, зерттеу жасалса, жалғыз Жыланды ошағының өзі күшті өндіріске көп жыл қорек болуға жарар еді. 1) бұл ошақтардың кенді аудандарын 10 шаршы шақырым, яки 1000 десетіне болар деп жобалауға дәлелдер бар. Егер де бұлардың кенділік мөлшерін Жезқазғаннан екі есе кем алсақ және ішіндегі бар кендерді орта есеппен 4-5 проценттен артық мыс бермейтін болсын десек, олардағы мыстың жалпы запасы:
250 тонна болар еді. 
 
Жезқазғанның зерттеу көрсеткіші. Болдаров пен Василиев профессорлардың жобасы бойынша Жезқазған ауданындағы барлық «күтімді» мыстың шамасы 250,000+1,134,000 тонна болсын десек, одан қазірге шейін 70,000 тоннасы ғана зерттелгендігі үшін Жезқазғанның зерттеу көрсеткішінің шамасы  болмақшы. Бұдан Жезқазғандағы «күтімі» шамадан әлі күнгеше 1/20 бөлімі ғана зерттеліп отырғандығы ұсталады. Одан Жезқазғанға келешекте тығыз және күшті зерттеулердің керек екендігі ашылады. 
 
Жезқазғандағы тотықпа кендердің ішіндегі мысы. Жезқазғанда 5 процент мысы бар тотықпа кендердің барлық:
А) күмәнді шамасы: 1,000,000 тонна;
Б) болжаулы шамасы: 1,000,000 тонна.
Барлығы: 2,000,000 тонна кен. 
Бұлардың ішіндегі таза мыс жиыны 200,000 тонна болуына мүмкін.
 
Жезқазғандағы мыстың барлық күмәнді шамасы. Жезқазғандағы 
мыстың барлық күмәнді шамасы сонымен: 100,000+1,134,000 тонна болуына мүмкін. Егер де бұлардың 20 проценті зауыт ішінде, фабрикте ұшып, таралып қолға түспей кетеді десек, Жезқазған ошағынан жиыны 1 миллион тонна таза мыс балқытып алу мүмкіндігі айқындалады. 
 
Келешектегі зерттеудің жолдары мен шығатын шығыны. Күмәнді запасты көрнекті және болжаулы түрге көшіру үшін зерттеу жұмыстары қажет болады. Жезқазғандағы зерттеу жұмыстарын екі жікке бөлуге мүмкін. Олар: 1) электр зерттеуі; 2) бұрғы зерттеуі. Бұл зерттеулерге керек шығынды болжау үшін: 1) зерттеу жұмысы 15 жылда толық жүріп бітпеген; 2) сол 15 жылдың ішінде Жезқазғандағы 1,200,000 тонна мыстың зерттеліп бітуін шарт істейік. Онда әрбір жылда зерттеу мен табылатын мыстың шамасы:  тонна болады. 
 
Электр зерттеуінің шығыны. 1926 жылғы жиын ауданы 8 шаршы шақырымдық электр зерттеуінен 12,6000 тонна мыс табылып отыр. Бұдан орта есеппен әрбір электр зерттеуінің десетінесіне:  тонна мыс келмекші. Әрбір десетіне электр тәсілімен зерттеу шығыны 1-50 тиын. Әрбір зерттелген тонна мысқа бұл шығын:  Мұны қолдансақ, электр зерттеуінің а) бір жылдық шығыны 80,000 б) 15 жылдағы барлық шығыны 160,000 болады. 
 
Бұрғы зерттеуінің шығыны. 1927 жылдың жазында жиыны 760 метрлік бұрғы бойынан 12600 тонна мыс табылып отыр. Бұдан бұрғының әрбір метріне орта есеппен:  тонна мыс келетіні көрініп отыр. Келешек зерттеуде біз сақтық үшін бұның  қолдансақ әрбір метр бұрғы бойына 5⅔ тонна мыс тапқан боламыз. Соңғы шартта жылдық салынатын бұрғылардың жиын бойы:  метр болуына керек. 1927 жылдың зерттеуінде әрбір метр бұрғының бойы 30 сомға түсіп отырды. Мұны қолдансақ бұрғы зерттеуінің шығыны: 
а) бір жылда: 15000 сом,
б) 15 жылда: 450,000 сом болады. Сонымен Жезқазған ошағындағы күмәнді мыс кенін түгелімен зерттеп шығу жұмысына:
а) жыл сайын: . 
б) 15 жылдың ішінде:  қаражат керек болатындығын білеміз. Бұл шығын табылатын мыстың әрбір тоннасына:  яки әрбір пұтына:  тиыннан келеді. 
 
Отын мәселесі. Кен мөлшерінен кейінгі өндіріс келешегінің негізгі шарттарының бірі – отын мәселесі. Қарсақбай өндірісінің отын негізі қазірде Байқоңырдағы көмір ошағы. 
 
Байқоңыр ошағы Жезқазғанның 120 шақырым жер батысында тұрады. Екеуінің арасы қазір де теміржолмен қосулы. Байқоңыр көмірінің талдамы мынау сияқты: қатты көмір тегі 39,6%, ұшпа заттар 28,7%, күл тектері 19,5%, дымқылдық 11,4%. Көмірдің қызулық күші 4500-5000 калорий. 
Байқоңыр – ошағы оттексіз, шамасы нашар, сенімсіз көмір ошақтарының бірі. Ағылшындардың зерттеуі бойынша Байқоңырдағы көмірдің шамасы мынадай:
 
Анық запасБолжаулы запас
Жоғарғы көмір қыртысында 521,100 тонна 180,600 тонна
Төменгі көмір қыртысында 627,100 тонна 180,600 тонна
Жиыны 1,152,200 тонна 361,200 тонна
 
 
Байқоңырдың күмәнді запасы батыс пен шөлейт жақ түкпіріндегі бұрынғы «Сұри» дейтінің зайапкесінде ғана болуға мүмкін. Ондағы көмірдің шамасы 500,000 тоннадан артық болмауына керек. Байқоңырдан басқа Қарсақбай аймағында қашығырақ жерде тағы екі көмір ошақтары бар. Олар мыналар: 
 
Болат там ошағы. Бұл шым тезегі мен көмірдің аралығындағы отын есебінде. Талдамы мен қызулық қуаты әлі мәлімсіз. Көмір қыртысы біреу. Жатысы жатық. Ауданының мөлшері 500 шаршы шақырымдай. Көмір қыртысының қалыңдығы 0,75 метр. Ошақтың отын боларлық қасиеті кем, әйтсе де күмәнді запас көп болуға тиіс*. 
 
Бұл көмірдің бір қасиеті ішінде зауыт пешіне салуға қажет болатын пирит дейтін минерал бар. Болат там ошағы Жезқазғаннан 190 шақырым батыс пен шөлейт аралығында. 
 
Теңіз ошағы. Жезқазғаннан 220 шақырым жер шығыс пен шөлейт аралығында. «Теңіз» дейтін үлкен сордың оң жағында болады. Бұл ошақты бірінші рет 1893 жылы Сурин дейтін орыс тапқан. Бірінші зайапкені «Қайқы сай», «Таңқы сай» дейтін жерлерден 1915 жылы Белов дейтін орыс орнатқан*. Қалалы жерден, теміржол бойынан аса қашық болуы, Теңіз ошағының осы кезге шейін зерттелмеуіне үлкен кесір болған. Козаров, Реутовский дейтін шеберлердің жазуына қарағанда Теңіз ошағының жасы да, жасалу түрі де Қарағанды ошағымен қатар болуына керек. Сондықтан Байқоңыр ошағының құнарсыз болған шартында Жезқазғанның келешегі түбінде осы Теңіз ошағына байланысты болуына дау жоқ. Сондықтан Теңіз ошағын кідірмей зерттеу жұмысына кірісу қажет. Қарсақбай зауыты қазір де жылда 5000 тонна мыс берерлік мөлшерде салынып жатыр. Әрбір тонна мысқа 13 тонна көмір керек болады. Олай болса жаңағы өндіріс мөлшерінде Байқоңыр ошағы Қарсақбайға:  азық болуға жарамды. Зауыттың келешекте өсу жағдайына Байқоңырдың құнарсыз болуы, Болат тамның «шымтезек» болуы, Теңіз ошағының әзірше зерттеусіз тұруы жиып келгенде, отын жағынан үлкен қолайсыздық енгізеді деп айтуға мүмкін. 
 
ІІІ Жалпы шаруашылық жағдайлары
 
Қарсақбай ауданының жалпы шаруашылық жайлары туралы ілгергі ретте толық түрде жазғамыз*. Шаруашылық жағдайларын көтеру үшін қазақ үкіметіне қандай шаруалар қолдану қажет екендігі де сол ретте сөйленген. Аудан әлді болып, мәдениетке қадам баспай ішіндегі өндіріс орындары да тиісті түрде өркендей алмақшы емес. Сондықтан аудан шаруашылығының артта қалуы қызметкер күші, азық-түлік мәселелері жағынан Қарсақбай өндірісін әрі шабандатып, әрі қымбаттатып отыруына даусыз. 
 
IV Қатынас жағдайлары
Қарсақбай өндірісінің теміржол бойынан қашық болуы (ең жақын Жосалы станциясы 375 шақырым жер) аралықтағы автомобиль мен түйе кіресі жылында бұл екі арада 7000-7500 тоннадан артық жүк тасуға шамасы келмейтіндігі Қарсақбай өндірісінің келешекте өсуіне ең кедергі шарттардың бірі. Бұл кедергіні жалғыз-ақ теміржол қатынасы арқылы жоюға мүмкін. Ол төмендегі 4 жолдың бірі арқылы ғана шешілмекші:
 
Жосалы мен Қарсақбай арасына тар енді зауыт жолын салу, ұзындығы – 375 шақырым;
 
Көкшетау мен Қарсақбай… ұзындығы – 750 шақырым;
 
Ақмола мен Қарсақбай… ұзындығы – 500 шақырым;
 
Ақмола, Жезқазғанды басып Ташкент жолындағы «Бірқазан» станциясына баратын кең енді темір жол салу… ұзындығы – 900 шақырым.
 
Бұл жолдардың қайсысы ең қолайлы болатындығы әзір мәлімсіз. 
 
Өйткені, жасалған іс, бір зерттеу жұмыстары жоқ. Әйтсе де, 1-інші жіктегі жоспар келешекте қолайсыз табылуына керек деп қазірден болжауға көп себептер бар. Олар мынау:
 
1) Жосалы мен Қарсақбай арасында отарбалардың ішіміне жарарлық су шамасы кем. 2) Теміржолдың бойы келешекте шаруашылық түрде өркендеуге іс жағдайы жоқ, ылғи бетбақ шөлінің батыс бөлімін басып өтпекші. Сондықтан бұл жолдың салу шығыны, кейіннен басқару шығындары да көп қымбатқа түспекші. 3) Ташкент теміржолының бойында не сенімді көмір ошағы, не негізгі шаруашылық ауданы жоқ (бір шоғыр көмір ошағының сенімділігі әзірше көмескі мәселе*). Сондықтан бірінші жіктегі жол Қарсақбай өндірісінің отын мәселесінде, азық-түлік мәселесінде пайдалы түрде шеше алмақшы емес. 
 
2-інші жіктегі жоспардың пайдалы жақтары мыналар:
 
Атбасар мен Көкшетау уездерінің арзан астықтарының арқасында Қарсақбайдың азық мәселесі қолайлы шешіледі.
 
Сандықтау дачасының ағашы Арқалы, Көкшетау жанындағы бұрынғы Шыпырынбақ кен ошағының пириттері Арқалы*, Қарсақбай өндірісінің ағашқа, пиритке* мұқтаждығы пайдалы түрде жетіседі. 
 
Шыпырынбақ кенінен серная кислата шығаратын зауыт салынған шартында, ол Арқалы, Жезқазғандағы тотықпа мыс кендерін пайдаға асыруға жағдайларын қолайлы түрге әкеледі.
 
Бұл жоспардың ыңғайсыз жақтары: 1) бойының ұзындығы (750 шақырым); 2) Қарсақбайдың отын мәселесін шешуге жарамсыздығы, өйткені бұның жүретін жерлерінен табылған әлі күнгеше ешбір көмір ошағы жоқ. 
 
3-інші жіктегі жоспар алдымен Ақмола қаласының өзі теміржол бойында болуын шарт істемекші. Соңғы шарт қазір салынып жатқан Қызылжар, Көкшетау жолы Ақмолаға барып, одан әрі Қарағанды ошағына жетсе толық орындалмақшы. Одақтық жол салу комиссариатының 1927 жылы жасаған зерттеуі бұл жолдың салынуын пайдалы деп тауып отыр*. Екінші жақтан бұл жолдың салынуына қажет болатын шығындарды НКПС өзінің 1928/29 жылдағы жоспарының ішіне кіргізіп те отыр. Сондықтан біз келешекте бұл жоспар орындалып, Ақмола қаласы теміржолдың бойына кіреді деп есеп қыламыз. Бұлай болғанда ІІІ жоспар бірінен де ең қолайлысы болып шығады. Өйткені: 1) оның бой ұзындығы ІІ-ден көп қысқа (500 шақырым). І жоспардың бар қасиетті жақтары мұнымен де толық түрде орындалмақшы (азық, ағаш, пирит, серная кислата мәселелері). 
 
3) Теңіз ошағының, не ол құнарсыз болып шыққан шартта, Қарағандының көмірі арқылы Қарсақбай өндірісінің отын мәселесі әсем түрде шешіледі. ІІІ жоспардағы жол Теңіз ошағынан қашса да құтылмайды. Егер де кейін зерттеуде, Теңіз ошағының көмірі құнарсыз болып шықса, онда да Қарсақбай өндірісінің отын мәселесі Қарағанды ошағының көмірі арқылы қолайлы түрде шешілмекші. Соңғы шартта мыс балқытатын зауыттың орнын Қарағандыға әкеліп, Жезқазғанда тек кен өндірісі мен кен іріктейтін фабрикті ғана қалдыру пайдалы болады. Зауыт пешінің орнын тегінде отын кіндігіне жақындастыру мәселесі ұқыптылық жағынан аса қажет болатын нәрсе. Зауытты көмір кіндігіне салу пікірі қазіргі одақтық госпланның жасаған 15 жылдық түсті металдардың өндіріс жоспарына негіз де болып отыр*. Зауыт пеші Қарағандыдан салынғанда, Жезқазғандағы кен өндірісіне және кен іріктейтін фабрикке керек отындарды Қарағандыдан мыс концентратын тасып қайтқанда «қайтпа» вагондармен жеңіл тасып отыруға мүмкін.
 
Ақмола – Теңіз – Жезқазған – Бірқазан теміржолы. 4-інші жіктегі жоспар, яки: Ақмола – Теңіз – Жезқазған – Бірқазан теміржолы шөлейттің астығы мен Орта Азияның мақта мәселелеріне әсері күшті болғандығынан бұл жолдың маңызы жалғыз Қарсақбай өндірісі емес, жалпы одақ шаруашылығында көрнекті пайда беретіндігі ашық нәрсе. Бұл жолдың бойы түгелімен Қазақстан жерінің ішінде болуы, Ақмола мен Жезқазған арасындағы аудандардың топырағы егінге қолайлы түрде «қоңыр» болып, жер бетіндегі тұщы сулардың жиынтығы жеткілікті түрде болуы* (Қорғалжын көлдері, Нұра, Жақсыкөң, Кеңгір өзендерінің бойлары және басқалар). Бұл бөлімнің кей жерлерінде етекті қорық жерлерінің кездесіп отыруы (Нұраның аяқ саласы, Қорғалжын көлдерінің түбектері сияқты). Жезқазғаннан кейін бұл жолдың Бетбақ шөлінің ортасын қақ жарып өтетін өлкесінде қазір де егіншілік жасап келе жатқан Сарысу өзенінің арнасын қуалап отырып, ауа райы, су, топырақ жақтарынан мақта, күріш егістеріне жағдайы үйлес келетін Шу өзенінің аяқ салаларына төнетіндігі, Қазақстанның келешек шаруашылық негіздеріне өлшеусіз әсер кіргізбекші. Кен кәсібінің өркендеуіне бұл жолдың пайдасы қанша зор екендігін көп дәлелдеп де қажеттігі кем. Бұл жөнінде тек Жезқазған ошағының бар шамасынша өсуін Қарағанды коксінің арқасында Қазақстанның оң бөлімдерінде етекті қорғасын өндірісінің жасалуын*), (Жезқазған мен оң бөлім Қазақстандағы кен өндірісі Қазақстанның отын «азығы» Қарағанды көмір ошағын*) жүзеге асыру мәселесін қоятындығын ғана ескертіп өтсек те жеткілікті. (Бұл жолдың салынып, Қарағанды ошағының жүре бастауы, маңындағы Қарқаралы, Баян, Аула, Шідерті, Успен, Малтақ аудандарындағы кен ошақтарының келешегіне беретін әсерлерін айтпай-ақ қойғанда) Ақмола –Жезқазған – Бірқазан жолынан жылда қанша жүк тасылуға мүмкін екендігін болжау үшін біз бұл жолмен шөлейттен оңға бет алып жүретін заттар: 1) астық; 2) ет; 3) май; 4) ағаш; 5) көмір мен кокс заттары болады деп есеп қыламыз. Бұл заттар және де жалғыз Ақмола, Атбасар, Көкшетау уездерінің ішінен алынсын деп жобалаймыз. Оңнан шөлейтке қарата бет алып жүретін негізгі жүктер: 1) жеміс; 2) шай; 3) мақта; 4) кездеме-былғары; 5) керосин, нефт; 6) мыс концентранты болмақшы.
 
Астық жүктерінің шамасы*. 1925 жылдағы егін ауданының шамасы:
Көкшетау уезінде: 59416 десе жер, бұның 41440 десесі бидай;
Атбасар уезінде: 56434 десе жер, бұның 44760 десесі бидай;
Ақмола уезі: 127471 десе жер, бұның 99350 десесі бидай.
Барлығы 243322 десе жер, оның 185550 десесі бидай.
Егін жерінің жылдық артуы Ақмола губпланының болжауы бойынша – 10%. Бұны қолдансақ 1931 жылдағы жоғары 3 уездің егін ауданы 377810 десе жер болмақшы. Бұның 306200 десесі – бидай. Бұл жерлерден түсетін астық тұғымдығын шығарғанда тағы да сол Ақмола губпланның жоспары бойынша 16,608,100 пұт болады. Бұның ішіндегі бидайы – 13,840,100 пұт. Бұдан жергілікті халықтың жылдық ішіп-жемін шығарсақ, жылында сыртқа арналып, вагонға түсетін астықтың шамасы НКПС-дың зерттеуі бойынша 7,760,000 пұт болмақшы. 
 
Ет, тоңмайдың жүктері
 
1931 жылда 3 уездің малдары мынау сияқты болмақшы:
 
Уез Жылқы Сиыр Қой Ешкі Шошқа Түйе Барлығы 
Атбасар 86,900 266,900 280,000 36,100 9,900 9,700 689,500
Ақмола 235,400 484,200 438,600 59,700 19,400 13,200 1,250,580
Көкшетау 68,600 170,700 195,600 7,900 17,100 1,300 461,500
жиыны 390,900 921,800 914,500 103,700 46,400 24,200 2,401,500
 
 
Бұл малдардың жылдық сойысының шамасы: жылқыдан 12% (бар қарадан), қара малдан 12%, қойдан 25%, ешкіден 33%, шошқадан 40%, түйеден 4%, бұлар жергілікті халықтың жылдық ішіп-жемін шығарсақ, сыртқа шығып, вагонға тиелетіні:
 
Еттің шамасы – 1,276500 пұт
Тек майдың шамасы – 120,000 пұт
Жиыны – 1,396,500 пұт жүк болады. 
 
Сары май жүктері – ауданның жаратылыс жағдайлары май кәсібіне өте қолайлы. Оның үстіне тегінде май кәсібі пайда жағынан егіннен көп қолайлы. Сондықтан ауданның май кәсібінің келешегі күшті. Осы күнге шейін ауданды басып жүретін темір жолдың жоқ болғандығы, май кәсібінің үнемді шаруашылыққа қойылмағандығы аудан ішіндегі май кәсібінің өркендеуіне күшті кедергі болып келеді. 1914 жылы Ақмола губерниясынан сыртқа жиыны 80457 пұт тұзды сары май шыққан. 1925 жылғы сыртқа шыққан барлық сары май – 22800 пұт. Бұл 1914 жылғы шығыстың 28,4 проценті ғана. 1927 жылғы Ақмола губерниясынан сыртқа шыққан тортасы айырылған майдың шамасы Ақмоланың губ-торгының есебі бойынша – 65,000 пұт. Біз 1931 жылғы темір жол бойына түсерлік сары майдың жиын шамасын жоғарғы 3 үйездің ішінен сондықтан 100,000 пұт болар деп шамалаймыз. 

Ағаш жүктері – ауданның жылдық кесетін ағашының шамасы:
Көкшетау уезінен – 5,762,400 пұт
Ақмола уезінен – 476,750 пұт
Жиыны – 6,239,150 пұт ағаш. 
Бұл ағаштың 50 проценті ғана сыртқа шықсын десек, жылдық вагонға тиелетін ағаштардың шамасы – 3,119,150 пұт жүк болмақшы. 

Көмір мен кокс жүктері – Жезқазған ошағы жылында 60,000 тонна кен шығарғанда ұстайтын отыны 7000 тонна (қызулығының шамасы есепті қызулықтың 0,57-мен тең болған отыннан). Қарағанды мен Теңіз ошақтарының қызулық мөлшері есебінің 0,93-пен тең. Жезқазған ошағының келешекте шығаратын кенінің шамасы қазіргіден 600,000 тонна артық болғанда (кеннің ішіндегі мысы 4,6%). Оның жылдық жағатын отынының шамасы:. 

Кен іріктейтін фабриктің өндірісі сөткеде 2000 тонна кенді іріктеп шығару болса, оған керекті электр күші сөткеде 48,000 киловатт-сағат болмақшы. Әбір килоуатт-сағат күшті жасау үшін 1,5 кило көмір жағуға керек. Сондықтан іріктейтін фабриктің жылда жағатын отынының шамасы (жылына 300 күн үзбей жүретін шартында): 
 
Жезқазған мен кен іріктейтін фабрик қызметкерлерінің жылдық жағатын ондарының шамасын, контора, монша – тағы сол сияқты орындардың отын шығынымен қосқанда жылында 35,000 тонна көмір деп болжауға мүмкін. Сондықтан Жезқазған мен кен іріктейтін фабрикке керек отын жылында 100,000 тонна, яки, 6,100,000 пұт көмір болмақшы. 

Қарағанды ошағынан сыртқа шығатын кокс алғашқы кезде жылында 15,000 тонна, яки, 900,000 пұттан артық болмауына керек. 

Теріп келгенде Ақмола – Жезқазған – Бірқазан теміржолынан жылында шөлейттен оңға бет алып жүретін жүктердің шамасы мынау сияқты болатындығы көрінеді: 
Астық – 7,760,000 пұт
Ет, тоң май – 1,396,000 пұт
Сары май – 100,000 пұт
Ағаш – 3,120,000 пұт
Көмір-кокс – 7,000,000 пұт
Барлығы – 19,496,000 яки 20,000,000 пұт жүк.

Бұл есепте теміржол бойына Түркістанға қарата бет алып түсетін – Қызылжар. Ешім уездерінен келетін астықтар шамасы қосылмай отыр. Бұл екі уез Қазақстанның ең астығы мол уездерінің бірі. Егерде жоғарыдағы теміржол жүрсе, бұл уездердің астығы сөзсіз сол жолмен жүрмекші, өйткені Ешім қаласы мен Ташкенттің арасы:
Түрксиббен жүргенде – 3200 шақырым жер;
Ақмола – Бірқазан жолымен жүргенде – 1890 шақырым жер болады. 

Соңғы жолдың кіре ақысы екі еседей арзан болатындығы мұнан айқындалып отыр. 

Енді Ақмола – Бірқазан жолымен оңнан шөлейтке қарай беттейтін кіре жүктеріне келсек (жемістер, шай, мақта, нефть, керосин, кездеме, мыс концентранттары) бұлардың шамасын жоғарғыдай бет-бетімен талдап, болжап отыруға деректер кем. Жалғыз тасылатын 34 процентті мысты концентранттардың шамасы жылында зауыт өндірісі 25,000 тонна мыс болған шартта 5,000,000 пұттан аз артық болмақшы. 

Қарсақбай ауданынан жылда қорытылып шығатын таза мыстың шамасы 750,000 пұт болуына мүмкін. Сондықтан бұларға қосылатын Түркістаннан беттеген жеміс, мақта және басқа жүктермен бәрінің жылдық шамасын 10-15 миллион пұтқа бағалауға мүмкін нәрсе.

Бұлай болса Ақмола – Жезқазған – Бірқазан теміржолының салынуы: кен өндірісі, жалпы шаруашылық, сауда жағдайларының бәріне де болымды және пайдалы жұмыс. Сондықтан НКПС орындары бұл жолдың зерттеу шараларына кідірмей тез кірісулері керек. 

V Қорытынды

Қарсақбай мыс өндірісінің келешек бағытына әсер беретін негізгі шарттарды тексеріп келгенде мынадай қорытымдарға тірелеміз:
Қарсақбай ауданының кен байлығы мол.

Кен байлығының шамасы, кен ошақтарының жасалу түрі, кенділік мөлшерінің түрінен сынағанда және жалпы кен қорына осы кезде есепке қосылмай отырған тотықпа және шашылма кендерді енгізе есептегенде, кемінен жиыны 1,000,000 тонна таза мыс беруіне мүмкін (кеннің ішінде мыс орта есеппен 4-5 процент).

Осы кездегі Қарсақбай зауытының жылында 5000 тонна мыс берерлік өндіріс мөлшері ауданның кен қорының шамасымен салыстырғанда, тіпті аз ғана.

Ауданның кен байлығының шамасын ашу үшін және оның мөлшеріне қарата өндірістің жылдық мөлшерін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілу керек. Бұл зерттеулер 15 жылдың ішінде орындалып бітетін шартында 9,000,000 сом ақша шығын істемек.

Қарсақбай өндірісінің кіре жағдайсыздығы Ақмола – Жезқазған теміржолын салумен әсем түрде шешіледі. Бұл жолдың тар енді «зауыттық», яки кең енді үлкен темір жол болуын кейінгі жол комиссариятының жасайтын зерттеуі айыруға керек. Егерде тар енді болып салынса Ақмола – Жезқазған теміржолын салуға жиыны: 500 х 50,000 = 25,00,000 сом ақша керек болады.

Қарсақбай өндірісінің отын жағдайсыздығында Ақмола –Жезқазған теміржолының салынуы мен қолайлы түрде шешіледі (Теңіз яки Қарағанды ошақтарының көмірлері арқылы). Шартта да болсын мыс балқытатын зауытты келешекте көмір ошағынан салуға пайдалы.

Жезқазғанға жуықтас, жаратылысы Қарағанды ошағына сәйкес келетін Теңіздегі көмір ошақтары тез уақытта зерттеле бастауына керек. Зерттеудің мөлшері 5 жылда бітсе, керек қылатын шығыны 500,000 сомдай болуға мүмкін.

Қарсақбай өндірісінің азық-түлік, жұмыскер жағдайларын өркендету үшін ауданның халқын орнықтыру жолына тез кірісуге керек (тоғам салу, шаруашылыққа сәйкес «шоғырлы түрде» жерге орналастыру, кооперация, мектеп жұмыстарын ілгерілету және мақсатты бағытты үкімет қарыздарын үлестіру жолдары арқылы). Бұл шарттар орындалмай Қарсақбай өндірісі азық, жұмыскер күші жақтарынан әлі де көп заман мешеулік көріп отырмақшы.

Жоғарғы қорытымдардың бәрі де іс жүзіне шықса, Қарсақбай өндірісі жылына үкіметке 30,000-40,000 тонна таза мыс беріп отыруға шамасы келмекші. Бұл мөлшер қазіргі Қарсақбай зауытының ұстанып отырған өндіріс мөлшерінен 6-8 қабат артық.

Кемеліне жетіп, шалқыған дәуірде Қарсақбай өндірісінің түрі мынау сияқты болады.
 
Өндіріс орындары Салынатын жері Жылдық өндіріс
Кен шығатын орындар Жезқазған, Жыланды 660,000 тонна 4,5 процентті кен.
75,000 тонна 10 процентті кен.
125,000 тонна 5 процентті тотықпа кен.
Жиыны – 800,000 тонна кен.
Жаңадан салынатын кен іріктейтін фабрик. Жезқазғаннан 18 шақырым темір жол бойындағы «Жыланды» дейтін жер 600,000 тонна мыс кенін 34 процентті мыс концентрантына іріктеу.
Ескі кен іріктейтін фабрик. Қарсақбай 75,000 тонна кен тасын 34 процентті мыс концентрантына іріктеу
Жаңа зауыт Теңіз ошағы, не Қарағанды 25,000 тонна мыс
Ескі зауыт Қарсақбай 75,000 тонна мыс
Жаңа салынатын тотықпа кендердің зауыты Жыланды 5000 тонна мыс
 
Барлық үш зауыттың жылдық өндірісі 37,500 тонна, яки 2,250,000 пұт таза мыс.
Зауыттардың өмірі және өмір бойы беретін өндірісінің шығымы:
Қарсақбай зауыты: 20 жыл, беретін мысы – 150,000 тонна;
Тотықпа кендерінің зауыты: 20 жыл, беретін мысы – 100,000 тонна;
Жаңа зауыт: 25 жыл, беретін мысы – 750,000 тонна;
Барлығы: 20-25 жыл, беретін мысы – 1,000,000 тонна;
Жалпы одақтағы түсті металдардың өндірісі қазір де мүлде мешеу қалыпта. Одақтық ВСНХ жасаған 15 жылдың жоспары бойынша одақ ішіндегі мыстың шығымы мен ұсталымы мынау сияқты*: 
 
мыстың шығымы  
ұсталымы 25,920 тонна 52,000 тонна 100,000 тонна
шеттен 
тасылатын мысы 25,580 тонна 28,000 тонна 48,000 тонна
 
Мұндай хал одаққа үлкен қолайсыз нәрсе. Өйткені бірде бір себеппен сыртпен қатынас үзілетін болса одақтағы түсті металдарды ұстап іс қылатын өндіріс орындары қиын халде болмақшы. Одақтағы түсті металл кәсібінің мешеу қалғандығының негізгі себебі: түсті металдардың зерттеулі қорының тіптен аз ғана болуы. 

1927-33 жылдағы 5 жылдық жоспар жасағанда сондықтан одақтық ВСНХ мынадай жолдарды негіз қылып ұстанып отыр*:

Түсті металдардың (мыс, қорғасын, цинк) өндірісін кен ошағының көтеретін сатысына дейін жоғарылату;
Жүріп, не салынып жатқан түсті металдарының зауыттарының ауданында тығыз және екпінді кен зерттеу жұмыстарын жүргізу;

Металл өндірісін, кен қоры мен одақтық шаруашылығының пайдасына дөп келетін артта қалған, әсіресе ұлт аудандарынан жасау.

Одақтық шаруа кеңесінің бұл 3 негізі де Қарсақбай өндірісінен бірдей табылады. 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ҚАРСАҚБАЙ ЗАВОДЫНДА МЫС ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕЛЕШЕГІ


Бұл мақала 1928 жылы Қызылорда қаласының бастырушы өлкелік партия комитетініне қарасты «Қызыл Қазақстан» атты жалпы саясат, өнер, білім, шаруашылық журналының №8-9-10 сандарының 61-89 беттерінде төте жазумен жарияланған. Аталған мақала Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 1970, 1989, 1999, 2007 жылы шыққан «Таңдамалы» көп томдық шығармалар жинағында берілмеген.
Мақала аталған жинаққа тұңғыш рет беріліп, ғылыми айналымға еніп отыр. Мақала ішіндегі терминдер:
Халькопирит (гр. chalkos – мыс және пирит) – мыс колчеданы, сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: CuFeS2, құрамы (%): Cu – 34,64, Fe – 30,42, қоспалары: Ag, Au, Tl, тағы басқалар. Тетрагоналды сингонияда кристалданады. Агрегаттары түйірлі, тұтас немесе сеппе түрінде болады.
Пирит (гр. pyrіtes lіthos – отты тас) – ашық сары түсті, көбінесе текше кристалдар түрінде ұшырасатын минерал темір сульфиді. Табиғатта ең жиі кездесетін сульфид болып табылады. Синонимі — күкіртті колчедан; темір колчеданы. Химиялықформуласы: FeS2 (Fe – 46,6%, S – 53,4%).
Борнит – шұбар мыс кентасы (Австрия минералогы И. Борнның құрметіне аталған), сульфиттер класының минералы. Химиялық формуласы: Cu5FeS4.
Халькозин (гр. chalkos – мыс) – мыс жылтыры, сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Cu2S, мұндағы мыстың мөлшері 79,86%, қоспалары: Fe, Ag, Co, Nі, Au, As. Төменгі температурада ромбылық, жоғарғы температурада гексагондық сингонияларда кристалданып, призма, қалақ, дипирамида тәрізді кристалдар түзеді
Куприт — Сu2O. Химиялық құрамы: Cu 88,8%, О 11,2%. Механикалық қоспа түрінде жеке мыс металымен бірге жиірек кездеседі, майда немесе жасырын кристалды түрлеріндегі қоспалары: Ғе2О3, SO2, Н2О. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 5,85-6,15 (орташа 6)
Малахит (гр. malache – мальва, өсімдік түсіндей жасыл жапыраққа ұқсастығымен аталған) – минерал, карбонаттар класына жатады. Химиялық формуласы Cu2[CO3](ОН)2. Малахиттің түсі ашық жасыл, көгілдір жасыл, қою жасыл, қаттылығы 3,5-4,0, сынғыш, тығыздығы 3900-4100 кг/м3. Малахит табиғатта ірі мыс кендерінің жер бетіне жақын тотық қабаттарында болады.
Азурит (фр. l’azur – лазурь, көк тас) – карбонаттар класына жататын минерал.Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы – координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес.
Хризоколла (гр. Сhrysos – алтын, kolla – желім; ерте кездерде алтыннан жасалған заттарды дәнекерлеу үшін қолданылған) – силикаттар класының монтмориллонит тобына жататын минерал.

 © Әуезов институты, 2023-2026

Әуезов институтында әзірленген қазақ мәдениетінің ірі тұлғалары шығармаларының академиялық басылымдарының онлайн нұсқасы