Жоғарғы цифрлар Торлан зауытының отын мәселесі аса қолайсыз түрде болатындығын көрсетеді. Коксті алғашқы кезінде сөзсіз Донбасстан алдыруға керек болады. Бебер дейтін кен зерттеушісі Торланның шығыс жағында 40 шақырымдағы «Бабатай», «Батпақ» дейтін жерде ені 2 метрге жақын тас көмір қыртысы бар деп жазады. Сондықтан толық зерттеу жүрсе, керекті жылдық тас көмірді алыстан тартпай осы жердің өзінен табуға мүмкіндігі бар. Егерде Бабатай-Батпақ маңынан көмір тіпті табылмаса, Торлан зауытына көмірден көрі нефт (мұнай) отыны қолайлырақ болуына да лайық. Бұл әзірше көмескі.
Жұмыскер күші.
Забайшы, кірпіш құюшы және жабайы қара жұмыскер күшін зауыт аймағының өзінен табуға мүмкін. Басқа жұмыскерлерді Қызылорда, Ташкент биржаларынан іздеуге керек болады. Зауыттың өз маңында ескіден қалып келе жатқан 300 адамнан артық қара жұмыскер күші бар. Зауыт пен кен қазу жұмысына жалпыша 400 адам үнемі жұмыста болуы керек. Жұмыскердің алатын айлық жалақысын орта есеппен 60 сомға шақсақ, бұған үстелетін профсоюз, сатыстырақ шығындарын қосқанда жұмыскер ақысы балқытатын қорғасынның әрбір пұтына:

Жаңа қорғасын зауыты
Отын, жол, жұмыскер, кен жағдайларына қарағанда Торландағы салынарлық жаңа зауыт жылына 120,000 не 150,000 пұт қорғасыннан кем өндіріске шамаланбауына керек. Өндіріс шамасы мұнан кем болса үстем шығындарының көптігі Торлан зауытын зиянды түрге әкеледі. Баста айтылған Лесманның ескі зауыты қазір де тозған, бұзылған күйде. Және де жаңа күйінің өзінде де, ол зауыт мықтаса жылына 60,000 пұттан артық қорғасын шығара алмас еді (пештің тарлығы, машина саймандарының әлсіздігі тақырыпты). Сондықтан Торлан кеніне жаңадан арнап қорғасын зауытын салуға керек болады. Бұл жаңа зауыт кен ошағының жанындағы жұмыскер қаласының жанынан салынғаны пайдалырақ (Өйткені соңғы шартта шахты мен зауыт арасындағы кеннің кіре жолы көп қысқарар еді). Зауыт пешінің өндірісіне жеткілікті су болуы қажет. Лесман зауытының жанындағы «Қатын-Камал» бұлағы – аса көзді. Жұмыскер қаласының жанынан ағатын «Көл-қия» бұлағының көз мөлшері қанша екендігі мәлімсіз. Сондықтан жаңа зауыттың орнын ашу үшін алдымен «Көл-қия» бұлағы сөткесіне және жылына қанша су беретінін есептеп алуға керек.
Салынатын жаңа зауыт жылында 150000 пұт қорғасын шығарса, бір сөткеде ол 600 пұт қорғасын балқытып отыруына керек (Зауыт жылына орта есеппен 250 күн толық жүріп отырады. Басқа уақыты жамау, түзету сияқты демалыстарда өтеді). Егерде Торлан кендері іріктеу тәсіліне көнсе, онда жаңа салынатын зауытты Торланнан қашық әкетіп Шақбақ, Бұрылдай, не солар сияқты Сырдария губернасындағы басқа бір сенімді тас-көмір ошағының жанына орнату пайдалырақ болар еді. Соңғы шартта отын кіресі тіпті аз болмақшы.
Торлан өндірісіне керек ақшаның мөлшері
Атбасар тіресінің зерттеуі бойынша Торлан кендерін іске асырып «өндіру» жұмысына төмендегі ақшалар қажет болады:
Кіре саймандарына (автомобиль, жол түзету) – 150,000 сом;
Кенді қазып шығару жұмыстарына (шақта саймандарына) – 456,000 сом;
Қорғасын балқитын зауытты салу шығыны – 600,000 сом;
Қызметкерлерге үй салу шығыны (жұмыскер пәтері, зауыт кеңсесі, монша, складтар және басқалар) – 1,777,500 сом;
Басқару жұмысы басқа үстем шығындар – 502260 сом;
Зауытқа керекті түрлі талдам, зерттеу, тәжірибе шығындары 34,550 сом;
Барлығы – 3,520,290 сом.
Бұл соманы өндіріс мөлшеріне шақсақ Торлан зауытының бір жылда балқытып шығаратын қорғасынның пұтына:

Торландағы қазір де көрініп отырған кеннің шамасы профессор Трушковтың жорта ықшамдап есептеуінің өзінде 30,000 тонна (яки 1,800,000 пұт) таза қорғасын бергілікті. Бұл кен кейіндегі Торланның өзіне және Қаракенсай кеніне жасалатын толық зерттеулердің тіпті жеміссіз болып шығатын шартының өзінде де Торлан зауытына 1,800,000 ₌ 12 жыл азық
150,000
болуға жарайды. Соңғы зерттеулер кемінен зауытқа тағы да 3-4 жыл азық боларлық қосымша кен табуы күмәнсіз нәрсе. Сондықтан Торлан өндірісіне жұмсалатын ақша зауыттың бір жылы емес, 10-15 жыл өміріне азық болмақшы.
Торлан зауытының алғашқы жылындағы беретін қорғасынның шамасы 10 тонна (яки 610 пұт). 10 тонна қорғасын балқыту үшін ұсталатын шығындар: