ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

Балалар әдебиетінің пәнаралық аспектілері

Балалар әдебиетінің пәнаралық аспектілері Балалар әдебиетінің пәнаралық аспектілері: Ұжымдық монография. – Алматы: «Қазына» баспасы, 2024. – 240 б. Бұл ұжымдық монография қазіргі қазақ балалар әдебиетінің мазмұндық, әдіснамалық және пәнаралық қырларын кешенді талдауға арналған. Еңбектің негізгі мақсаты – балалар әдебиетін тек эстетикалық немесе педагогикалық феномен ретінде ғана емес, түрлі ғылым салаларының түйісу нүктесінде қарастыру арқылы кеңейтілген […]

Қазіргі поэзиядағы модификация

poezyaforma

«Қазіргі поэзиядағы модификация: стиль, ырғақ, форма» «Қазіргі поэзиядағы модификация: стиль, ырғақ, форма»: Ұжымдық монография. -Алматы: «Қазына», 2024. -240 б. Ұсынылып отырған «Қазіргі поэзиядағы модификация: стиль, ырғақ, форма» атты ұжымдық монография – ХІХ ғасырдан бүгінге дейінгі қазақ өлеңінің құрылымдық, стильдік және ырғақтық эволюциясын кешенді түрде талдауға арналған көлемді ғылыми еңбек. Зерттеу жұмысын ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті […]

Қазіргі қазақ балалар әдебиеті

bala

Қазіргі қазақ балалар әдебиеті Орда Г. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті (1991-2021 жж.): Монография. – Алматы: Тоғанай, 2024. – 320 б. ІSВN 978-601-7154-19-6 Монографияда тәуелсіздік тұсындағы қазақ балалар әдебиетінің даму бағыттары зерттелген. Автор жекелеген жанрлар бойынша шолу тараулар мен шығармашылық портреттерде заманауи қазақ балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар әдебиеттіндегі мазмұн мен түр жаңалығын бағамдайды. Қазіргі қазақ […]

Қаныш Сәтбаев шығармаларының академиялық толық жинағы

Қаныш Сәтбаев. Шығармаларының академиялық толық жинағы.  Бестомдық / Томды құрастырып, баспаға дайындаған: Матыжанов К.І., Қалиева А.Қ., Ананьева С.В., Қалиасқарова А.Т. (жауапты шығарушы), Мағазбеков Н.Ж., Әмірбаева Ш.М. – Алматы: Атамұра, 2024. Кітап Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына және жалпы оқырман қауымға арналған. Бірінші том Академиялық басылымның бірінші томына академик Қ.И. Сәтбаевтың 1923- 1963 жылдар аралығында жарық көрген […]

ХХІ ғасыр әдебиеттануы: терминдер сөздігі

ХХІ ғасыр әдебиеттануы: терминдер сөздігі Жауапты шығарушы, құрастырушылар: А.Қалиева, Г. Сәулембек. – Алматы: «Service Press» баспасы, 2024 – 296 б. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары, филол.ғ.к. Қалиева Альмира Қайыртайқызы және Институттың жетекші ғылыми қызметкері, PhD Сәулембек Гүлмира Рзаханқызының құрастыруымен жарық көрген басылым қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті терминдері мен ұғымдарына арналған. […]

Казахская литература в международных контекстах

kazlit

Казахская литература в международных контекстах Отв. Редактор С.В.Ананьева. – Алматы: Evo press, 2024. – 208 с., без илл. В коллективной монографии, изданной учеными отдела мировой литературы и международных отношений Института литературы и искусства имени М.О. Ауэзова, авторы раскрывают общефилологическую значимость литературного текста Казахстана, концентрируя свой исследовательский интерес на литературной традиции, о смысле творчества, дискурса, идентичности, […]

М.О. Әуезов шығармашылығын мәдениеттер диалогы аясында зерттеу

М.О. Әуезов шығармашылығын мәдениеттер диалогы аясында зерттеу Ұжымдық монография. – Алматы: Evo press, 2024. – 304 бет. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық монографияда М.О. Әуезовтің шығармашылығын мәдениеттер диалогы аясында зерттеу мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге М.О. Әуезовтің Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның әдеби дәстүрлерімен […]

Жаңа қазақ әдебиеті: дарынды жастардың шығармашылық жетістіктері

Жаңа қазақ әдебиеті: дарынды жастардың шығармашылық жетістіктері Ұжымдық монография. – Алматы: Evo press, 2024. – 316 бет. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуір әдебиеті ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық монографияда тәуелсіздік тұсында әдебиетке келген жас қаламгерлердің қазақ әдебиетінің даму бағытына қосқан еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттелген. Авторлар поэзия, проза жанрлары бойынша шолу тарауларда […]

Фольклор және қоғамдық сана

Фольклор және қоғамдық сана Ұжымдық монография. – Алматы: Evo press, 2024. – 282 бет. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкерлерінің зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық монографияда фольклор мен қоғамдық сана байланысы тұңғыш рет зерттелді. Алғаш рет ғылыми айналымға ұсынылған «фольклорлық ақпарат» деген ұғымның айқындамасы жасалып, түрлері анықталды. Қоғамдық санаға ақпарат арқылы […]

Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор

Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор Ұжымдық монография. – Алматы: «ИП Балауса баспасы», 2024. – 424 бет. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Фольклортану бөлімінің ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық еңбекте Алаш қайраткерлерінің қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеуді ана тілін сақтау мен ұлттық бірегейлік дәрежесіне жетудің маңызды құралы ретінде бағалаған ортақ ұстанымдары алғаш рет кешенді […]