Әуезов институтының ақпараттық порталы
1934 жылы құрылған
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 1934 жылы ашылып, тарих, археология, тіл, әдебиет және фольклорды, бейнелеу, музыка, театр, хореография өнерін зерттеумен айналысқан Қазақтың Ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтынан бастау алады. 1961 жылдың тамыз айында институтқа М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 жылы қарашада институт құрамында М.О.Әуезовтің әдеби-мемориалды музейі мен жазушының мұрасын зерттейтін ғылыми бөлім ашылды.
Ерекшелігі
Институт құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды.
Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.
Кімдер қызмет атқарды?
Институтта әр жылдары М.О.Әуезов, З.А.Ахметов, Л.М.Әуезова, М.Базарбаев, И.Х.Ғабдиров, М.Ғабдуллин, Ә.Ж.Дербісәлин, Ы.Т.Дүйсенбаев, М.Т.Дүйсенов, Б.Г.Ерзакович, М.Жармұхамедұлы, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Қ.Қаратаев, Б.Құндақбаев, Ә.Қ.Нарымбетов, Е.В.Лизунова, Ш.Қ.Сәтбаева, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, Ә.Тәжібаев, Е.С.Ысмайылов, Ж.Ысмағұлов, Ә.Шәріпов және т.б. аса көрнекті ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткерлері жұмыс істеді.
ЖАҢАЛЫҚТАР
МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТОЛЫҚ ЖИНАҒЫ
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары 2023 жылы Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдық мерейтойына орай текстологиялық зерттеулер негізінде сараланған ақын шығармаларының академиялық толық жинағын шығарды. Жинақтың бірінші томына ақынның өлеңдері топтастырылды. Екінші томына М. Жұмабайұлының поэмалары, “Шолпанның күнәсі”, “Алатаудың етегінде” әңгімелері мен аудармалары топтастырылған, мұрағат материалдары мен фотосуретті берілді. Үшінші томына “Педагогика” (1922), “Бастауыш мектепте ана тілі” (1923), Қызыл
«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ 29 НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының дайындауымен «Қобыланды батыр» жырының 29 варианты 7 том болып жарық көрді. «Бабалар сөзінде»
Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесу
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Р. Бердібаев атындағы Халық университеті дәрісінің аясында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркі елдерінің өнерін
Серікбол Қондыбай және қазақ мифологиясы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Фольклортану бөлімінің ұйымдастыруымен «Серікбол Қондыбай және
Зерттеулер мен монографиялар
Рахманқұл Бердібаев атындағы «Халық университеті»
1963 жылы халыққа ғылыми-көпшілік білім тарату мақсатымен қоғамдық негіздегі «Халық университеті» құрылды. Дәрістер Қазақстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Рахманқұл Бердібайдың басшылығымен Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде ұйымдастырылып отырған.
«Әуезов үйінде» айына бір рет шығармашылық адамдарын өнер сүйер жастармен жүздестіріп, дәріс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.
«Қолжазба жəне фольклортану» ғылыми-инновациялық орталығы
Орталықтың міндеті — қазақ қолжазбаларын заман талабына, қазіргі заманғы белгіленген мəртебесі мен маңызына сəйкес реставрациялау, консервациялау жəне олардың қолжазба мұра күйінде сақталуына, болашақ ұрпақтың пайдалануына жағдай жасау.
Қолжазба мұраларды ғылыми айналымға түсіру жəне оларды жүйелі жариялау арқылы жас ұрпақтың игілігіне жарату.
БІЛІМ мен ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ
«Ғылым ордасы» РМК базасында орналасқан ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің магистранттар мен PhD докторанттарды дайындау бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірлескен бағдарлама 2014 жылдан бастау алады. Жобалық офистің алғашқы директоры әлеумет. ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі – З.К. Шәукенова (2014-2016). 2016 жылдан бағдарлама жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры – Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы.
Осы бағдарлама аясында төмендегі бағыттар бойынша магистранттар мен PhD докторанттары әзірленуде:
6М021401 - Заманауи Қазақстан әдебиеті
6D021401 - Теория және әдеби сын
6М021402 - Мәтінтану
6D021402 - Қазақ фольклоры және көне әдебиет
6М021403 - Фольклористика
6D021403 - Әдебиеттану
ЖАҚЫНДА
27-інші қырқүйекте ХХ Әуезов оқулары аясында көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованың 95 жылдығына арналған «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы және музейді қалыптастырудағы Ләйлә Әуезованың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
23-інші қыркүйек күні сағат 10:30-да «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында «Посткеңестік кеңістіктегі орталық азия әдебиетінің даму үдерісі» атты халықаралық конференция басталады.
АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР
Инстутут ұжымы ғылыми жобаларды атқаруға, әр түрлі ғылыми шараларды ұйымдастыруға қатысты міндеттерді жүзеге асыра алады.
САТЫЛЫМДАҒЫ КІТАПТАР
Баспадан жарық көрген кітаптарды, жинақтарды сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.
МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
Беделді ғылыми журналдарға мақала әзірлеу, редакциялау, аудару және жариялауға қатысты әр түрлі міндеттерді жүзеге асыруға көмектесе аламыз.