Әуезов институтының басшылығы
МАТЫЖАНОВ
Кенжехан Ісләмжанұлы
Бас директор,
Ғылыми кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
- 1957 жылдың 8 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының филология факультетін (1978), аспирантурасын (1985) тәмамдаған.
- Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры.
- Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдік қызметтен бастаған. 1986 жылдан Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етіп, 1990 жылы «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
- 1990-1992 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғалым-хатшы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында доцент қызметінде жұмыс жасады.
- 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөліміне аға референт болып қабылданды.
- 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөніндегі Мемлекеттік комитетте басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде тіл саясаты жөніндегі кеңесші, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің тіл саясатын үйлестіру Департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі Тілдерді дамыту Департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Осы жылдары біртұтас Мемлекеттік тіл саясатының қалыптасуына белсене араласып, Қазақстан Республикасының тіл заңының, тіл саясатының тұжырымдамасын, Тілдерді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жасауға ат салысты. Мемлекеттік терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың тұрақты мүшесі.
- 1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры қызметтерін атқарды.
- 2005-2010 жылдары Алматы қалалық әкімдігінде Мәдениет Департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
- 2010-2012 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы, 2012 жылдан «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» инновациялық орталығының басшысы қызметтерін атқарды.
- 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры қызметінде.
- 2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- Мемлекеттік марапаттары:
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2007), «Құрмет» (2016), «Парасат» (2024) ордендерінің, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Тәуелсіздікке 25 жыл» сияқты мерекелік медальдардың иегері.
- Негізгі еңбектері:
- «Рухани уыз». Монография. (1995, 2008), «Алтын сандық» (1996), «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (1996), « Ел қазынасы ескі сөз» (1997), «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография. (2007), «Тәрбиенің тұнық бастауы» (2018), «Казахский семейный фольклор» (2020), «Педогогические аспекты культуры детства» (2020), сонымен қоса отандық және Еуропа мен ТМД елдерінің беделді басылымдарында 200-ден астам ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген.