Әуезов институтының басшылығы
ОМАРОВА Эльмира Рамазанқызы
«М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары
1981 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылында туылған. Білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы заң академиясының магистратурасын аяқтап, «юриспруденция магистрі» біліктілігін алған.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдар аралығында «Винзавод Иссык» АҚ-ның заңгер лауазымынан бастаған.
2007-2008 жылдар аралығында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасында әкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері және 2008-2010 жылдар аралығында ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2010 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қаржы-экономикалық және кадр жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ретінде жұмыс жасады.
2015-2019 жылдар аралығында «Amanat» партиясының Алматы қалалық филиалының заңгері, 2019 жылдың наурыз айынан бастап «Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет етті.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап «Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарған.
2023 жылдың маусым айында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі 19 жылды құрайды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» наградталған.