Әуезов институтының басшылығы
ҚАЛИЕВА Альмира Қайыртайқызы
Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, Этика жөніндегі өкіл, доцент, филология ғылымдарының кандидаты
1980 жылы 9 маусымда Абай облысы Аягөз ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ақши орта мектебін аяқтаған соң Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетіне оқуға түсіп, 2001 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы” мамандығын алып шықты. Осы жылдары ғылыми, танымдық мақалалары мен эсселері облыстық газет беттерінде жариялана бастады. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің магистратурасын “Әдебиет теориясы” мамандануы бойынша үздік аяқтап, “Филология магистрі” академиялық дәрежесіне ие болды.
2004-2005 жылдары Алматы қаржы-экономикалық және құқықтық колледжінде оқытушы, 2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасында аға лаборант болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары аталған кафедрада ассистент-оқытушы, оқытушы қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасында аудармашы маман болып жұмыс істеді.
2010 жылы филол.ғ.д., профессор Б.Қ.Майтановтың жетекшілігімен «Шығармашылық тұлғаны суреттеудегі психологизм» (мамандығы: «10.01.08 – Әдебиет теориясы; мәтінтану») тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. 2010-2012 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2012-2016 жылдары Институттың ғалым хатшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылдан бастап А.Қ.Қалиева – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
2018-2020 жылдарға арналған «Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі «Мәңгілік Ел» концепті» нысаналы бағдарламасының қосалқы жетекшісі, 2021-2023 жылдарға арналған «Қазіргі әдебиеттану және когнитивтік парадигма» тақырыбында гранттық жобаның жетекшісі болды.
Біліктілікті арттыру:
-2016 жылы қыркүйек айында кәсіби біліктілік деңгейді жоғарылату мақсатында РҒА Орыс әдебиет институтында ғылыми тағылымдамадан (72 сағат), РҒА А.М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында қысқа мерзімді тәжірибе алмасу курсынан өтіп, сертификаттарға ие болдым.
-2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Жобаларды басқару» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарына қатыстым (24 академиялық сағат).
— 2018 жылы Ресей халықтар достығы университетінің гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдары факультетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығында біліктілікті арттыру курсы («Посткеңестік кеңістіктегі тілдік процестер және тіл саясаты» – 72 сағат);
— 2021 жылы Ресей халықтар достығы университетінің гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдары факультетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығында біліктілікті арттыру курсы («ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетіндегі уақыт, шындық, кейіпкер» – 72 сағат);
— 2023 жылы Назарбаев Университеті жанындағы «Academic Leadership Institute» бағдарламасы бойынша дайындық курсынан өтті (166 сағат – 27.04.2023-02.12.2023).
— 2023 жылдың қыркүйегінде Назарбаев Университеті жанындағы «Academic Leadership Institute» бағдарламасы аясында шетелдік модулі аясында Ұлыбританияның Кардифф, Бат, Рединг университеттерінде курс оқыды
— 2024 жылы РФ Сочи мемлекеттік университетінің «Лингвистикалық прадигма: теориялық және қолданбалы аспектілер (Сочи мектебі)» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті (72 сағат).
Жетістіктері:
-2013 жылы ғылымдағы жетістіктерім үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының» иегері атанды.
-2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғысын» алды;
-2018- жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасын алды;
-2023 жылы ҚР Ғылым жіне жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.
2024 жылы – Түрксой халықаралық ұйымының Әуезов медалімен марапатталды.
А.Қалиева – 2 кітаптың, 130-ға жуық ғылыми мақаланың авторы.
Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл, саладағы еңбек өтілі – 20 жыл.