🏛️ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, ғалым, профессор, жазушы Мұхиттин Шімшек бастаған қонақтар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына арнайы сапары барысында «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жұмысымен танысты.
✅ «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы директорының орынбасары Салтанат Амантайқызы Мұқатаева келген қонақтарға музей тарихын, тарихи жәдігерлерін таныстырды. Сондай-ақ Орталық тарапынан осы уақытқа дейін жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары туралы кеңінен ақпарат берді.
❇️ Кездесу соңында қонақтардың Абай Құнанбайұлы және Мұхтар Омарханұлы өмірі мен шығармашылығына қатысты көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, тың мәліметтермен бөлісті. Сонымен бірге алдағы уақытта өзара шығармашылық байланысты одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.





