1938 жылы Жезқазған және оның тау-кен зерттеу жұмысы олқылықтан шыққан бірінші жылы болды. Глав мыста отырып бұрынғы басшылықта болып келген зиянкестер екінші бесжылдықта жалпы тау-кен зерттеу жұмысына және зерттелген байлықтардың пайдаланылуын ылғи зиянкестік етумен келді. 1938 жылы февраль айында Л. М. Каганович жолдас Жезқазған ауданындағы кен байлықтарын толық пайдалану үшін, оның зерттеу жұмыстарының қай саласында болса да қарқынды күшейтуге бұйрық берген еді.
Бұл міндетті орындауда тау-кен зерттеу жұмысын жүргізу үшін 1937 жылға қарағанда, 1938 жылы жұмсалған қаржы 6 еседен артық болды. Зерттеу жұмысындағы коллективіміз негізінен алдарына қойған міндеттерін атқарып шықты.
1938 жылы тау-кен зерттеу жұмыстырының алдына қойылған мақсаттары Қарсақбай комбинатын күшейту, Үлкен Жезқазған комбинатын салу үшін керекті материалдар тауып беру үшін қамсыз ету және бүкіл Жезқазған ауданындағы тау-кен байлықтарын зерттеу жұмыстарын қоса жүргізіп отыру еді.
Қорытындыда былай болды:
Қарсақбай комбинатын реконструкциялау жұмысы негізінде Жезқазған руднигінен 7-8 процент мысы бар маңызды окисленный және аралас бай рудаларды пайдалануға байланатын. Реконструкция жұмысы жасалғанда осындай маңызды кендердің запасы Жезқазғанда Қарсақбайға 5 жыл шамасы жарайтын еді. 1938 жылдың зерттеуі арқасында бұл кен запасын Қарсақбайға біз 10 жылға жетерлік етіп бердік. Комбинатымызды кеңейтіп реконструкциялау планы, маңызды бай окисленный руда мен қамсыздау жөнінде геолог-зерттеу бөліміне сеніп тапсырған еді, ол сенімді 1938 жыл қортындысында біз ақтап шықтық.
1938 жылы жұмысымызда Қарсақбай теміржол бойында «Известный карьер» және Жезқазған аралығында Ақой деген жерден өндірістік маңызы бар мыс тауып, зерттедік. Мұнда 12 миллион руда, яғни 150 млн тонна мыс бар.
Жезқазғанда ертеден бері қарай тереңде жатқан кен байлығын зерттеу жұмыстары жүріліп келетін. 1938 жылғы жұмыстардың нәтижесінде тереңнен мыс рудасының жаңадан екі пласта рудасы табылды. Бұл екі пластаның біреуі кресто куполының солтүстік батыс жағында, пластаның қалдығы 4,75 метр. Ішіндегі мысы 0,93 процент. Екінші табылған пласта Петросбростын батыс жағында, бұның қалдығы 6,95 метр, ішіндегі мысы 3,23 процент.
Жезқазғанның ең маңызды ауданы Кресто қазірде 600 метр тереңдікке дейін болжалды. Басқа аудандары 350-400 метрге дейін болжалды. 280-300 метр төмен жерден өндірістік мыс рудасы әзірше табылған жоқ.
Қазіргі Петро ауданындағы бұрғыланып жатқан терең скважин 245 метр жерден табылған жаңа плоспен қабат, бұл Петродағы бұрыннан мәлім болатын екі кен плос бұның көлемінің кеңеюін көрсетті.
1939 жылдың басында Жезқазғанда қанша мыс кенінің бар екендігінің есебі қазір жасалып жатыр. Ол есеп біткенше 1938 жылдың ішінде қанша руда жаңадан табылғандығын нақты айтуға әзірше болмайды. Әйтсе де 1938 жылдың ішінде табылған жаңа табыстың шамасы анық тиянақты, зерттелген категориялардан 100 мың тонна мыстан кем болмайды. Жалпы зерттеуге мыстан өсімі 200 мың тоннадан кем болмауы керек.
1938 жылдың басында Жезқазғандағы мыс запасының шамасы тиянақты зерттелген категориялар екі миллион тонна, ал жалпы зерттелген категорияларда 4 миллион мыстай болмақ.
1939 жыл басында Жезқазған СССР-дағы мыс байлығы өндірістерінің бәрін артта қалдырумен жер жүзінде ірі маңызы бар атақты бес мыс провинциясының бірі болады. Жезқазған үшін таяудағы 5-6 жылда тау-кен зерттеу жұмыстарын интенсивті жүргізіп, запастарын келешекте де ұлғайта беруге мүмкіншілік бар.
Үлкен Жезқазғанды салуға түрлі минералды құрылыс заттарын табу керек болады. Бұл заттар жақсы сапалы болумен бірге, комбинат салатын жерге неғұрлым жақын жерде болғаны тиісті.
Ал, бұл құрылыс материалдарын табу үшін геолог зерттеу конторы бірнеше жылдай зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы зерттеу жұмыстардың қорытындысында, әсіресе 1938 жылда уақытылы интенсивті істердің нәтижесінде мына жердерді таптық. Жауапты бетонды жасауға жарайтын минералдар құм мен гравийдің алтынатын жері Кеңгір өзенінде, заводтың құрылатын жері жаңа Жезді станциясының жаны. Бұл жерден табылған құм және гравий заттары бетонға пайдалану үшін оларды жуып жату қажет емес. Тек жалаң грохотамен шайқау ғана керек. Кірпіш құюға, сылауға керек «той» болуға жарамды балшықтар Қостенгел сай түбінен шығады. Жезқазғанда жаңадан салынатын қалаға керекті балшық қаладан екі километр жерде теміржол бойында. Комбинатқа керекті түрлі балшықтар да осыдан табылады. Керамзит және глиний цемент істелетін балшықтар, үй салынатын тастар жаңа қаланың қақ жанынан шықпақшы. Алебастр Маман ошағындағы борлардан жасалынады, бұл Жезқазғанға 45 километр тұрады. Аса жауапты емес жұмыстарға жарайтын Алебастр комбинаттың ішіндегі қара топырақтарынан шығады. Минералды бояулар мына жерлерден табылады: жасыл бояу Жезқазғандағы бай окисленный рудадан; күрең, сары және қызыл бояулар – Найзатас және Ақадыр кендерінен табылады; Ақ бояу жасалатын барит Жезқазғаннан, Найзатастан, Түйе-мойнақтан табылады. Жезқазған мен Кеңгірде жаңадан салынатын социалистік қалалардың, үйлердің архитектуралық көркемденуіне керекті және жарамды қызыл граниттер, порфирлер Найзатастан шығады. Түрлі түсті мраморлар Жармада бар. Түрлі галкелі көркем тастар Жезқазғанда бар.
Өте тәуір материалдың бірі гидравлический ізбес пен роман цемент жасауға өте жарамды мергал заттары Кеңгір өзенінің жиегінде мол, бұндағы запастарда шет жоқ.
Үлкен Жезқазған мен Қарсақбай комбинатының жұмыстары үшін, тек мыс рудасы ғана керек емес, онымен бірге көмір, железняк, известняк, гипс, кварц және қазуға шыдамды балшықтар сияқты жәрдемші минералды заттар керек.
Байқоңыр көмір кеніндегі зерттеліп табылған көмір запасы 1,2 миллион тонна. Байқоңырдың батыс жағында 45 километр жердегі Қияқты көмір кенінде тиянақты зерттелген өндірістік көмір 26 миллион тонна, ал жалпы зерттелген көмір запасы 41 миллион тонна.
Қияқты көмірінің Байқоңыр көмірінен артықшылығы – Қияқты көмірінің күлі 15 процент, ал Байқоңыр көмірінің күлі 32 процент. Қияқты көмірінің қызулық маңызы 5100 калория, Байқоңыр көмірінің қызулығы 4300 калория. Бұрында 1932-1934 жылдары, біз бірнеше рет баспасөз бетінде Қияқты және Байқоңыр кендеріндегі көмір запасы Қарсақбай мен Жезқазғанға 30 жылға, былайша айтқанда, амортизациялық уақытына толық жетеді дегенбіз.
1937-38 жылдардағы зерттеу жұмыстарындағы қорытындысында екі комбинатымыздың екеуінде 10 жылға жететіндей запас железнякпен қамтамасыз еттік.
Известь-пушонка (байыту фабрикасына керекті реагент жасайтын зат, жаңа металлургияға да керекті известь жасау үшін өте сапалы сырьяны екі комбинатымызға да 25 жылға жететін етіп Ақтас деген кеннен қамтамасыз етіп зерттеп таптық. Керекті гипс запасы Маман деген жерден екі комбинатымызға да жетерліктей болып табылды. Конверторларға керекті кварц пен қызуға шыдамды балшыққа комбинатымыздан екеуі де қамсыз етілді. Аяқтай келгенде, Қарсақбай мен Жезқазған комбинатымыз толық сенімді түрде зерттеліп, тексерілген кен базасымен және жәрдемші минералды сырьялармен қамтамасыз етілді.
Железняк зерттеу жұмысы 1939 жылға созылады.
Жезқазғандағы тау-кен зерттеу конторы Жезқазған ауданын жалпы түрде үйрену – танысу мақсатымен зерттеді. Бұл жұмысқа 1936 жылдан СССР ғылыми академиясы және Қазақтың тау-кен зерттеу тресі қатынасып келеді.
Жезқазған ауданының площады Европадағы кейбір жеке мемлекеттердің алып отырған жерінен үлкен. Мысалы: Жезқазған ауданының площады Чехословакия яки Швейцарияның алып тұрған жерінен гөрі кең.
Жезқазған ауданының кен балшықтарын әлі де бірнеше жылдар үлкен күш жұмсап зерттеу керек болады.
Бірақ қазірдің өзінде ашылып отырған кен байлықтары, Жезқазған ауданының индустриялық өркендеуі жалғыз ғана Қарсақбай мен Жезқазған комбинаттарымен бітпейтіндігін көрсетеді.
Мыс өндірісі кәсіптерін құрумен қабат ауданымыздың ішінде шойын, сталь балқытатын заводтарға керекті кендердің барлығы зерттеліп табылып отыр. Бұл үшін табылған кен базасы – Керегетас, Қарсақбай, Жезді кендері, бұлар Қарсақбай заводынан оңтүстікке қарай 15 километрге, солтүстікке қарай 26 километрге созылады.
Бұл арадағы өндірістік темір рудалардың байлығы 50 процент, яғни өндіріске жарамды темір запасы 100 миллион тонна. Бұл запас жылында 1,5-2 миллион тонна шойын және сталь қорытатын заводқа азық болуға жарайды. Осы күнге дейін Қазақстанда маңызды шойын, сталь өндірісіне база боларлық күрделі темір кендері болмайтын.
Қазір мұндай базалар Қазақстанның өзінен табылып отыр. Ол Қарсақпайдағы темір кендері Қара металды өндіріп шығаруда тек темір руда ғана жетіспейді, ал бұған тағы жәрдемші минералды заттар:
Марганец руда, известняктар, доломиттер, қазуға шыдамды тас заттары да керек. Қазақстандағы жасалатын қара металл өндірісін жәрдемші сырьемен де қамтамыз етеміз. Жездіде қазір 3 миллион тонна марганец рудасы бар. Бұл жеріндегі марганец 35 процент болады.
Ал бұл табылған марганца рудасы бүкіл Қазақстандағы қара металл өндірісін қамтамасыз ету мен бірге Оралдың қара металл қорықтарын өнідіріске қажеттіліктерін орындауға жетеді.
Темір марганец рудасын Найзатас ауданындағы байлығы 1,5 миллион тонна … Жезді кентінің резерві.
Байқоңырдың жанында 3 километр жерде жақсы сапалы доломиттенген известняк бар. Бұл жердегі байлықтар толқынынан Қазақстандағы қара металл өндірістерін негізгі флюстер мен қамтамасыз етеді.
Ақши кеніндегі қазуға жарамды балшықтар, мыс пен қара металл өндірісін қамтамасыз етеді.
Ауданымыздағы өндірістеріміздің үшінші орын алатын Қияқты көмір кені болады. Қияқтының көмірі өзінің өндіріс өнімдерінің күшті болуы арқасында, тек Жезқазған мен Қарсақбайдан комбинатымызды қамтамасыз етумен тұрмай, онанда гөрі кең түрле пайдалануға жарамды. Ташкент теміржолы өзінде отын болмағандықтан, көмірді Донбастан алатыны мәлім.
Ташкент теміржолының жақын жері Қияқтыдан 300 километр ғана тұрады.
Жезқазған-Қияқты теміржолы Ташкент теміржолына келешекте қосылуы мүмкін. Ол уақытта Ташкент жолы әрі жақын, әрі арзан Қияқты көмірі мен қамтамасыз етіледі.
Жезқазған ауданындағы бүкіл союздың маңызы бар мыс, қара темалл жаңа көмір өндірістері ашылуы мен қабат, бұнын ішіндегі Қорғасын жаңа Жезқазған рудниктерінен қорғасын, Іле тау және Найзатас рудниктерінен алтын, Қарғалы өзенінен фосфорит кендері табылып отыр.
Осы таяу уақыттардағы зерттеу жұмысынан; қорытындысында Жезқазған ауданы индустриялы аудан екендігі анықталды.
Бұл зерттеліп табылып отырған кендер Қарсақбай комбинатын салу мен қатар, келешекте ауданымыздағы ірі индустриялы аудан болуын, түсті жаңа қара металл шығаратын заводтардың санын көбейтетініміздің іс жүзінде айқындап көрсетеді.
ЖЕЗҚАЗҒАН АУДАНЫ – СССР-ДІҢ ҰЛЫ КЕҢ ОШАҒЫ
Бұл мақала «Қызыл кенші» газетінің 1939 жылдың 9 қаңтарындағы №4 (592) санының 4 бетінде жарияланған.
Осы уақытқа дейін шыққан Қаныш Сәтбаев көптомдық және әр жылдары басылған жекелеген кітаптарында енгізілмеген.
Бұл академиялық жинаққа мақала алғаш рет беріліп отыр.
Мақала ішінде кездесетін ғылыми терминдер:
Гравий (фр: gravier – болбыр) – ірілігі 2-10 мм жұмырланған қиыршық сынықтардан тұратын болбыр шөгінді тау жынысы.
Керамзит (грек. keramos – саз) – ұсақ түйіршікті, кеуек құрылымды, жасанды жеңіл бетон толтырғыш. Түйіршік өлшемдері 5 – 40 мм болып келеді. Оңай балқитын көпірмелі саз балшықты айналмалы пеште (1100 – 1200С) күйдіру арқылы алынады.
Барит, ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: BaSО4, құрамына қоспа түрінде стронций мен кальций енеді
Порфир (гр. porphyreos – қызыл) – ұсақ түйірлі арқауында фенокристары (минералдардың ірі түйірлері) бар қышқыл тау жыныстарының жалпы атауы.
Романцемент – жер асты немесе жер үсті құрылыстарында төмен сұрыпты бетон қалау үшін, ерітінділер, сылақ және т.б. өндіру үшін қолданылатын гидравликалық байланыстырушы материал.
Кварц – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы: SіO2.
Доломит – карбонаттар класының минералы. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5–4, меншікті салмағы 2,85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш.
Фосфорит – апатит және мартинит сияқты минералдар тобынан тұратын аморфты немесе микрокристалды кальций фосфаттарын өз құрамына молынан кіріктіретін таужыныстардың жалпылама атауы. Фосфориттер құрамындағы фосфаттың ең төменгі мөлшері 18%-дан кем болмауы шарт. Алайда геологиялық барлау тәжрибесінде құрамындағы фосфат мөлшері 5% таужыныстарды да фосфорит кендері деп атайды.