ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

06/05/2025

Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Ғылым ордасы» РМК қолдауымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Екінші дүниежүзілік соғыс: жеңіс тақырыбы әдебиет, фольклор мен өнерде» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – екінші дүниежүзілік соғыстың қазақ әдебиеті мен өнеріндегі көркемдік көріністерін зерделеу, тарихи жадты сақтау мен ұрпақ санасына сіңіру.

Конференция аясында әдебиет пен өнердегі тарихи шындықты бейнелеу тәсілдері, көркем туындылардағы автобиографизм, соғыс кезіндегі мәдениет қызметкерлерінің рөлі секілді тақырыптар жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ:

  •        көркем нарративтегі әскери стратагема және соғыс концепті;

  •        майданнан оралған қаламгерлердің әдеби мұрасы;

  •        әдеби байланыс және компаративистика;

  •        қазақ театры мен киносындағы соғыс тақырыбы;

  •        бейнелеу және дәстүрлі өнерде соғыс шындығының көркем бейнесі тақырыптары кеңінен қозғалды. Атап айтқанда:

«Бауыржан Момышұлының стратагемасы» – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы ДӘДЕБАЕВ;

«Майдан газеттеріндегі майдан жырлары» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Бәбиханұлы АҚЫШ;

«Майданнан оралған қаламгерлер» – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ;

«Мұхтар Әуезовтің тапсырмасы – Бауыржанның баяндамасы» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ҒМО бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы ПІРӘЛІ;

«Майдангер қаламгерлер шығармаларының зерттелуі» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОРДА;

«Автобиографизм художественных произведений о войне» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Викторовна АНАНЬЕВА;

«Соғыс жағдайындағы қазақ театры: тарихи-танымдық экскурс» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент Аманкелді Оразбайұлы МҰҚАН;

«Ұлы отан соғысы кезінде қолжазба мұраның жиналуы» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай Сайлауқызы РАҚЫШ;

«Дәстүрлі өнердің майдан жылдарындағы тынысы» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент Айнұр Жасағанбергенқызы ҚАЗТУҒАНОВА баяндама жасады.

Республикалық конференцияда «Ғылым ордасы» РМК «Орталық Ғылыми кітапханасының» ұйымдастыруымен жоғарыда аталған тақырып аясында арнайы кітап көрмесі көрсетілді. Шараға әдебиеттанушы, фольклортанушы және өнертанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.