ЖАҢАЛЫҚТАР

Республика күніне орай Институт ғалымдары марапатталды

21/10/2025

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары ғылым мен мәдениет саласындағы жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының атынан арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:

«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі:

Рақыш Жұмашай Сайлауқызы

«Ғылым үздігі» құрмет дипломы:

Медеубек Сағатбек Медеубекұлы

«Құрмет грамотасы»:

Елесбай Нұржұма

Оралбек Алмас

Сәрсенбаева Жансұлу Бәденқызы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғысы:

Омарова Эльмира Рамазанқызы

Туребекова Лаура Асылбекқызы

Құрманбаева Айжан Пердебекқызы

Абдыманапов Рауан Болатбекұлы

Жылқыбай Досхан Аңсағанұлы

Мотанов Жұмабек Құралбекұлы.

Мереке қарсаңында берілген марапаттар – еліміздің рухани және ғылыми дамуына айрықша үлес қосқан ғалымдар мен зерттеушілердің еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Сондай-ақ Институт ұжымының көпжылдық ғылыми еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің, ұлттық ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі. Өйткені бұл күн – еліміздің егемендікке қол жеткізу жолындағы тарихи жеңісін айшықтайтын, ұлттық рух пен тәуелсіздік идеясын ұлықтайтын мерейлі мереке. Институт басшылығы мен ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, ғылыми ізденісте жаңа белестер мен толайым жетістіктер тілейді!