М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28 қарашасында жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов мұражай-үйінің құрылған күніне және белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Раушан Қалиқызы Қайшыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Қайсар ғалым» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында ғалымның қазақ-украин әдеби байланыстарын зерттеудегі жаңашылдығы, ғылыми ұстанымдарының жүйелілігі, әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Спикерлер ғалымның зерттеу бағыты, ғылыми табандылығы, ұлт әдебиетінің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтауға бағытталған еңбектерінің маңызы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Шараны «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Диар Асқарұлы Қонаев жүргізді.
Шарада төмендегі баяндамалар мен пікірлер ұсынылды:
- Айгүл Серікқызы Ісімақова, филология ғылымдарының докторы, профессор — «Табандылық пен парасат: Раушан Қалиқызының адами болмысы және тұлғалық келбеті»;
- Пәкизат Теңізбайқызы Әуеспаева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент — «Салыстырмалы әдебиеттанудағы әдіснамалық ұстанымдар: Р. Қайшыбаеваның ғылыми мектебі»;
- Серікқазы Қорабай, филология ғылымдарының кандидаты – «Қазақтың қайсар рухты қызы»;
- Санагүл Майлыбай, филология ғылымдарының кандидаты – естелік сөз;
- Мамай Қаниұлы Ахетов, филология ғылымдарының кандидаты — «Ғалымның адамдық келбеті және зерттеу мәдениеті»;
- Ерлан Тәжібаев, филология ғылымдарының кандидаты – естелік сөз;
- Ермек Ханкей, филология ғылымдарының кандидаты – «Қайсар ғалым – Раушан Қайшыбаева!»;
- Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда, филология ғылымдарының докторы – «Раушан Қалиқызының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі»;
- Гүлзия Жайлауқызы Пірәлі, филология ғылымдарының докторы – «Ізденіс пен ізгілік: Раушан Қалиқызының ғылымдағы жолы»;
- Аманғайша Жолдыханқызы Болсынбаева, филология ғылымдарының кандидаты – «Ғалым-тұлға: табандылық пен терең білімге негізделген зерттеу жолы»;
- Светлана Викторовна Ананьева, филология ғылымдарының кандидаты — «Крупный исследователь-литературовед Раушан Кайшибаева»;
Шара аясында «Раушан Қалиқызы Қайшыбаева – 80 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның негізгі еңбектері мен архивтік материалдары көпшілік назарына ұсынылды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар Раушан Қалиқызы Қайшыбаеваның әдебиеттану ғылымындағы бай мұрасы қазіргі кезеңде де өзекті екенін, оның зерттеулері халықаралық әдеби байланыстарды зерделеуде құнды әдістемелік негіз болып қала беретінін атап өтті.




