ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Нұрғиса Тілендиев мемориалдық мұражайының ұйымдастыруымен 26 қыркүйек күні белгілі күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Нұрғиса Тілендиев: бірегей тұлға және шығармашылық мұра мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиында ұлы композитордың ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас орнын айқындап, шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мен оның тұлғасын жаңа қырынан зерттеу мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы жүргізді.
Кештің құрметті қонақтары – «Отырар сазы» оркестрінің алғашқы құрамының мүшесі, ардагер Нұрпейісов Амантай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Өміров Ермек, «Отырар сазы» оркестрінің құрамының бұрынғы мүшесі, прима-қобызшы Алиасқарова Назгүл Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктерімен бөлісті.
Жиын «Н.Тілендиев мемориалдық мұражайының» басшысы Абдукадирова Ақжан Оралбайқызықұттықтау сөзімен басталды. Дөңгелек үстелде келесі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды:
– «Композитор Нұрғиса Тілендиевтің қазақ халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Музыкатану» бөлімінің ғылыми қызметкері, өнертану ғылымдарының магистрі Жаманбалинов Ернат Ерболатұлы;
– «Ұлттық өнердің ұлы өкілі» – Н.Тілендиев мемориалдық мұражайының қызметкері, Нұрғиса Тілендиев шығармашылығын танытушы, заманауи насихаттаушы Хасен Толғанай;
– «Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі: О.Абдуллаевтың педагогикалық оқыту тәжірибесі» – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2-курс магистранты Мұқаметқазықызы Айман;
– «Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасындағы гобой мен ағылшын мүйізі партиялары: симфониялық оркестр орындауындағы талдау» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Музыкатану» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, өнертану ғылымдарының магистрі Мукашева Гаухар Алиханқызы;
– «Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін фагот аспабына лайықтау мәселесі» – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 1-курс магистранты Толымбекбаев Занғар Болатұлы;
– «Н.Тлендиев в истории казахской оперы» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Музыкатану» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Омарова Ақлима Қайырденқызы;
– «Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасы және этномузыкатану мәселелері» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы.
Бұл шараға келген қонақтар Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасын айшықтайтын мемориалдық мұражайдың құнды жәдігерлерімен танысып, жас өнерпаздардың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің әндері мен күйлерін тыңдап, күйші-композитор қорында сақталған бейнежазбалары тамашалады.










