Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Міржақып Дулатұлы және Алаш мұрасы

20/11/2025

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2025 жылдың 20 қарашасында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, публицисті, қоғам қайраткері, Алаш қозғалсының белсенді мүшесі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Міржақып Дулатұлы және Алаш мұрасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Шара қазақ зиялыларының ұлттық сананы қалыптастырудағы тарихи рөлін жаңа ғылыми тұрғыдан пайымдауға, Міржақып Дулатұлы мұрасының әдебиеттегі, публицистикадағы және ағартушылық бағыттағы маңызын жан-жақты талдауға бағытталды.

Конференцияға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, әдебиеттанушылар, фольклортанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Шарада «Ғылым ордасы» РМК-ның Орталық ғылыми кітапханасы Міржақып Дулатұлының ғұмыры мен еңбегіне арналған арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді. Конференцияға Алаш қайраткерінің ұрпағы, медицина ғылымдарының докторы Жаннат Әбенқызы Сатыбалдиева арнайы қатысты. Конференцияда төмендегі тақырыптар аясында баяндамалар жасалды:

Дандай Ысқақұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
Баяндама тақырыбы: «Алаш және Міржақып Дулатұлы»;

Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы
Баяндама тақырыбы: «Білім мен тәрбие тақырыбындағы көркем интенция»;

Аманқос Құлтанұлы Мектеп, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті
Баяндама тақырыбы: «Мір оғындай Міржақып (М. Дулатұлының публицистикасы және белгісіз мақалалары)»;

Ерсайын Төлеубай, Қазақстанның халық әртісі, драматург, режиссер
Баяндама тақырыбы: «Міржақып Дулатов жайлы тұңғыш қойылым»;

Гүлбану Саламадинқызы Жүгенбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Баяндама тақырыбы: «Алаш – Түркі өркениетіндегі интеллектуалды құбылыс (теориялық-методологиялық мәселелер)»

Айсәуле Әбілда, «Оян, қазақ» фильмінің бас продюсері, кинопродюсер
Баяндама тақырыбы: «Оян, қазақ!» фильмі және ұлттық сананың жаңғыруы»;

Еркін Шүкіман, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, музыкатанушы
Баяндама тақырыбы: «Міржақып Дулатұлына қатысты әндер: фольклор, мәтін және мұрағат деректері»;

Гүлбану Құлетқызы Сәрсекей, Торғай мұражайлар кешенінің басшысы
Баяндама тақырыбы: «Алаштың аманаты – Гүлнар Міржақыпқызының бізге жеткізген мұрасы»

Сабира Сарыбайқызы Иманбаева, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы АЛТ университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Баяндама тақырыбы: «М.Дулатов – Алашорданың бірегей идеолог қайраткері»

Ертай Нұрбекұлы Біләл, ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі қызметкері, Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты
Баяндама тақырыбы: «Ұлттық библиография және М. Дулатұлы: “Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінің” тарихи маңызы»

Конференция соңында Міржақып Дулатұлы мұрасының бүгінгі рухани және әлеуметтік даму үшін маңыздылығы, Алаш қайраткерлерінің интеллектуалдық мұрасын кешенді зерттеудің бағыты мен әдіснамасы, сондай-ақ жаңа архив деректерін ғылыми айналымға енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.