Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен 14 сәуір күні «Латиф Хамиди және Қазақстанның музыкалық мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті.
Ғылым апталығы аясында өткен дөңгелек үстел отандық музыкатану ғылымындағы өзекті мәселелерді талқылауға, көрнекті композитор Латиф Хамидидің шығармашылық мұрасын жан-жақты зерделеуге және оның қазақ музыкалық мәдениетіндегі орнын айқындауға арналды. Іс-шара барысында ғалымдар композитордың туындыларына қатысты ғылыми зерттеулерді, олардың тарихи-эстетикалық маңызын, сондай-ақ қазіргі орындаушылық тәжірибедегі жаңғыруын талдап, кәсіби пікір алмасты. Сонымен қатар жиын ғылыми баяндамалар мен музыкалық орындаулар арқылы теория мен тәжірибені ұштастырып, ұлттық музыкалық мұраны насихаттауға және жас буынның қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Жиын консерваторияның ғылыми-инновациялық қызмет, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты Айзада Нүсіпованың құттықтау сөзімен ашылды.
Институт қызметкерлері келесі тақырыптарда баяндама жасады:
- «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы – «ҚР Ғылым академиясы музыкатанушыларының еңбектеріндегі Л. Хамидидің шығармашылығы»;
- «Музыкатану» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, консерватория профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты Омарова Ақлима Қайырденқызы – «Латиф Хамиди: “Мәңгілік әуендердің жастық шағы”»;
- «Музыкатану» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, өнертану ғылымдарының магистрі Мукашева Гаухар Алиханқызы – «Эстрада жұлдыздарының орындауындағы Л. Хамидидің “Бұлбұл” әні».
Сондай-ақ дөңгелек үстелге Консерватория оқытушылары – ө.ғ.к. Мылтықбаева Меруерт Шырақбайқызы, ө.ғ.м. Түлкібаева Жұлдыз Жаханшақызы, Маханов Ғани Амангелдіұлы, докторанттар Қыдырниязова Жанна Қамбарбекқызы мен Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы қатысты.
Онлайн қосылған қатысушылар қатарында Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыка колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Әмзе Мүсілім Балтабайұлы және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ҚР «Мәдениет қайраткері» Әбуғазы Мұрат Қазенұлы болды.
Іс-шараның басты қонақтары – композитор, Қазақ ССР халық әртісі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Латиф Хамидидің немересі Ринат Радикович Хамиди мен шөбересі Эмир Ринатович Хамиди.
Кеште Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» – Жұмағали Динараның, «Аққу» – Тұрымбек Айсұлудың және «Бұлбұл» – Алпысбаева Аружанның орындауында шырқалды. Күйсандықта сүйемелдеген – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жидилова Гүлнар Шаханқызы.
Сонымен қатар консерваторияның камералық хоры, көркемдік жетекшісі және дирижері, профессор, «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» Ғалымжан Берекешевтің өңдеуіндегі Кенен Әзірбаевтің «Көкшолақ» әнін жоғары кәсіби деңгейде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.




