2026 жылдың 27 қаңтарында ЖОО кейінгі білім беру жөніндегі әдіскер А.Н. Жұматаеваның ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының мәжіліс залында докторанттарға арналған ғылыми-методологиялық семинар өтті. Семинар барысында 3 курс докторанттары – Э. Мансұрова мен Г. Ахметованың докторлық диссертациялары талқыланды. Ғылыми-методологиялық семинарға докторанттардың ғылыми жетекшілері, пікір сарапшы ғалымдар және «Ғылым ордасы» ҒКДО жетекшісі А.С. Уалтаева (онлайн) қатысты. Семинарды бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары А.Қалиева жүргізді.
Екі сағатқа созылған семинарда докторанттар Э. Мансұрова «Қазіргі қазақ повестеріндегі жанрлық және стильдік ізденістер» (ғылыми жетекшісі – филол.ғ.д., доцент Орда Г.Ж.) және Ахметова Гүлнар Мырзалықызы «Қазақ және қырғыз прозасындағы фольклоризмдер (1991-2024 жж.)» (ғылыми жетекшісі – филол.ғ.к. Ж.С.Рақыш) атты диссертация жұмыстары мен жарияланымдары бойынша баяндады.
Семинар қорытындысында докторанттардың диссертация тақырыптары мен тараулары жөнінде рецензенттер пікір білдіріп, қатысушы ғалымдардың ұсыныс-пікірлері айтылды.
