ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі жазушы Нұрдәулет Ақыш 75 жаста

10/07/2025

Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, «Ғылым ордасы» РМК-ның Орталық Ғылыми кітапханасының қолдауымен көрнекті жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлының 75 жасқа толуына арналған «Өнер мен ғылым тоғысында: әдеби-көркем және ғылыми дискурс» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Іс-шараға шетелдік және отандық әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, докторанттар (PhD), магистранттар қатысты. 

Конференция барысында:

1. Нұрдәулет Ақыштың әдеби шығармашылығының  жанрлық, тақырыптық және стильдік қырлары;

2. Әдебиеттанушы-ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен поэтикасына арналған еңбектерінің орны мен ықпалы;

3. Қазақ балалар әдебиетінің өзекті мәселелері;

4. Қазақ әдебиетінің даму үрдістері және әдеби сынның қазіргі ахуалы және т.б. өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды.

Халықаралық конференцияны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ жүргізді. Кенжехан Ісләмжанұлы кіріспе сөзінде Нұрдәулет Бабиханұлының ұлт руханиятына қосқан үлесіне тоқталып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жолдаған «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі» атты төсбелгісімен марапаттады. 

Шараның бірінші бөлімі құттықтауларға арналды. Атап айтқанда:

  1. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК;
  2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Ғалымқызы БАЛАЕВА;
  3. Алматы қаласының әкімі  Дархан Амангелдіұлы  САТЫБАЛДЫ;
  4. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы Мереке Әбдешұлы ҚҰЛКЕНОВ; 
  5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Анапияұлының ТІЛЕП;
  6. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ;
  7. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымының арнайы жолдаған құттықтау хаттары мен сыйлары табыстады. 

Конференцияның екінші бөлімінде:

«Нұрдәулет Ақыштың ұлттық проза мен әдебиеттануға қосқан үлесі»  М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОРДА;

«Н.Ақыш және қазіргі балалар прозасы»  филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Халықаралық «Алаш», ұлттық «Айбоз»  сыйлықтарының лауреаты Бекен Бекмұратұлы ЫБЫРАЙЫМ;  

«Нұрдәулеттің жазушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен әдеби мектептер»  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жазушыдраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік АСЫЛБЕКҰЛЫ;

«Ғалым Нұрдәулет Ақыштың ғылыми дискурсы»  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлдархан СМАҒҰЛОВА;

«Жазушы шығармалары және түркі балалар әдебиеті» – Түркі академиясының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ;

«Нурдаулет Акыштын Казак балдар адабиятына кошкон эбегейсиз эмгеги» – Қырғыз Республикасының ақыны Махаббат МОЛДАЛИЕВА (Бішкек)

«Нұрдәулет Ақыштың  көркем әдебиет, проза, әдеби сын саласындағы еңбектері» –ақын, Мәдениет қайраткері, профессор Бақытжан ТОБАЯҚ;

«Концепт «детство» в прозе Н. Акыша и Ф. Тамендарова»  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Викторовна АНАНЬЕВА;

«Қатерлі сәттегі кейіпкер психологиясын суреттеу»  ақын, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби  сыйлығының лауреаты Ақсұңқар АҚЫНБАБА;

«Нұрдәулет Ақыш шығармаларындағы қазақ әйелі концептісі»  Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидатыАйнұр Жакыпалиевна МАШИМБАЕВА;

«Н.Ақыш прозасындағы әйел образы: тағдыр және өмір шындығы»  Халықаралық Тараз университеті  Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс докторанты Айнұр Тұрарқызы КЕМБАЕВА;

«Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш – ұлт руханияты мен әдебиетке үлкен үлес қосқан тұлға»  Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан АҚСУБАЕВА аталған тақырыптар бойынша ғылыми баяндама жасады. Сол арқылы Нұрдәулет Бабиханұлының шығармашылық мұрасы, ғылымға қосқан үлесі, өмір жолы кеңінен қарастырылды.

Шараға «Ғылым ордасы» РМК-ның Орталық Ғылыми кітапханасы Нұрдәулет Бабиханұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.