ҚР ҒЖБМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен 2025 жылдың 22 мамырында белгілі балалар жазушысы, сыншы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Бекмұратұлы Ыбырайымның 75 жас мерейтойына арналған «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Шараның басты мақсаты: Балалар жазушысы, сыншы, әдебиеттанушы ғалым, профессор Бекен Бекмұратұлы Ыбырайымның қазақ әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегін кеңінен насихаттау және ғылыми тұрғыдан бағалау, балалар әдебиеті мен әдебиеттану саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылау.
Республикалық конференцияда:
- Бекен Ыбырайым және қазіргі қазақ балалар прозасы;
- Қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері;
- Қазіргі әдеби сын;
- Шығармашылық және ұлттық руханиятжәне т.б. өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ жүргізді. Конференцияның алғашқы бөлімінде:
- ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ҚАРИН Ерлан Тынымбайұлының;
- Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы ҚҰЛКЕНОВ Мереке Әбдешұлының;
- Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі ЕСТЕНОВ Жасұлан Тоққожаұлының;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры ҚАНАЙ Гүлмира Әмірханқызының;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры ТІЛЕПОВ Болат Анапияұлының;
- Кітап палатасының директоры ҚОЙТАНОВ Әділ Каженбайұлының;
- «Көкжиек-Горизонт» баспасының директоры ТУКБАТОВА Индира Анатольевна құттықтау хаттары оқылды.
Алғашқы бөлімнен кейін Бекен Бекмұратұлының «Көкжиек-Горизонт» баспасынан жарық көрген «Көйлек киген көбелек» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараның негізгі бөлімінде:
«Шығармашылық және ұлттық руханият» – түрколог-ғалым, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір ЫБЫРАЕВ;
«Бекен Ыбырайым прозасының поэтикалық палитрасы» – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік АСЫЛБЕКҰЛЫ;
«Кемеліне келген шығармашылық тұлға» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның құрметті жазушысы Жанғара Дәдебайұлы ДӘДЕБАЕВ;
«Бекен Ыбырайым және қазіргі қазақ балалар прозасы» – Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті жазушысы Нұрдәулет Бәбиханұлы АҚЫШ;
«Б.Ыбырайым және қазіргі қазақ әдебиеттануы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті жазушысы Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ;.
«Балалар әдебиетіндегі тұңғыш детективті роман «Іздер құпиясы» туралы» – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Арасанбай Жексенұлы ЕСТЕН;
«Әдебиеттегі экологиялық мәселелер» – Назарбаев Университетінің доценті, қазақ тілі және түркітану департаменті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Әбілдақызы ОМАРБЕКОВА;
«Б.Ыбырайымның «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық еңбектегі зерттеулері» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОРДА аталған тақырыптар бойынша баяндама жасады. Конференцияда «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Бекен Бекмұратұлының шығармашылығына қатысты кітап көрмесі көрсетілді.








