🏛️ 2025 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ музыкатануының көрнекті өкілдеріне арналған жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл басылымдар «Қазақ музыкатанушылары» атты ғылыми-библиографиялық серия аясында жарық көрді.
📖 Таныстырылған еңбектер қатарында:
- Қазақтың белгілі музыкатанушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Ғафура Нұрғалиқызы Бейсенованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тағылымға толы ғұмыр: Ғафура Нұрғалиқызы Бейсенова» атты екінші кітап;
- Өнертану саласына айрықша үлес қосқан музыка зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Жиенбек Жұманбайұлы Ырысалдиннің 100 жылдығына арналған «Өнердің сырбаз сыншысы: Жиенбек Жұманбайұлы Ырысалдин» атты бесінші кітап бар.
Бұл еңбектерде аталған тұлғалардың ғылыми мұрасы, өнер саласына қосқан үлесі мен өмір жолы қамтылған.
✅ Жиынды М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, ө.ғ.к., қауым. проф. Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы жүргізді.
Іс-шараға:
- Халықаралық фестивальдардың лауреаты, Құрмет орденінің иегері Жауыров Орақ Жауырұлы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, ө.ғ.д., Елеманова Саида Абдрахимқызы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ө.ғ.д., профессор Өтеғалиева Сәуле Ысқақызы;
- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика» бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы;
- К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ профессоры, ө.ғ.к., профессор Егінбаева Тойжан Жылқайдарқызы;
- М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., өнер зерттеуші Медеубек Сағатбек Медеубекұлы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, PhD Бердібай Айжан Рахманқұлқызы;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Музыка кафедрасының» меңгерушісі, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, пед.ғ.к., қауым. проф. Бейсембаева Алтынай Әбдіханқызы;
- Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ө.ғ.д. Әбішева Оңал Тоққұлқызы;
- Мәдениет саласының үздігі, доцент, Құрманғазы атындағы ҚҰК Арнайы фортепиано кафедрасының профессоры Мұстафаева Айгүл Идиянқызы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК Арнайы фортепиано кафедрасының оқытушысы Бабенова Лола Хабибқызы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, ө.ғ.к. Бұлтбаева Айзада Зейкенқызы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК Фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі, PhD Бәбіжан Бағлан Жолдасқызы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қауым. проф. Шүкіман Еркін Тұрсынғалиұлы;
- Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, ө.ғ.к. Қазыбекова Жайдаргүл Алмасқызы;
- Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жетекші ғылыми қызметкері, ө.ғ.к., қауым. проф. Омарова Ақлима Қайырденқызы;
- Жиенбек Ырысалдин және Ғафура Бейсенованың қыздары – Рсалдина Зәуре Жиенбекқызы, Рсалдина Баян Жиенбекқызы, сондай-ақ басқа да туған-туыстары, «Музыкатану» бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шара аясында сөз сөйлегендер бұл кітаптардың ұлттық өнертану ғылымына қосылған құнды үлес екенін айтып, осындай бастамалардың жалғасын табуы қажеттігін атап өтті.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған бұл мәдени-ғылыми кездесу – қазақ музыкатанушыларының мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам болды.





