М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы 2025 жылдың 3-сәуірінде Алатау баурайында Әз Наурыз мерекесін тойлады.

Наурыз мерекесі – жаңару мен жасампаздықтың, жаңа өмірдің басталуын білдіретін қасиетті күн. Сол қасиетті күнге арналған шарада қазақ халқының әндері айтылып, күйлері тартылды. Сондай-ақ Наурыз көже ішіліп, тілектер айтылды.



Мерекеде Институт құрамындағы бөлімдер арасында:
1) Үздік ұлттық киім үлгісі;
2) Үздік музыкалық құттықтау;
3) Ұлттық салт-дәстүр үлгілерін көрсету бойынша жарыс ұйымдастырылды. Соның негізінде:
— Айтыс өнері;
— Қыз ұзату дәстүрі;
— Жар-жар;
— Наурызға арналған әндер бойынша қойылым қойылды. Сондай-ақ:
— Арқан тарту;
— Асық ойнау;
— Қазық ұру секілді ұлттық ойындар ойнатылды.


Мерекелік шара соңында үздік деп танылған бөлімдерге арнайы номинация бойынша сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.




