ӘУЕЗОВ ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ақпараттық порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғылым күніне орай сала мамандарына алғыс хаттар табысталды

14/04/2026

Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мәжіліс залында өткен дөңгелек үстел барысында әдебиеттану, өнертану және кітапхана ісі салаларында табысты еңбек етіп жүрген білікті мамандар Amanat партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Канкуров Станислав Владимировичтің Алғысы хатымен марапатталды. Марапатты Amanat партиясының Алматы қаласы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Медеуов Ержан Дәулетжанұлы табыстады. Алғыс хатпен марапатталған сала мамандары:

– Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты Сакен Сейілбек Икрамбайұлы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары Қалиева Альмира Қайыртайқызы;
– «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Тастамбаева Жадыра Кахарманқызы;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ананьева Светлана Викторовна;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты Әуесбаева Пакизат Теңізбайқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Мұқан Аманкелді Оразбайұлы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай Сайлауқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Машакова Айнур Касымжановна;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Қазтуғанова Айнұр Жасағанбергенқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Шарипова Диляра Сафаргалиевна;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Фольклортану бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жақан Дүйсенгүл Советқызы;
– М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалым-хатшысы, PhD доктор Кенджакулова Айнұр Берікқызы.

Бұл марапаттар ғылым саласында қажырлы еңбек етіп, ұлттық ғылым мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби жетістіктерін бағалауға бағытталған.