Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен Ғылым апталығы аясында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ЫҚПАЛЫ» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында жас ғалымдардың ғылыми білімдерін жетілдіру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту, жас ғалымдардың ғылым саласындағы рөлі мен ықпалын арттыру бағытындағы мәселелер кеңінен талқыланды.
Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Нұр Жандосұлы Мағазбеков жүргізді.
Дөңгелек үстел отырысында:
«Жапонияның білім беру жүйесі: ғылыми ізденістер мен халықаралық академиялық байланыс» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуір әдебиетінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Нұрбол Құдайберген;
«Жас ғалымдардың әлемдік ғылымдағы рөлі: халықаралық байланыс пен ғылыми ізденістердің өзара әсері» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуір әдебиетінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Ерқанат Қуатбекұлы;
«Шетелдік сирек қорларда сақталған қазақ әдеби мұраларының зерттелуі» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Бауыржан Мырзақұл;
«Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кезеңіндегі жас ғалымдардың жаһандану үдерістеріне бейімделуі» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Нышанғалиқызы Жұматаева
«Бейнелеу өнеріндегі жас ғалымдардың зерттеу бағыттары мен рөлі» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Мөлдір Келсінбек жоғарыда аталған тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Шараға әдебиеттанушы, өнертанушы жас ғалымдар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тағылымдамадан өтіп жүрген магистранттары, докторанттар қатысты.







