Жаңа қазақ әдебиеті: дарынды жастардың шығармашылық жетістіктері

Ұжымдық монография. – Алматы: Evo press, 2024. – 316 бет.

newlit

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуір әдебиеті ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық монографияда тәуелсіздік тұсында әдебиетке келген жас қаламгерлердің қазақ әдебиетінің даму бағытына қосқан еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттелген. Авторлар поэзия, проза жанрлары бойынша шолу тарауларда заманауи қазақ әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, ұлттық әдебиеттегі мазмұн мен түр жаңалығын бағамдайды. Сонымен қатар зерттеуде жаңа заман шығармаларындағы көркемдік трансформациялық құбылыстар зерделенген.

Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен PhD докторанттарға, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.