М.О. Әуезов шығармашылығын мәдениеттер диалогы аясында зерттеу

Ұжымдық монография. – Алматы: Evo press, 2024. – 304 бет.

auezbook

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық монографияда М.О. Әуезовтің шығармашылығын мәдениеттер диалогы аясында зерттеу мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге М.О. Әуезовтің Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның әдеби дәстүрлерімен байланысы, шетелдердегі мұрағат материалдары бүгінгі әлемдік әдебиеттану ғылымының категориялары негізінде зерттелді.

Ұжымдық еңбек әдебиеттанушы ғалымдарға, студенттер мен магистрантар, докторанттарға және көпшілік қауымға арналған.