Алтын орда дәуірі және қазақ фольклоры
Ұжымдық монография. – Алматы: «Evo Press», 2022. – 345 бет.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының құрастыруымен жарыққа шыққан монографияда Кеңестік дәуірде жабық тақырыпқа айналған қазақ фольклорының Алтын Орда дәуіріндегі терең тарихи тамырлары тұңғыш рет кешенді түрде, жүйелі ғылыми зерттеу нысанына айналған. Жошы Ұлысы дәуірінде бір тудың астына бірігіп, әлемге әйгілі империя болған түркі халықтарының “Ұлығ Ұлысының” рухани әлемі де ерекше бай, кемел мәдениетке жеткен өзінше өркениет. Міне, осы дәуірдегі фольклорлық мұраның бай мазмұны мен жанрлық құрамы, әсіресе, сол уақытта жоғары көркемдік деңгейге көтерілген эпикалық жанрдың тегі, даму кезеңдері, типологиясы, тарихи шындық көріністері тереңдей қарастырылады. Аңыздар мен әпсаналар, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи, діни, ғашықтық дастандар, эпостық жырлар жаңаша сараланады.