Алаш қайраткерлері және ұлттық фольклор

Ұжымдық монография. – Алматы: «ИП Балауса баспасы», 2024. – 424 бет.

alash

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Фольклортану бөлімінің ғалымдарының зерттеуімен жарыққа шыққан ұжымдық еңбекте Алаш қайраткерлерінің қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеуді ана тілін сақтау мен ұлттық бірегейлік дәрежесіне жетудің маңызды құралы ретінде бағалаған ортақ ұстанымдары алғаш рет кешенді түрде жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар Алаш зиялыларының әрбір ұлт фольклорының жалпыадамзаттық құндылықтар аясында орны мен мәні жайындағы алғашқы еркін, азат ғылыми ой-пікірлерінің бүгінгі жаһандану үрдісіндегі қазақ руханияты үшін маңызы айқындалады.