Абай мұрасындағы ұлттық және жалпыадамзаттық: уақыт пен кеңістіктегі рухани транзит
Ұжымдық монография. – Алматы: «Evo Press», 2024. – 304 бет.

Ұжымдық монографияда Абай мұрасындағы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мәселесі ақынның рухани дүниетанымының эволюциялық ерекшеліктеріне сай пайымдалды. Сонымен бірге Абайдың ақындық мектебі, ақын аудармалары мен әдеби-мәдени мұрасының зерттелу деңгейі «Абай дәуірі» ұғымына сай қарастырылды.
Монографиялық еңбек ЖОО-ның әдебиет, тарих т.с.с. аралас гуманитарлық салалардың мамандарына, абайтанушылар мен жалпы әдебиет сүйер қауымға арналған.