1958 жылдың сентябрь айында Қытай Халық республикасының астанасы Пекин қаласында геологтардың Бүкілқытайлық бірінші конференциясы болды. Бұл Қытай халқының отаршылдық пен капитализм бұғауынан босанғаннан кейінгі Қытай геологтарының тұңғыш конференциясы еді. Қонференция бұл уақыттың ішіндегі болған тамаша табыстардың қортындысын шығарды. Маған осы конференцияға қатысып, баяндамашылардың бірі болуыма тура келді. Совет делегаттарын таңқалдырған бір нәрсе қытайлық жолдастардың еңбек сүйгіштігі мен тамаша ынталылығы болды. Қонференция он күн бойы таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеді және бұл аралықта қонференция залы халыққа үнемі лық толып отырды.
Қытай Коммунистік партиясының даналық бас шылығымен социалистік құрылыста бүкіл қытай халқымен біте қайнаса еңбек етіп жатқан жас геологтардың жер асты байлықтарын ашудағы еңбек қарқыны да бізді үлкен қуанышқа бөледі.
Халықтық Қытайдың әсіресе геология саласындағы табысы өте қуанарлықтай. Мұны ең алдымен геолог кадрлардың өсуінен көруге болады. Егер, ескі гоминдандық Қытайда қытай геологтары бірен-саран ғана болса, қазіргі Халықтық Қытайда көптеген жас геологтар тобы бар және олардың қатары күн санап арта түсуде, Пекин кен-барлау институты тәрізді жаңадан құрылған жоғарғы оқу орындары жан-жақты дайындығы бар көптеген геолог мамандар дайындау ісінде ірі орталыққа айналып отыр. Ондаған геологтар мен геофизиктер, геохимиктер СССР жоғарғы оқу орындарында дайындалған және қазірде дайындалып отыр.
Қытай геологтары дүние жүзіне әйгілі атақты ғалым, Қытайдың геология министрі және Қытай Халық республика академиясының вице-президенті академик Ли Сы-гуанның басшылығымен жұмыс істеуде.
Қытайды комплексті геологиялық картаға түсіру жұмыстары өте шапшаң қарқында жүргізіліп жатыр. Қытайдың қайта жөнделген үш миллион геологиялық картасы баспадан шықты. Халықаралық кестеде түсірілген геология картасының бірнеше миллион беттері қазірдің өзінде баспаға дайын.
Пайдалы қазбаларды барлау және іздеу жұмысындағы жетістіктер де көңіл толарлық. Қытай коммунистік партиясының «Геология— барлық халық пен партия ісі» деген ұранын барынша кең көлемде таратудың арқасында пайдалы қазбаларды іздеу жұмысына барлық провинция мен уездерден, болыстардан, сондай-ақ, қалалар мен селолардан ұйымдасқан түрде жүздеген миллион адам тартылды. Солардың көмегі мен Қытай республикасының территориясы түгел тек серіліп шықты. Осының нәтижесінде аз ғана-ақ уақытта пайдалы қазбалардың барлық түрінен дерлік 40000 нан астам пайдалы қазба орындары мен кен белгілері ашылды. Қытайда бұрыннан белгілі көмір, вольфрам, сүрме және сынаптан да басқа темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, молибден, аллюминий, фосфорит, мұнай, сирек, бытыранды элементтер және құрылыс материалдары, тағы басқа да толып жатқан кен қорының бар екені анықталды.
Мұндағы қызғылықты және үйренуге тұрарлықтай бір жағдай – осы жаңадан ашылған ондаған мың кен орындарын пайдалану жұмысы, партияның экономика мен мәдениетті дамытуда «зор қадымдар» жасау қажет деген ұранын орындау жолында, «барлық күш-қуатты аямай әрі көп, әрі тез, әрі үнемді жолмен әрі жақсы өндіру» принциптері негізінде істелуде.
Қытай Халық республикасы Ғылымдар академиясының геология институты Қытайдағы геология ғылымының орталығы болып саналады. Қытай Ғылым академиясы Геология институтының филиалдары Лань-Чжоуда (Гань-су провинциясы), Гиринде (Чан-чун провинциясы) Сианиде (Шань-си провинциясы), Хань- Чжоу (Чже-цзян провинциясы), Цин-хае мен Үрім- шіде (Син-цзянь) орналасқан.
Пекиндегі Геология ғылымдары институтында минералогия, пайдалы қазбалар, тұнба жыныстар, геологиялық құрылымдар, стратиграфия, гидрогеология мен инженерлік геология, ширек шөгінділер, аналитикалық химия лабораториялары жұмыс істейді.
Институттың 1958 жылғы жұмыс жоспары мынадай болған:
1) Қытайдың 1: 4.000.000 масштабты тектоникалық картасын жасау;
2) Кейбір структуралы аудандар бойынша стратиграфиялық колонкалар жасау;
3) Цинхай, Хинган, Уссури және т. б. аудандарды региональды геологиялық картаға түсіру жұмыстарын жүргізу;
4) Хром, никель, марганец, фосфор, алюминий кен орындарының пайда болу заңдылықтарын зерт теу;
5) Ганьсу провинциясына қарасты аймақтағы мұнай геология проблемасы;
6) Сирек металды кен орындарының пайда болу заңдылықтарын зерттеу;
7) Юн-нань провинциясындағы полиметалл кен орындарының пайда болу заңдылықтарын зерттеу;
8) Ян-цзы өзеніне үш жерден көпір және Тао-хе өзеніне тоған, сужима каналдарының салынуымен байланысты бұл жерлерде гидрогеологиялық және инженерлік геология жұмыстарын жүргізу;
9) Орман проблемасы.
Өндірістік құрылыстарға, ауыл шаруашылығы мен және шөл даланы суландыру мәселесіне байланысты Цин-хай, Гань-су провинцияларының және ішкі Монголияның өндіргіш күшін анықтау мақсатымен СССР Ғылым академиясы экспедициясымен бірлесе отырып, комплекстік зерттеу жұмыстарын жүргізу ең жақын мерзімдегі мақсат болып отыр.
Геология ғылымдары институтында, және инсттуттан тыс жұмыстарды қоса есептегенде, мыңнан астам адам істейді. Мұның ішіндегі 400 инженер мен техниктердің қақ жартысы жоғарғы білімді геологтар. Институтта 20 адам аспирантурада оқиды. Жалпы Қытайдағы тәрізді, институт қызметкерлеріне ғылми дәреже немесе атақ беру тәртібі қолданылмайды. Ондағы қызмет түрлері мынадай жүйеге салаланады: 300 юан (1800 сом шамасы) айлығы бар аға лаборант, 200 юан айлығы бар кіші лаборант және 100 юан айлығымен практиканттар істейді. Лаборатория меңгерушісі — аға лаборанттар, айына 300 юан жалақы алады.
Институтта 1958 жылы 20 дала экспедициясы ұйымдастырылған. Геология ғылымдары институтының 1958 жылғы бюджеті 2 млн. юанға жетті, оның 600—700 мың юаны экспедиция жұмыстарына, ал 800 мың юаны түрлі жабдықтар сатып алуға жұмсалған.
Қытайдың геолог кадрлары Пекин, Нанкин және Терістік-батыс (Сиани қаласындағы) университеттерінің геологиялық факультеттерінде даярланады. Соңғы жылдар ішінде 3 геология-барлау институты құрылды. Оның ең ірісі — Пекин геология-барлау институты.
Қытай Ғылым академиясының Геологиялық институты мен Қытай геология министрлігінің жұмыстарын Мемлекеттік Советтің жанындағы ғылми жоспарлау Комитеті ұштастырып отырады. Геологиялық ғылымдар институты өзінің ғылми еңбектерін Қытай Халық республикасы Ғылым академиясының ғылми әдебиеттер баспасы арқылы жарыққа шығарады.
Жоғарыда көрсетілгендей, 1958 жылдың май айында Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті «Геология — барлық халық пен партия ісі» деген ұран тастады. Осыған сәйкес Қытайдың барлық провинциялары мен уездерінде пайдалы қазбалар іздеу мақсатымен бүкіл халықтық қозғалыс басталды. Бұл қозғалысты жергілікті партия және халық Комитеттері басқарды. Іздеу жұмыстарының міндеті мен әдісі жайында хабар беріп отырудың қысқа мерзімді жүй есі белгіленді. Содан кейін жүздеген миллион адам ұйымдасқан түрде пайдалы қазбалар іздестіру жұмысымен дала кезуге шықты. Қытайдың барлық территориясы бірнеше шаршыға бөлініп, олардың әрқайсысын халық іздеушілері бірін қалдырмай «ақтарып» шықты. Осының нәтижесінде 1958 жылдың бірнеше айының ішінде-ақ пайдалы қазбалардың толып жат қан түрлері бар 40 мыңнан астам кен орны табылды. Темір рудасы, тас көмір, мұнайдан басқа мыс, қорғасын, алтын, хром, фосфорит, никель, сирек металдар және осы сияқты көптеген кен рудалары ашылды.
Осыншама кен орындарының ашылуымен қатар, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мен Қытай үкіметі барлау жұмыстарының әбден аяқталуын күтпей-ак «жаңадан табылған кен орындарында тез арада жұмыс жасай басталсын» деген ұран тастады. Бұдан кейін барлық жерде тұрғылықты елдің өз күшімен жаңадан ашылған кен орындарынан руда өндіру ісі қолға алынды. Осы жұмыстардың негізінде Қытайдың әрбір елді пункттерінде шойын қорытатын шағын домна пештері және болат қорытатын кішірек келген тигельді «қалта» пештері салына бастады. Қорыту жұмысы халықтық әдіспен кокссыз, жай қоңыр болмаса тас көмірмен жүргізіледі. Әрбір домна пештері тәулігіне 200 килограмнан 1 тоннаға дейін шойын қорытады. Қорыту жұмысын мұғалімдер мен оқушылар коллективі, ауыл шаруашылық коммуналарының мүшелері, қызметкерлер, дүкеншілер, қысқасы – тұрғылықты елдің барлығы жүргізеді. 1958 жылдың күзіне Қытайда осы тәріздес домна пештерінің саны 800-900 мыңға жетті. Осылардың нәтижесінде 1958 жылы Қытай Халық республикасында жалпы алғанда 11,7 миллион тоннадан астам болат, 16 миллион тоннадан астам шойын қорытылды. 1959 жылғы жоспар бойынша бұл бастама одан әрі дамытылмақ. Сөйтіп, Қытай Халық республикасы шойын және болат қорыту жөнінен Англияны бұрынғы мөлшерленген 12 жыл ішінде емес, айналасы екі-ақ жылда басып озбақ. Жоғарыда аталған майда өндіріс түрлерінен басқа, соңғы жылдардың өзінде Қытай Халық республикасында Аньшан, Ухан металлургия заводтары тәрізді жоғары сапалы техникалық жабдықтары бар, дүние жүзінде ең ірі болып саналатын металлургиялық комбинаттары іске қосылып жұмыс істей бастады. 1958 жылдың сентябрь айында Ухан комбинатында тәулігіне 2500 тонна шойын қорытатын дүние жүзіндегі ең ірі домна пеші пайдалануға берілді. Бұл пеш небәрі 7 айда салынып бітті. Қытайдың басқа да индустриялы өзектерін салудағы сияқты, совет халқы бұл ірі металлургия орталықтарын салуда да орасан көмек көрсетті.
Әсіресе темір рудасы, көмір, фосфорит, вольфрам, молибден, сүрме, сынап және басқа пайдалы қазбалардың көптеген түрінің, сондай-ақ маңызды сирек металдар мен бытыраңқы металдардың бірсыпыра түрінің қоры жөнінен Қытай Халық республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алып отыр. Пайдалану жағынан фольфрам, сүрме, темір, көмір және фосфорит қорлары тиімдірек болып шықты. Фосфориттер үш түрлі комплекске сабақтасқан: 1) докембрия шөгіндісіне (Терістік Қытайда), 2) төменгі кембрияға (синий шөгінділерінен жоғары), 3) перми шөгіндісіне (Оңтүстік Қытай). Қоры жағынан кембри фосфориті өте жоғары бағаланады.
Жер қойнауына ұлы жорық жасалған тұста және кішігірім өндіріс күшімен шойын мен болат қорытуды жан-жақты дамыту кезінде Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ұйғаруымен қалалар мен провинцияларға химиялық өндіріс саласындағы жоғарғы оқу орындары мен техникумдардан 10 мың нан астам профессорлар мен оқытушылар және геология-барлау жоғарғы оқу орындары мен техникумдарынан да 10 мыңнан астам профессорлар мен оқытушылар және оқушылар жіберілді. Осындай алысқа бір топ профессорлар мен студенттердің жүрер алдында Пекин университетінде Чжоу Энь-лай мен Пекин қалалық партия Комитетінің бірінші секретары Пын-жен жолдастар сөз сөйледі. «Сіздердің өмірлеріңіз — деді өзінің сөзінде премьер Чжоу Энь-лай,— бақытты өмір, сіздер Мао Цзэ-дунның ұлы заманында өмір сүріп жатырсыздар. Сіздерге ерекше қызыға қараймын: біз сіздерден 30—40 жыл бұрын туып, буржуазиялық білім болмысының әсеріне душар болдық. Сондықтан аға буын коммунистер, біздер өзімізді идеологиялық тұрғыда қайта тәрбиелеп шығуға тиіспіз. Сіздер социалистік білім нұсқаларын саналарыңызға жастайыңыздан-ақ еге бастайсыздар. Бірақ буржуазия идеологиясының шарпуы сіздерге де тимей қоймайды. Сондықтан алдарыңызда тұрған сын сағаты та, еңбекте сіздер де идеологиялық тұрғыда өздеріңізді қайта тәрбиелеп шығуға көңіл бөледі деп сенемін».
«Болат пен шойын өндіру майданына аттанып бара жатқан сіздердің алдарыңызда,— деді Пын-чжен,— екі түрлі міндет тұр: бірінші міндет— болат пен шойын өндіруші армия қатарына өту, нақтылы көмек көрсету. Бұл — кендерді барлау, пайдалану және байыту жұмыстарымен, химиялық тексеру және т. б. жұмыстармен байланысты; екінші міндет — теория мен практиканы ұштастыра білу, өндіріс ерекшеліктерін меңгеру және өз бойларыңызға жұмысшы табының идеологиясын шыңдай беру».
Партияның тапсыруымен алысқа аттанушылардың бірі, Пекин геология-барлау институтының студенті Ван Чжао-дзи өзінің сөйлеген сөзінде былай деді: «Пекин геология-барлау институтының төрт мыңнан астам профессорлары мен студенттері 1958 жылдың июль-август айларында жер қойнауына жасалған халықтық жорыққа қатысып, 15 миллиард тоннадан аса қоры бар темір руда кенін ашты. Бұл ашылған темір рудасының қоры Англия темір рудаларының қорынан 7 есе көп. Олар бұдан басқа 4 миллиард тоннадан аса қоры бар көмір кенін ашты және геология саласы бойынша практикалық жұмысқа жергілікті адамдардың арасынан 40 мың жұмысшы мен геологиялық-барлау жұмыстары жөнінен білімі бар 170 мың адам дайындап шығарды». Ван-Чжао-дзи партияның шақыруы мен кетіп бара жатқан біздер партия қойған міндетті асыра орындап шыққанға дейін Пекинге қайтып оралмаймыз деп сендірді.
Қазіргі күнде Қытай жұртшылығына тән бүкілхалықтық ықласты осы фактінің өзінен-ақ айқын көруге болады. Қытай еңбекшілері рухтанып отырған бұл ықлас Қытай халқының өміріне кеңінен тарап, етек ала түсуде. 1958 жылы Қытайда 330 су қоймасы мен ірі каналдардың салынуы 30 миллиард кубометр суды тоқтатып, оны 10 миллион гектар тың жерді суланды руға мүмкіндік берді. 1959 жылдың жоспары бойынша 7 мыңнан астам су қоймалары мен каналдар салу жұмысы жүргізілмек. Бұл тағы да 17 миллион гектар жерді суландыру және бұған қосымша 2,3 миллион киловаттан астам гидроэнергетика қуатын алу мүмкіндігін туғызады.
Харбинде 1200 ш. метр көлемді 3 этажды үй, цементсіз, ағашсыз және кірпішті де пайдаланбағанның өзінде, небәрі 7 күннің ішінде салынып бітті. Бұл үй силикат кірпішінен, силикат бетондарынан жасалған дайын блоктардан салынды. Силикат блоктарының күйдірген кірпішке қарағанда 3-4 есе берік екендігі анықталды. Осы тәріздес құрылыс қарқынын Қытай Халық республикасының көптеген провинциясынан көруге болады. Мұндай жедел қарқынды құрылыс ондап-жүздеп кездеседі. Қытайда жеке объектілер салу жұмысын бірнеше жылға созуды ақылға қонбайтын іс ретінде санайды.
Қытай «зор қадымдар» жасау мақсатын жүзеге асырудың нәтижесінде 1958 жылы 23 миллиард пұт астық жинады. Сөйтіп астық жинау жөнінде дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қытайдың көптеген ауылшаруашылық коммуналары 1958 жылы күріштің гектарынан 300-400 центнерге дейін, ал кейбір жерлерде тіпті гектарынан 650 центнер өнім жинаған.
Бүл — тек дене еңбегінің ғана нәтижесі емес, сонымен қатар нағыз терең ғылми негізді агрономияны пайдаланудың нәтижесі (бактериялы тыңайтқыштар өндіру жөнінде көптеген халық коммунарларының өзінде колхоз лабораториялары бар). Барлық дүние жүзіндегі суарылмады жердің 57 процент қазір Қытайда.
Биологиялық ғылымдар, әсіресе медицина ғылымы және оның Қытай халқының игілігіне қызмет атқару ісі шұғыл өрлеу үстінде. Ерекше айқын жетістіктер дәстүрлі Қытай медициналарының даму саласында кездеседі, оны пайдалану энцефалит тәрізді ми ауруларын емдеп жазуды 96-97 процентке жеткізді, ал гипертония, қан азаю, силикоз т.б. қауіпті аурулар мен күресуге айтарлықтай мүмкіндік жасап отыр. Шанхай дәрігерлері ине терапиясын қолдану нәтижесінде 300 адам саңырау-мылқауды емдеп, оларды еститін әрі сөйлейтін қабілетіне жеткізді. Дәстүрлі қытай медицинасын қолдану негізінде, осы күнгі европа медицинасында «адам болмайды, өледі» деп есептелетін, дененің сыртқы 85 проценті күйген қауіпті аурулар да емделіп жазылады.
Қытайда халықтың сауатсыздығы іс жүзінде толық жойылып келеді. Бұған соңғы жылдардағы «Жүрегіңді партияға, біліміңді халыққа бер!» — деген ұранның арқасында, әрбір сауатты қытай азаматы хат танымайтын адамдарды топ-тобымен оқыту нәтижесінде ғана жетті. Кәзіргі уақытта Қытай елі жақын арадағы 15 жылдың ішінде жалпы халыққа жоғарғы білім беру ісін жүзеге асырумен шұғылдануда. Қытайдың жоғарғы оқу орындарының үш түрлі бағыты байқалады: 1) барлық оқу мерзімінде оқитын жоғарғы оқу орындар, 2) студенттер оқу мерзімінің жартысында оқып, ал қалған жартысында өндірісте жұмыс істейтін жоғарғы оқу орындар және 3) студенттер негізінен өндірісте жұмыс істеп, жұмыстан бос уақытында оқитын жоғарғы оқу орындар. Үшінші бағыттағы жоғарғы оқу орындары ауыл шаруашылық аудандарда, негізінен халық коммунарлары жанынан құрылмақ болып жоспарлануда. Қытайдың әрбір жоғарғы оқу орындарында жақсы жабдықталған оқу — өндіріс цехтар мен шеберханалар бар, олардың өнімі жоспар ланады және елдің материалды-техникалық балансында есептеледі. Геологиялық, геофизикалық приборлар, бақылау-өлшеу аппаратуралары мен көптеген басқа бұйымдарды жоғарғы оқу орындарының шеберханалары жасап шығарады.
Қытайдың ғылми орталығы — Қытай Халық республикасының жас Ғылым академиясы, оның президенті — көрнекті ғалым, Қытай тарихшысы, әрі тамаша ақын, академик Го Мо-жо.
Қытай Халық республикасындағы Ғылым академиясының 1958 жылдың басында жиырмадан астам ғылыми-зерттеу институттары болды. «Зор қадым» саясатына байланысты Қытай Ғылым академиясы институттарының саны күшті қарқынмен өсіп 1958 жылдың сентябрінде олардың саны жүзге жетті. Бұл жаңа институттар, ең алдымен, Қытайдың шет өңірлеріндегі жеке провинцияларынан ашылды, бұл жерлерден Қытай халық республикасы Ғылым академиясының өнімді филиалдары құрылып жатыр. 1958 жылдан бастап Қытай Ғылым академиясының жанынан ғылыми кадрлар дайындайтын университет құрылды. Ғылым академиясы жанындағы бұл университетке түсу үшін деп түсіндірді,— Қытай Ғылым академиясының президенті Го Мо-жо жолдас, — абитуриенттің орта мектепті бітіргендігі туралы дипломымен бірге ғылыми жұмысқа икемділігі жөнінде қоғамдық ұйымдардың берген жағымды мінездемесі болуы міндетті. Университеттің бірінші курсына деп белгіленген алғашқы жоспардағы 500-дің орнына 1000-нан аса студент қабылданды.
Қытай Ғылым академиясында «академик» және «мүше-корреспондент» деген ғылыми атақ жоқ, сондай-ақ барлық Қытайдағыдай доктор және ғылым канди даты деген ғылыми дәреже де жоқ.
Қытай ғылым академиясының бірнеше жүз адамнан құралған президиумы бар, оның ішінде 18 адам геолог. Президиумның барлық мүшелері Ғылым академиясында жұмыс істемейді. Президиумның мүшелері Академияның бөлімдеріне бөлшектенген.
Академияның бөлімдері төмендегі түрде аталады:
Геологиялық ғылымдар бөлімі.
Биологиялық ғылымдар бөлімі.
Техникалық ғылымдар бөлімі.
Қоғамдық ғылымдар бөлімі.
Математика және физика бөлімі.
Химия бөлімі.
1958 жылы, сентябрьде Қытай Ғылым академиясының ядролық физика институтының атом реакторы I салтанатты жағдайда пайдалануға берілді.
Геологиялық ғылымдар бөлімін басқаратын Ен-Цан-чун жолдас Пекиннің Геология-барлау институтының директорлық қызметін де қоса атқарады.
Ауыл шаруашылығы Қытай ауыл шаруашылық ғылым академиясы атынан жеке ғылым болып ұсынылады.
I Қытайдағы ғылым майданының барлық дамуы мемлекеттік масштабта жоспарланады және Мемлекеттік Советі жанындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау жөніндегі арнаулы комиссия арқылы ұштастырылып отырады.
I Ғылыми қызметкерлердің 1958 жылы шақырылған Бүкіл қытайлық бірінші конференцияда ғылыми зерттеулерді жоспарлау жөніндегі комиссияның бастығы Қытай Халық республикасының Мемлекеттік Советі председателінің орынбасары, Коммунистік партияның Орталық Комитетінің мүшесі, маршал Не Жунь-чжен баяндама жасады. «Екінші бес жылдықтағы біздің мақсатымыз, — деді ол өзінің баяндамасында,— мүмкін болғанша, ғылым мен техниканың асқар шыңын тез араның ішінде меңгеру, өнеркәсіпті дамыту үшін ғылым мен техника саласындағы дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін қуып жету, біздің еліміз дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы елдердің бірі болу үшін өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығы мен медицинадағы бай тәжірибені біздің елімізге тән үлгімен қорытындылау және дамыту болып табылады. Міне сондықтан да Қытайдағы ғылым мен техниканы шын мәнінде негізінен өзгерту үшін, ғылым мен техниканы дамытудағы он екі жылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау үшін және 1962 жылы Қытайдағы ғылым мен техниканы дүние жүзінде алдыңғы дәрежеге жеткізу үшін үш жылдың ішінде күш сала күресуіміз керек.
Біздің еліміздегі ғылым мен техниканың даму жолы,— деді маршал Не Жунь-чжен сөзін әрі қарай жалғастырып,— буржуазиялық елдердегі ғылыми жұмыстардың жолына негізінен қарама-қарсы. Біздің жолымыз ғылыми жұмыстардағы партия тарапының басшылығын өмірге енгізуді мұқият талап етеді.
«Маршалдың орнына саясат қою», ғылми жұмыстар да коммунистік рухты дамыту, ғылыми зерттеулердегі буржуазиялық дәстүрді қатаң сынау, барлық жағынан ғылымды буржуазия әсерінен тазарту болып та былады.
Мұндай жол мына бағыттарда жұмыс жүргізуді керек етеді:
1) Ойды «тұмылдырықтан» босату және соқыр сенімді жою, 2) іске социалистік құрылыстың міндеті тұрғысынан қарау, 3) әржақты жоспарлауды жүзеге асыру және 4) «көпшілік бағытын» жете тереңдете түсу.
Бірінші бағыт өжет арман, батыл пікір айту мен батыл әрекетті мадақтайтын, «Жүз пікір талассын да, жүз түрлі гүл шешек атсын!» — деген ұранға сәйкес, ойды соқыр сенімнен босату жөніндегі Мао Цзэ-дунның нұсқауынан келіп шығады. Мұның социалистік революция мен социалистік құрылыс ісінде орасан зор маңызы бар.
Біздің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы жетістіктеріміз бен табыстарымыз шет елдердін қуатты күшіне табынуды және ғасырлар бойы қор санауды жүрегіне ұялатқан біздің халықтағы, соның ішінде, империализм, феодализм және бюрократтық капитализмнің аяусыз қаналуына ұшыраған интеллигенциямыздағы соқыр сенімді талқандаудың нақтылы шындық фактісі болып табылады.
Екінші бағыт: ғылым мен техника өндіріс пен социалистік құрылыстың тілектеріне байланысты дамиды деген позициямыздағы материалдық прогрестің міндеттерінен келіп шығады. Ғылым мен өндірістің байланысы дегеніміз — теория мен практиканың байланысы.
Ғылми-техникалық жұмыстарды әржақты жоспарлауды,— деді Не Жунь-чжень,— буржуазияшыл ғалымдар олардың «еркін творчествосына» кедергі жасайды деп есептейді. Мұндай көзқарасты біз қате деп санаймыз. Социалистік қоғамда ғылыми-техникалық зерттеулер міндетті түрде жоспарланып жүргізілуі керек.
«Әржақты жоспарлау және басшылықты күшейту» туралы Мао Цзэ-дунның 1956 жылғы нұсқауына сәйкес біздің елімізде 1956-1967 жылдардағы ғылым мен техниканы дамытудың перспективтік жоспары жасалды. 1957 жыл мен 1958 жылы біз тағы да ғылыми жұмыстардың жылдық жоспарын айқындай түстік. Бұл жоспарлар кейбір кемшіліктеріне қарамастан, алған жоба мен бағыттың дұрыс екендігін тәжірибе көрсетіп отыр, бұл жоспарлар негізінен социалистік құрылыстың талабына сайма-сай. Бұл жоспарлар елімізде ғылым мен техниканы шұғыл дамытуға айтарлықтай жәрдемін тигізді. Жоспардың және соның ішінде ғылым мен техниканы дамыту жоспарының икемді болуы табиғи нәрсе. Бірақ «икемділік» деген ұранға сүйеніп, жоспарды жоққа шығаруға болмайды.
Төртінші бағыт: «көпшілік бағыты»,— деді Не Жунь-чжен сөзін одан әрі жалғастыра түсіп,— біздің партиямыздың барлық жұмыстарының нәтижесіне түйін негізгі метод болып табылады. Буржуазия тек «мамандардың бағытын» ғана қолдайды және ғылым таза академиялық іс, егер оны көпшіліктің қолына берсе, тәртіпсіздік болады, іс бүлінеді деп есептейді. Бірақ, тек халықтың, қарапайым адамдардың ғана жаңа заттар ойлап тапқанын көптеген фактілер көрсетіп отыр, олардың көбінің елеулі теориялық маңызы бар. Ескі ғалымдар ұрпағының пікіріне кей кезде қайшы келіп қалатын көптеген ғылыми ұйымдардағы жастардың ашқан жаңалықтары аз емес. Бұл жақсы жеміс берді және біздегі ғылымның дәрежесі төмендеген жоқ, қайта жоғарылай түсті. Біздің барлық тәжрибеміз мынаны көрсетеді: — деп сөзін жинақтады Не Жунь-чжен,— ғылым мен техниканы дамытуда бір уақыттың ішінде оның орталықта да, провинцияда да біркелкі даму принципін көздеу қажет, отанды және халықаралық ғылымдардың жетістіктерін тиімді түрде пайдалану, арнаулы ғылыми мекеменің қызметіне көпшілікті тарту, ғылми білімді тарату мен оның дәрежесінің артуына назар аудару және өндірістік ұйымдардың қызметін үйрену, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үйлестіру.
Осылардың бәрі және басқа да айқын фактілер қандайлық еңбекпен, творчестволық ынтамен, қандайлық жоғарғы патриотизммен алты жүз алпыс миллион Қытай халқының рухтанғандығын дәлелдей түседі. Бұл қытайлықтардың айтқанындай, Қытай Коммунистік партиясының дана, әрі қайраткер басшылығының арқасында ғана мүмкін болды. Ертеде европалықтар бізді басы бір бірікпейтін борпылдақ құмға теңеді, ол кезде бұл теңеудің белгілі мөлшерде шындығы бар еді, өйткені сол уақытта да, қытайлықтар көп болғанымен, үгілмелі құрғақ құм сияқты ешқайсысы бір-бірімен байланыс жасай алмады. Біздің территориямыздың кез келген бөлігін бір уыс борпас құмдай көп қиналмай-ақ бөліп алып, лақтырып жіберуге болатын еді. Қазір,— дейді қытайлықтар,— біз бөлінбейтін тұтас гранитке айналдық, оның мызғымас берік цементі Қытайдың ұлы Коммунистік партиясы.
Қытайдың Коммунистік партиясы халық арасында тәрбиелік жұмысты талмай жүргізіп келеді және әлі де жүргізе бермек. Ол «жұмыс стилін тәртіптеу жөнінде» төмендегідей негізгі кезеңдер мен ұрандарға сәйкес қажымай жүйелі күрес жүргізіп келеді.
1. Кең түрде өз пікірі мен көзқарасын білдіру, бә секеге кең жол беру, «Жүз піікір талассын, жүз түрлі гүл шешек атсын!»
2. Оңшыл элементтермен күрес;
3. «Үш залалға» — бюрократизм, субьектизм және сектанттыққа қарсы, «залалды бес әруаққа» — чиновниктер аруағы, пассивтік, кербездік, тәкапарлық, жағымпаздыққа қарсы, және консерватизм мен ысырап шылдыққа қарсы күрес жүргізу.
4. Кең дискуссия, батыл тәртіптеу ісі мен қатені батыл түзете білу.
5. «Жүрегіңді — партияға, біліміңді,— халыққа бер!»
6. Халық шаруашылығының дамуына зор қарқын туғызу; «Күшіңді сарка шыңға салып, көп, тез, үнемді, жақсы шығаруға ұмтыл!»
«Геология — бүкіл партия мен халықтық іс!», «Соқыр сенімнен без, ескі дәстүрді жой, социализм құрылысының сәулелі айқын жолымен, батыл рухтанып ғылым шыңына шығуға күрес!»
Қазір 660 миллион адамға жетіп, халықтың жыл сайынғы өсімі 15 миллионнан артып отырған шын ұлы әрі еңбек сүйгіш қытай халқының сыннан өткен Қытай Коммунистік партиясының дана басшылығы арқасында бұдан былай да тамаша жаңа табыстарға жететіндігіне және құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сондай-ақ ғылым мен мәдениет салаларының барлық майданында да сөзсіз жаңа жеңістер болатындығында ешқандай күмән жоқ.
Халықтық Қытайдың ұлы жетістіктерінде Совет Одағының баға жетпес үлесі бар. Біздің Ұлы Отанымыздағы халықтардың мызғымас ұлы достығын қытайлықтар бәрінен де жоғары бағалайды.
Коммунизм құрылысы жолында 660 миллион ұлы Қытай халқының бұдан былай да жарқын табыстарға жетуіне тілектеспіз.