ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕКШІЛЕРІ – АЗИЯ МЕН АФРИКА ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АДАЛ ДОСЫ
Мақала «Социалистік Қазақстан» газетінде 1957 жылы 8 желтоқсанда шықты. Бұл мақала кейіннен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың әр жылдары жарық көрген жинақтарында басылып келеді. Атап айтқанда:
Сәтбаев Қ. Қазақстан – менің Отаным. – Алматы: Ғылым, 1999. – 464 б. + суретті қосымша 1 б.т. – 380-б.;
Сатпаев К. И. Собрание трудов. В 8-ми томах. Том 8. Публицистика. Материалы к биобиблиографии. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2001. – 440 с. – 49-б.;
Сәтбаев Қ. Таңдамалы. 1 томдық. – 2-ші бас. – Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. 1-Т.: Қазақстан – менің Отаным. – 384 б. – 309-б.
ҒЫЛЫМ ӨРІНЕ
Мақала « Қазақ әдебиеті» газетінде 1957 жылы 1 қаңтарда жарық көрді. Бұл мақала кейіннен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың әр жылдары жарық көрген жинақтарында басылып келеді. Атап айтқанда:
Сәтбаев Қ. Қазақстан – менің Отаным. – Алматы: Ғылым, 1999. – 464 б. + суретті қосымша 1 б.т. – 260-261 бб.;
Сәтбаев Қ. Таңдамалы. 1 томдық. – 2-ші бас. – Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. 1-Т.: Қазақстан – менің Отаным. – 384 б. – 210-211 бб.
АЛТЫАЯҚОВ БАЙМАНҒА ХАТ
Мақала алғаш рет «Социалистік Қазақстан» газетінің 1957 жылғы 11 шілдедегі №258 (5564) санының 5-бетінде жарияланған.
Сол жылдан бастап Қаныш Сәтбаев шығармаларының әр жылдарда жарық көрген жинақтарында басылып келеді:
Сәтбаев Қ. Таңдамалы. 5 томдық. – Шымкент: Оңтүстік полиграфия, 2007. 1-Т.: Қазақстан – менің Отаным. – 384 б. – 382 бб.
Сәтбаев Қ. Қазақстан – менің Отаным. – Алматы: Ғылым, 1999. – 464 б. + суретті қосымша 1 б.т. – 456-457 бб.
Мақаланың түпнұсқасы мен одан кейінгі жарыққа шыққан нұсқаларының арасында текстологиялық мәселелердің бар екендігі анықталды. Мысалы:
«Байман ұста Алтыаяқ ұлына. Құрметті Байеке! — деп басталған хат сөзі, – сіздің Аманкелді батырдың өзі және сарбаздары ұстаған қаруларының түпнұсқасын жаңадан жасап жібергеніңізге Қазақ ССР Ғылым академиясы зор алғыс айтады» – үзіндісіндегі «сөзі, – сіздің» арасындағы сызықша дефиске алмастырылған.
БІР ТОП СОВЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ЖӘНЕ ОНЫ СЫНАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕСІ
Мақала алғаш рет «Социалистік Қазақстан» газетінің 1957 жылғы 14 тамызындағы №189 (10391) санының 4-бетінде «Бір топ совет ғалымдарының ядролық қаруға және оны сынауға тыйым салу туралы мәселе жөніндегі мәлімдемесі» деп жарияланған.
Қ. Сәтбаев бұл мәлімдеме-мақаланы А. Несмеянов, Н. Семенов, И. Бардин, А. Топчиев, П. Капица, Д. Скобельцын, К. Островитянов, Д. Щербаков, А. Благонравов, В Виноградов, А. Виноградов. М. Лаврентьев. В. Введенский, А. Шубников, А. Арбузов, И. Артоболевский, Е. Павловский, А. Палладии, А. Курганов, В. Кириллин, М. Келдыш, И. Сисакян, Н. Мусхелишвили, А. Берг, В. Котельников. В. Сифоров. Ю. Кобзарев, А. Опарин, , А. Бакулев, П. Лобанов, И. Эйхфельд, Н. Шатский, А. Ефимов, С Миронов, С. Вольфкович, С. Обнорский, К. Власов, И. Николаев, П. Кочина, Н. Боголюбов, X. Абдуллаев, Б. Александров, Ф. Константинов, С. Христианович, М. Агошков, В. Амбарцумян, А. Терпигорев, А. Скочипский, Г. Кржижановский, М Алиев, И. Ахунбаев, Я. Пейве, Ю. Матулис, Г. Чарыев, П. Ребнидер, А. Бетехтин, Л Седов, И. Тюрин, Н. Бехтин, И. Герасимов, А Щукин. С. Медведев. И. Кнунянц, В. Шулейкин, К. Ненадкевич, А. Микулин, Н. Рыкалин, М. Дубинин, В. Кондратьев, В. Сукачев, С. Струмилин, Н. Цицин, Н. Доллежаль, С. Соболев, Н. Бруевич, С. Бернштейн, А. Самарин, А. Тихонов, Л. Иванов, Б. Казанский, Б. Стечкин, Е. Варга, М. Стырикович, И. Черняев, Т. Хачатуров, М. Кеплюшников, Е. Бертельс, С. Бархударов, Г. Александров, И. Векуа, В. Купревич, В, Соколовский, Н. Цытович, И Казарновский, О. Левицкий, К. Лавровский, С. Умаров, М. Митин, М. Иовчук, С. Лебедев, А. Горинов, А. Алиханян, Н. Нуждин, Е. Блинова. И Кибель, С. Архангельский. Н. Пиксанов, В. Кузнецов, М. Павлов, Е. Коровин. А. Предводителев, Л. Сретенский, А. Михайлов, Б. Кренцель, А. Баландин, А.Полканов, А. Сегаль, Л. Понтрягин, А. Имшенецкий, И. Брук, X. Коштоянц, А. Максимов, В. Рыжков, Н. Дружинин, Л. Шевяков, И. Трахтенберг, И. Минц, И Шмальгаузен. Л. Штерн, Е Косминский, А. Григорьев, А. Ларионов, Л. Люстерник, А. Минц, И. Джигит, Д. Зернов, А. Крылов, И. Майский, В. Белоусов, М. Каммари, В. Орехович, С. Саркисов. А. Вишневский, В. Парин, А. Мясников, А. Несметов, В. Тимаков, П. Давыдовский, А. Летавет, В. Черниговский, В. Виноградов, С, Мардашев, Ф. Кротков, Н. Коновалов, А. Браунштейн, С. Северин, К. Скрябин. И. Синягин, Н. Соколов, Н.Щербиновсвий, С. Демидов, И Варунцян, В. Болтинский, П. Константинов, И. Шаров, Е. Лискун, Н. Ростовцев, М. Мельников, А. Попов, Б. Рубаненко, В. Насонов, А. Власов, Г. Кузнецов, В Овсянкин, К. Карташов, А. Мордвинов, К. Алабян, В. Кучеренко, В. Светличный. В. Сапрыкин, В. Мыслим, И. Ловейко, Градов, Н. Былинкин, Б. Мезенцев, Г. Симонов, П. Спышнов, П. Красильник, С. Башинский, Г. Людвиг, В. Бургман, Н. Четверухин, С. Сказкин, Б. Орлов, А. Калашников, В. Швацкая сынды қайраткерлермен біріге жазған.
Мақалада кездесетін терминдер:
Радиация (иондаушы сәулелену) – электромагниттік толқындар немесе субатомдық бөлшектер түріндегі энергияның тасымалдануы. Табиғи радиация көздеріне топырақта, суда, ауада және адам ағзасында болатын әртүрлі радиоактивті заттар жатады.
Ядро – бір нәрсенің ішкі, орталық бөлігі.
Атом ядросы – оң электр заряды бар атомның бөлігі; онда оның барлық дерлік массасы шоғырланған.