ЖАҢАЛЫҚТАР

«Абай мектебі және ұлт зиялылары»

28/05/2025

Бүгін «Ғылым ордасы» РМК және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолдауымен «Абай мектебі және ұлт зиялылары» атты танымдық іс-шара өтті.

Танымдық іс-шара аясында Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен оның шығыстық дүниетаныммен үндестігі жан-жақты талданып, қазақ зиялыларының рухани мұрасы мен ұлттық ғылымға қосқан үлесі сөз болды, сондай-ақ шығыстанушы ғалым, профессор Ислам Жеменейдің ғылыми еңбектері мен Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-ғылыми байланысты нығайту жолындағы қызметі кеңінен таныстырылды. Сонымен бірге ғалымның «Абай және Шығыс» кітабының және парсы тілінде шыққан ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді.

Шараның салтанатты бөлімінде:

  • Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің директоры Хоссейн Ағазаде;
  • «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Ұлар Оразғалиұлы Мұқажанов;
  • Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов;
  • Филология ғылымдарының докторы, профессор Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали;
  • «Академик, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі» жеке қорының құрылтайшысы Ербол Әбсаттарұлы;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Жамбыл атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алмасбек Анықбекұлы Мәуленов құттықтау сөз сөйлеп, танымдық шара жұмысына сәттілік тіледі.

Шараның негізгі бөлімінде:

  • «Абай және Шығыс сабақтастығының тілдік көріністері (И.Жеменей еңбектері негізінде)» – филология ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Жамал Айтқалиқызы Манкеева;
  • «Парсы тілді дереккөздердің Қазақстан тарихын зерттеудегі және абайтанудағы мән-маңызы» – Нұр Мүбарак университетінің Халықаралық ғылыми-зерттеу және инновация орталығының директоры, профессор Шамшәдин Тұрсынұлы Керім;
  • «Абай және педагогика» – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев;
  • «Абай шығармашылығы мен Шығыс поэзиясының рухани сабақтастығы» – Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр;
  • «Абай және шығыстық дүниетаным» – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, PhD Нұрхалық Абдырақын;
  • «Қос мәдениет тоғсында: қазақ әдебиетін Иранға танытушы тұлға» – Қазақстан ирантанушылары қауымдастығының төрағасы Болатбек Шәденұлы Батырхан;
  • «Рухани тамырдан нәр алған Науаи мен Абай шығармашылығындағы үндестік» – ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Алтынбек аталған тақырыптар аясында баяндама жасады. Сондай-ақ шараға қатысушылар Ислам Жеменейдің ғылымға, қазақ-иран мәдени және ғылыми байланыстарын нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Ғалымның шығыстану саласындағы көпжылдық зерттеулері мен аударма еңбектері екі ел арасындағы рухани көпірдің дамуына жол ашқаны сөз болды. Қорытынды бөлімде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев сөз алып, Абай мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан зерттеу бойынша өз пікірімен бөлісті.

Шара соңында профессор Ислам Жеменей барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ғылым мен руханият тоғысындағы мұндай бастамалардың маңызына жан-жақты тоқталды.