Абай шығармалары қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы және үзінділері
Аталуы: Абай өлеңдерінің қолжазбасы.
Көшіруші (хаттат): Белгісіз. Қорға 2001 жылы 10 желтоқсанда ақын, жазушы Жақыпов Аманжан (1935–2006) тарапынан өткізілгені жазылған.
Көшірілген жылы: 1943 ж.
Басқы сөзі (4-б.):
![]()
Соңғы сөз (200-б.):
![]()
Қағазы: Сары түсті түптелген дәптер.
Әріп-сиясы: Төте жазумен, көк сиямен көшірілген.
Беттелуі: Әр парақтың ортасына рим санымен нөмірленген.
Мәтіннің орналасуы: Алғашқы 7 бет, негізінен, дәстүрлі бір бәйіт үлгісінде көшірілген (4–11-бб.). Бір бетте 17 қатардан, яғни 34 жолдан түскен. Ал қысқа буынды өлеңдер бір қатарға үш жолдан, кейде бес-алты жолдан жазылған. Өлеңдердің арасы реттік нөмірі бойынша сол жақ бетіне рим санымен таңбаланған. Өлеңдердің қай жылы жазылғандығы араб санымен көрсетілген «
») .
Аннотациясы. Мұқабасында «Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербург жинағының қолжазбасы. Абай өлеңдері қолжазба түрінде Қытай, Шығыс Түркістан қазақтары арасында осы қолжазба түрінде тарап сақталған. Лермонтов пен Крыловтың мысал өлеңдері бар» деп жазылған. Сондай-ақ, сол жерде «Жазылған мерзімі мен жері» деген тұста «Санк-Петербург, 1909 жыл» деп көрсетілген. Қолжазбаның соңғы бетінде мәтін көшірілген қаламнан басқа түстегі сиямен «
» деп, қолжазбаның 1943 жылы жазылғандығы айтылған. Бұдан бұл нұсқаның 1909 жылы Санкт-Петербургта басылған литографиядан 1943 жылы көшірілгенін аңғаруға болады.
Санкт-Петербург нұсқасы қадімше жазылғандығы белгілі. Кәтіп 1909 жылғы литографияны жәдид үлгісімен қайта көшіріп шыққан.
![]()
Алайда, көшіруші төте жазудың емлесіне салуға тырысқанымен де, ол жазудың орфографиялық ерекшеліктерін толық сақтай бермеген.

Қолжазбада кейбір өлеңдердің астына қай жылы жазылғандығы және сол уақытта Абайдың неше жаста екені ашып көрсетілген (Мысалы: «
»(11-б.); «
» (33-б.); «
»
(36-б.). Ал кейбір өлеңдерінің жазылған жылы мен ақынның сол кездегі жасы орысша берілген (Мысалы: «1897 года, 58 лет»). Ендігі бір жерде қадім жазуының қасына орысша аудармасын да жазған («
года 55 лет») (36-б.).
Қолжазбаның алғашқы екі беті жоқ (2–3-бб.). 4-ші беттен басталатын Абай өлеңдерінің «Қыран шықса қияға жібереді» деп, «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?» деген өлеңінің үшінші жолынан басталған.
Қолжазбаның 4–87-бб. аралығында ақын өлеңдері, ал 88–93-бб. «Масғұт әңгімесі» мен «Ескендір әңгімесі» поэмалары берілген.
Қолжазбадан екі түрлі жазу мәнерін аңғаруға болады. Бірінші қолтаңбада әрбір әріп тік әрі нақты таңбаланса, екіншісі – солдан оңға қарай қисайта жазылған, яғни жүгіртпе жазуға келеді.
Сондай-ақ, бір жерінде қанық көк сиямен жазылса, тағы бір жерінде ашық түсті көк сия пайдаланылған. Қанық көк сия әріптері тік әрі нақты әріптер де, ал ашық түсті сия жүгіртпе жазуда қолданылған.
Жазылу мәнерінің екі түрлі болуы – не кәтіптің екі түрлі күйде көшіргенін немесе қолжазбаның екі адамға тиесілі екенін аңғартса керек.
Қалпына келтірілуі: Қолжазба жақсы сақталғандықтан да, айтарлықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.
Ақауы: Қолжазба жақсы сақталған. Жүгіртпе жазумен жазылған жерлерін оқу қиын.
Көлемі: Қолжазбаның жалпы көлемі – 98 бет, электрондық нұсқасында – 89 бет.
Аталуы: Әдебиет жинағы. Бұл жинақта Абай, Шәді, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім тағы басқа ақындардың өлеңдері бар.
Көшіруші (хаттат): Белгісіз.
Көшірілген жылы: Белгісіз.
Басқы сөзі (2-б.):
![]()
Қағазы: Сары түсті түптелген дәптер. Дәптердің көлденең және тігінен қызыл сиямен тік сызылған.
Әріп-сиясы: Қадім жазу үлгісінде қара сиямен көшірілген.
Беттелуі: Араб санымен әр парақтың оң жақ бұрышына қара қарындашпен, ал әр беттің оң және сол жағына қара сиямен нөмірленген.
Мәтіннің орналасуы: Ақын өлеңдері дәстүрлі бәйіт үлгісінде жазылған. Бір бетте 18 бәйіт, яғни 36 жол берілген. Бір қатарға үш жолдан түскен қысқа буынды өлеңдердегі жолдар әртүрлі көшірілген. Өлеңдердің арасы араб санымен ажыратылған. Өлеңдер мазмұнына байланысты бірнеше бөліктерге бөлінген (Мысалы: «
»).
Кейбір өлеңдердің соңына жазылған жылы көрсетілген. Қолжазбаны көшірудегі бағзы бір талаптар орындалған. Кейбір жерлерде көшіріліп отырған беттің соңына келесі беттегі алғашқы сөз көрсетілген.
Аннотациясы: Қолжазбаның екінші бетінде қадім үлгісімен «
» яғни «Ыбрай Құнанбай оғлұның ақынлықмен айтқан, назым қылыб, ғибрат алмаққа айтқан бәйітлері» деп жазылған.
Осы бетте ақынның «Қартайсаң, қайғы ойлайсың, ұйқы сергек» («
») деген өлең жолдары берілген.
Соңғы сөз (200-б.):
![]()
Қолжазбадағы Абай өлеңдерінің беру тәртібі мен құрылымы 1909 жылғы Санкт-Петербург нұсқасымен сәйкес келеді. Кәтіп тасбаспаны алып, қайта көшіріп шыққан деуге негіз бар. Алайда, кейбір өлең жолдарына түзетулер енгізгенін аңғаруға болады. Мысалы, ақынның «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңі «Қартайсаң, қайғы ойлайсың, ұйқы сергек» деп өзгертіліп берілген. Сондай-ақ, литографияның соңғы жағына берілген «11-інші бөлік. Жаз», «12-інші бөлік. Күз», «13-інші бөлік. Қыс» («
», «
», «
») деген бөлімдерін кәтіп «11-інші бөлік. Жаз туралы», «12-інші бөлік. Күз туралы», «13-інші бөлік. Қыс туралы» («
», «
», «
») деп толықтырып жазған.
Сондай-ақ, кәтіп қолжазбаны 1909 жылғы нұсқа бойынша көшіріп отырғанымен де, өзі тарапынан қосылған тұстарында қадімше жазу үлгісімен өңдегені аңғарылады (
)
Қалпына келтірілуі: Арнайы мұқабамен қапталған.
Ақауы: Қолжазба өте жақсы сақталған. Бояуы қанық, әріптері анық түскен.
Көлемі: электрондық нұсқасында 141 бет.