Шорманов Садуақас Мұсаұлы (1849–1927) ‒ қоғам қайраткері, ақын. Абай өлеңдерін, қазақ ақындарының шығармаларын жинап, кітап етіп бастыру үшін Санкт-Петербург қаласына алып барады. Бірақ сырқаттанып қалуына байланысты елге қайтып кетеді. 1897 жылы қазан айында баспаға даярлаған қолжазбада Абайдың бірнеше өлеңі бар. Бұл қолжазбаны Садуақас Шорманов 1897 жылы Петербургке барған сапарында Петербург университетінің профессоры П.И.Мелиоранскийге тапсырған. Қазір ол қолжазба Ленинградтағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада, академик А.Н.Самойловичтің архивінде сақталуда.