⚜️ Қаңтар айының 28-і М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, ғалым, профессор, жазушы Мұхиттин Шімшек арнайы қонаққа келді.
🏛️ Кездесу барысында Институттың бас директоры Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов екі ел арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыру, ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар кездесуде:
✅ Бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу;
🗞️ Ғылыми басылымдардың әлеуетін көтеру;
👨🏻🎓 Магистранттар мен докторанттардың шетелдік тәжірибеден өтуі және т.б. өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
📚 Кездесу соңында Кенжехан Ісләмжанұлы келген қонақтарға Институт ғалымдары дайындаған ғылыми-зерттеу еңбектерін сыйға тартты.




