Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен көрнекті фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абылқасымов Болатжан Шайзадаұлының 75 жылдығына арналған «Фольклор мен ақын-жыраулар поэзиясын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференция барысында төмендегі мәселелер кеңінен қамтылды:
- Болатжан Абылқасымовтың фольклортанулық еңбектері;
- Фольклортану мен фольклор мәтінтануы: ғылыми ізденістер, инновациялар;
- Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік, рухани-мәдени үдерістер және фольклор;
- Фольклор мен ақын-жыраулар поэзиясын зерттеудің әдістемелік негіздері.
Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы МАТЫЖАНОВ жүргізді.
Офлайн және онлайн форматта өткен конференцияның пленарлық отырысында:
«Болатжан Абылқасымовтың қазақ фольклортануындағы теориялық және әдістемелік ізденістері» – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы Түркітану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір ЫБЫРАЕВ;
«Б. Абылқасымовтың қазақ фольклор жанрларын зерттеудегі ұстанымдары» – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Анарбай БҰЛДЫБАЙ;
«Болотжан Абылкасымовдун илимий жетишкендиктери жана фольклор таануу илиминин маселелери» – Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының «Манас», фольклор, ақындар шығармашылыгы бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Мээрим Курманбековна КӨЛБАЕВА (Бішкек, Қырғызстан);
«Научные поиски и инновации Б.Ш. Абылкасымова» – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жамбыл ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарыныңкандидаты Кайрат ЖАНАБАЕВ;
«Благопожелания детского цикла: ритуал и текст (на примере традиций тувинцев России, Китая, Монголии)» – Ресей ғылым академиясының Антропология және этнография музейінің жетекші ғылыми қызметкері (Кунсткамера), филология ғылымдарының докторы Жанна Монгеевна ЮША (Санкт-Петербург, РФ);
«Научное наследие Б. Абылкасымова в контексте современной фольклористической науки» – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Викторовна АНАНЬЕВА;
«Бүгінгі фольклортану мәселелері және ғалым Б. Абылқасымов ұстанымдары» – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Гүлназ САҒЫНАДИН;
«Фольклортанудағы танымал тұлға» – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, филология ғылымдарының кандидаты Сайлаухан Қажыбекұлы ҚОЖАҒҰЛОВ баяндама жасап, ғалымның қазақ ғылымы мен руханияты қосқан үлесі тоқталды.
Секциялық отырысқа төмендегі тақырыптар бойынша мақалалар келіп түсті:
«Танымы терең тұлға» – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхаммадғали Ілиясұлы ӘБДУОВ;
«Б. Абылқасымов шығармашылығындағы қазақтың толғау сөздері» – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты, филология ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор Айнұр Арғынтайқызы КӨШЕКОВА, Акдениз университеті 1-курс докторанты Назерке НҰРМҰХАНБЕТОВА (Анталия, Түркия);
«Дала фольклорының білгірі» – Астана халықаралық университеті, филология ғылымдарының кандидаты Гаухар Қиянатқызы РАХЫМБАЕВА;
«О некоторых аспектах устного народного творчества лакайцев» – Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Насриддин Атакулович НАЗАРОВ (Шыршық, Өзбекстан);
«Б. Абылқасымов зерттеулеріндегі тарихи жыр мәселесі» – Қолжазба және текстология орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай РАҚЫШ;
«Орақ-Мамай» жыры және тарихи шындық» – фольклортану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейілбек СӘКЕН;
«Ертегінің жанрлық түрлеріне тән заңдылыктар» – Қолжазба және текстология орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Пәкизат ӘУЕСБАЕВА;
«Эпикалық жыршылық дәстүр мәселелері» – Қолжазба және текстология орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Азамат Үсенұлы АҚАН;
«Қазақ фольклорындағы наным-сенімдер ғұрпы» – фольклортану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дүйсенкүл ЖАҚАН;
«Комикстер ауыз әдебиеті жанрларын оқыту тетігі ретінде» – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сая Ағанасқызы ИТЕҒҰЛОВА;
«Жарапазан жанрының постфольклордағы коммуникациялық рөлі» – Қолжазба және текстология орталығының ғылыми қызметкері Алмас ОРАЛБЕК;
«Қазақ жаңылтпаштарының тәрбиелік мәні» – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Тұрсынбай ДӘУІТҰЛЫ;
«Қабдыкәрім Ыдырысов шығармашылығындағы архетиптер және олардың көрінісі» – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Филология факультеті 2-курс магистранты Арайлым ЕРГЕШ.
Халықаралық конференцияға шетелдік және отандық фольклортанушы, әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, этнологтар, философтар және мәдениеттанушылар қатысты. Сонымен бірге Болатжан Шайзадаұлының жары Абылқасымова Үмітжамал Айкенқызы, балалары мен шәкірттері арнайы қатысты. Шара соңында сөз алған Үмітжамал Айкенқызы барлық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.














