Бүгін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық құрылтайдың IV отырысы алаңында айтқан негізгі тезистерін қоғамға түсіндіру мақсатында «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының мәжіліс залында «БҮГІНГІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ ХАЛ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ҮДЕРІСІ» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараның басты мақсаты: Бүгінгі отандық театр картасындағы 46 театрды құрайтын облыстық театрлардың хал-жайына сараптама жасау, даму тенденцияларын айқындау, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық құрылтай отырысында айтқан бағыт-бағдарына назар аудару.
Дөңгелек үстел отырысында:
- Қазақ театрының 100 жылдығы қарсаңындағы ұлттық сахна өнерінің өзекті мәселелері;
- Аймақтық театрлардың қазіргі жай-күйі мен дамуын сараптау;
- Аймақтардағы мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау;
- Театр саласының болашағын дамыту үшін ұсыныстар мен шешімдер ұсыну және т.б. мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.
Атап айтқанда:
- «Қазақ театрына – 100 жыл: отандық сахна өнерінің өзекті мәселелері» – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, театртанушы Аманкелді МҰҚАН;
- «Бүгінгі Қазақстан театрларының репертуар мәселесі» – өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінің мүшесі, театртанушы Бақыт НҰРПЕЙІС;
- «Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыкалық драма театрының бүгінгі даму тенденциясы» – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты, театртанушы Зухра ИСЛАМБАЕВА;
- «Аймақтық театрлардың қазіргі жай-күйі мен дамуы» – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты, Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінің Президенті, театртанушы Анар ЕРКЕБАЙ;
- «Қазіргі театрдағы көркемдік ізденістер: актерлік өнер, режиссура, сценография мәселелері» – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты, Өнертану факультетінің деканы, театртанушы Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚ.
Дөңгелек үстел соңында жоғарыда аталған тақырып бойынша талқылау жүріп, келушілер ойларымен бөлісті. Шараға театртанушы, өнертанушы ғалымдар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранттары және Қазақстан Театр сыншылар бірлестігі мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.










