2025 жылдың 12 наурызында Алматы қаласы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясының, ҚР Материалдық емес заттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитетінің, Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының қатысуымен Қазақстанның Халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Викторович Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының 100 жылдығына арналған «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ: ЭТНОМУЗЫКА, ЭТНОФОР, ЭТНОГРАФ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумөтті. Симпозиумға еліміздің әр өңірінен және Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан белгілі фольклортанушы, өнертану ғалымдары арнайы келіп қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының құттықтау хаттары оқылды. Сонымен қатар симпозиумда Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысының орынбасары Бақберген Қойшыбаевтың, Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Дариуш Шевчыктың, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің табиғи мұра және мәдени қызмет дирекциясының Бас директоры Селим Терзидің, Қырғызстан Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, ҰҒА корр.-мүшесі, профессор Канатбек Ермекович Абдрахматовтың, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың құттықтау хаттары оқылды.

Халықаралық симпозиум пленарлық және бірнеше секциялық отырыстарға бөлініп, көптеген өзекті мәселелер кеңінен қамтылды. Атап айтқанда:
- А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы: тарих, теория және тәжірибе мәселелері;
- Әлемдік және отандық гуманитарлық ғылым аясындағы А.В.Затаевичтің мұрасы;
- Ұлттық мәдениеттегі этнофорлар (өнерпаздар) мен шығармашылық қауымдастықтар;
- Зерттеушінің ауызша және жазбаша музыка дәстүрлерін зерделеудегі рөлі;
- Дәстүрлі музыканың бүгінгі болмысы мен сабақтастық аспектілері;
- Қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер;
- Түркі халықтарының рухани әлемі;
- Тарих, этнография, филология және өнертану салаларындағы Мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау мәселелері.
Шараны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді.

Пленарлық отырыста төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:
«Ойындық фольклор: шынайылық пен жасандылық, уақыт пен кеңістік» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторыКенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов;
«ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау конвенциясы және Түркі әлемінің «Жанды адам қазынасы» бағдарламасы» – профессор, доктор, Эгей университетінің, Түркі әлемін зерттеу институты, Түркі фольклоры кафедрасының профессоры, филол.ғ.д. Метин Экиджи (Измир, Түркия);

«Түркі тілдерінің әліпбилерін біріздендіру бойынша кейбір ұсыныстар» – Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдениеттану және материалдық емес мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтының ЮНЕСКО-мен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Шухрат Хайруллаевич Абдуллаев (Ташкент, Өзбекстан);
«Қорқыт Ата кітабындағы» бақташы бейнесінің ритуалды-мифологиялық семантикасы» – Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Фольклор институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейфаддин Гюльверди оғлы Рзасой (Баку, Әзірбайжан);

«Эргаш Жұманбұлбұл оғлының «Қыз Жібек» поэмасы және оның халық жыршысының эпикалық репертуарындағы орны» – Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Өзбек тілі, әдебиеті және фольклоры институтының фольклор секторының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессорШомирза Ганиевич Турдимов (Ташкент, Өзбекстан);
«Александр Викторович Затаевич және қыргыз халық ауыз әдебиеті мен музыкасы» – Шыңғыс Айтматов атындағы Әдебиет институтының «Манас», фольклор және ақындық өнер бөлімі меңгерушісі,филология ғылымдарының докторы Мээрим Курманбековна Көлбаева (Бішкек, Қырғызстан);

«Башқұрт халық әні: кеңістік пен уақыттағы өмірі» – Ресей Ғылым Академиясының Уфа федералды зерттеу орталығының «Құрмет белгісі» орденді Тарих, тіл және әдебиет институтының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Зугура Ягануровна Рахматуллина (Уфа, Башқұртстан);
«Аяс Данзырының өмірі мен шығармашылығы туралы» – Тува Республикасы Мемлекеттік бюджеттік мекемесі «Хоомей» Халықаралық академиясы директорының орынбасары, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты Марьятта Маадыр-ооловна Бадыргы (Қызыл, Тува);

«А.В.Затаевичтің үшінші жинағы» – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Тұрсынғалиұлы Шүкіман баяндама жасап, жан-жақты ғылыми
Симпозиум барысында «ХХ-ХХІ ҒАСЫРЛАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН МАҢЫЗДЫЛЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ А.В.ЗАТАЕВИЧТІҢ МҰРАСЫ: ҒЫЛЫМ – МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ» кітабының және «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ: ЭТНОМУЗЫКА, ЭТНОФОР, ЭТНОГРАФ» атты симпозиумның материалдар жинағының тұсаукесері өтті.
Шараға белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы, өнертанушы ғалымдар, магистранттар мен докторанттар қатысты.




